Балаларға шұжықтың (колбаса) қай түрін беруге болмайды?

0
9 005

​Балаңызға «дүкеннен не алайын немесе не әкелейін?» деп сұрай қалсаңыз, алдымен «шоколад», сосын «шұжық» дейтін болар.


Балаларға шұжықтың (колбаса) қай түрін беруге болмайды?

Балалар шұжықты өте жақсы көреді. Олар үшін шоколад пен тәтті күлшелерден кейінгі орында дәмді шұжықтың тұрары сөзсіз. Оның адам ағзасына зиянды екенін білсе де, тіпті, ересектердің өзі бұл тағамнан бас тарта алмайды.

Дүкенде шұжықтың түр-түрі сатылады. Оның қайсысы табиғи өнімнен жасалған, ал, енді қайсысы жеуге жарамсыз екенін ешкім ажырата алмайды. Бірақ та дәрігерлер ең дұрысы пісірілген шұжықтар (вареный) екенін алға тартуда.


Жалпы, үй жағдайында өндірілмеген кез келген тағамға күмәнмен қарап, ойланып жейтініміз анық. Егер шұжық мемлекеттік стандартқа (МС) сай жасалса, құрамында ет көп болса, онда бұл өнімді балаларға ойланбай беруге болады екен. Әсіресе соңғы уақытта Ресейден өндірілетін «Докторская» деп аталатын пісірілген шұжықты атап өтуге болады. Бұл шұжықты соғысқа дейінгі жылдардың өзінде асқазан-ішек жолдары ауруларына шалдыққан науқастарға жеуге рұқсат етілген көрінеді.

Шала қақталған шұжық. Шұжықтың бұл түрі құнарлы болғанымен дәмі мен қоспалары өте жақсы деуге болады. Шала қақталған шұжықтан балаларға бутерброд жасап берсеңіз, тауысып жеп қояды.

Шала қақталған шұжықтар үнемі жоғары бағаланады. Себебі оның құрамында сиыр еті көбірек. Сонымен қатар, мұндай шұжықтарға жылқы майы мен еті де көптеп қосылады екен. Жылқы еті мүлде алалергия тудырмайды. Дәрігерлердің пікірінше шұжықта жылқы еті көп болған сайын, ол пайдалы әрі бағалы бола түседі дейді. Бұл ретте әрине қазақтың ұлттық тағамы - қазыны айтпай кету мүмкін емес. Мұны шетеллдіктер де әлдеқашан мойындап, қазының өте пайдалы тағам екеніне көздері жетіп отыр. Өздеріңіз білетіндей, қазыға ешбір жасанды қоспа қосылмай дайындалады. Мүмкіндігіңіз болып жатса, балаларға шұжықтың орнына қазы дайындап берген әлдеқайда пайдалы екенін естеріңізге саламыз.

Ресейден өндірілетін шұжықтарда жарамдылық мерзімі көрсетілмейді. Шұжықтардың қай уақытта шығарылғанын, дүкенде тұрғанына қанша болғанын білу қиын. Жалпы, шұжықтың жарамдылық мерзімі 28-40 күннен аспауы тиіс.

Шұжықты балаға қай жастан бастап беруге болады?

3-4 жасқа толған баланың тамақтану рационына сапалы, диеталық шұжықты қосуға болады. Сондай-ақ, құрамында май өте аз мөлшерде болғаны дұрыс.

Мәселен, таңғы асқа 1 дана шұжықшаны пісіріп берсеңіз жеткілікті. 2-3 күнде бір рет екі шұжықтан жесе, оның да зияны тимейді. Дегенмен, кішкентай балаларға бірден жылқы немесе сиыр етінен жасалған шұжықтарды емес, сүт пен қаймақ қосылған түрлерін алыңыз. Сонда бала денсаулығына еш алаңдамайсыз.

Балаларға арналған шұжық пен қарапайым шұжықтың қандай айырмашылығы бар?

Көбіне балаларға арналған шұжықтар стандартқа сай өндіріледі. Сапасы шын мәнінде жоғары болады. Еті көп, ал жасанды қоспалары аз дегендей.

Шұжықтың құрамына крахмал қосып дайындайтын өндірушілер де бар. Сонымен қатар, басқа да түрлі қоспаларды қосып, бірақ, құрамын толық көрсетпейтіндер аз емес.

Тіпті, баланың денсаулығына алаңдамайтын кейбір арсыздардың өндірген шұжықтарын бағалы түрінен айыра алмай қаласыз. Осындайдан абай болған жөн. Ең бастысы, шұжықты балаңыздың күнделікті тамақтану мәзіріне қоспасаңыз болғаны.


Шұжықты қалай таңдайсыз?

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)

Пісірілген шұжық – тартылған ет пен соя, тұз, крахмал, жұмыртқа, сүт және су қосып жасалады.

Пісіріліп ысталған шұжық – алдымен қайнатылып, сосын ысталады. Мұндай шұжықты туралған еттен жасайды.

Шұжықты сатып аларда оның сыртқы қабатына назар аударыңыз. Шұжық құрғақ әрі иілгіш болуы керек. Сонымен бірге пісірілген шұжықтың сыртқы қабығында қатпарлар, ешқандай қыртыстардың болмағаны дұрыс. Міне, шұжық таңдауда осындай тұстарына мән берсеңіз, еш қателеспейсіз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Пеште піскен манты


Той дастарханына арналған дәмді орамалар