​Пеште піскен манты

0
4 475

Мантыны тек манты қазанда пісіріп жүрсіз бе? Әлде пешке салып та дайындап көрдіңіз бе? Егер, бұрын-соңды мантыны дәл осылай әзірлеуге болатынын естімеген болсаңыз, ойланбастан жасап көріңіз!


​Пеште піскен манты

Қажетті өнімдер:

Фарш үшін:

  • 400 гр. ет
  • 2 дана пияз
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш салынады
  • 100 мл су
  • Қамырға:
  • 1 кг ұн
  • 500 мл су
  • 1 ас қасық өсімдік майы
  • 1,5 шай қасық тұз.

Дайындалу тәсілі:

Ең алдымен қамырды илеп алайық. Ол үшін ұнды електен өткізіп, тұзбен араластырамыз. Су мен өсімдік майын құйып, жақсылап қамыр илейміз. Сосын қамырды 1 сағаттай майлықпен орап қою қажет.

Етті кішірек көлемде турап, еттартқыштан өткізіп аламыз. Пиязды аршып, майдалап тураймыз да етпен араластырамыз.

Фаршқа енді дәмдеуіштер мен тұз, су қосамыз. Барлығын жақсылап араластырып, 5-10 минутқа бетін жауып қоямыз.

Содан соң қамырды жайып, 7х7 көлемінде төртбұрыштап кесеміз. Әрбір қамырдың арасына фарш салып, қайыққа ұқсас қалыпта түйеміз. Яғни, қамырдың екі жағын ғана суреттегідей етіп жапсырамыз.

Форманы майлап, қайықша-мантыларды орналастырып шығамыз. Бірақ бір-біріне қатты жақындатып қоймаған дұрыс.

Пешті 200 градусқа қыздырып, 15 минут пісіреміз. Сосын форманы пештен шығарып, қайнаған су құю керек. Қайнаған су мантының жарты белінен асатындай болсын. Артынша манты салынған форманы қайтадан пешке салып, 30-40 минут ұстаймыз. Осы уақыт аралығында мантымыз да дайын болады. Өте дәмді қайықша-мантыны сарымсақ тұздығымен ұсынсаңыз, тәбетті аша түсері сөзсіз. Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Той дастарханына арналған дәмді орамалар


Ең дәмді мәзір: Қияр мен сәбіз қосылған қыстық салат


Шай демдегенде жіберетін 5 қателік