​Бойыңызға ҚУАТ беретін 4 сусын

0
3 659

Күш-қуатыңызды арттырып, әлсіздікпен күресетін сусындарды қалай дайындайтынын білесіз бе?


​Бойыңызға ҚУАТ беретін 4 сусын

Бүгінгі жағдай бәрімізге белгілі. Қарияларымыз бен бүлдіршіндеріміздің саулығын сақтап, дертіне дауа болу үшін өзімізге қуат керек. Дұрыс тамақтану, жағымсыз әдеттен арылу, сақтық шараларын сақтау басты міндетіміз. Осы орайда бойыңызға қуат беретін сусындар мәзірін ұсынамыз. Уақыт тауып дайындап ішіңіз.


Киви мен жалбыз қосылған сусын




Қажетті өнімдер:

  • 1 дана киви
  • 2 тілік лимон
  • 7 тал жалбыз
  • 7 тал ақжелкен
  • 100 мл су
  • татымына қарай бал қажет.


Дайындалу тәсілі:

  1. Кивиді қабығынан тазартып, ірілеу етіп турайсыз. Жемісті блендерге салыңыз.
  2. Кивидің үстіне лимонды, көктер мен суды қосып, жақсылап араластырыңыз.
  3. Дайын болған сусынды сол сәтте ішу керек.
  4. Жеңіл коктейль сізге энергия сыйлап, бойыңызды қуаттандырады әрі артық салмақтан арылтады.


Айран мен зімбір сусыны




Қажетті өнімдер:

  • 250 мл айран
  • 1 шым-шым қызыл бұрыш
  • 0,5 шай қасық зімбір
  • 0,5 шай қасық даршын қажет.


Дайындалу тәсілі:

1. Барлық қоспаларды блендерге салып, жақсылап араластырыңыз.

2. Дайын сусынды ұйқыға жатар алдында ішсеңіз пайдасы мол болмақ.


Даршын мен бал қосылған сусын



Қажетті өнімдер:

  • 250 мл су
  • 1 шай қасық бал
  • 1 шай қасық алма сірке суы
  • 1 тал даршын қажет.


Дайындалу тәсілі:

  1. Суға бал мен сіркесуды қосып, жақсылап араластырыңыз.
  2. Оған даршынды араластырып ішсеңіз, күні бойы сергек жүресіз әрі артық майдан арыласыз.


Балдыркөк пен алма сусыны



Қажетті өнімдер:

  • 200 гр. балдыркөк
  • 2 дана алма
  • 0,5 дана лайм шырыны
  • 100 гр. су
  • 0,5 стақан мұз қажет.


Дайындалу тәсілі:

  1. Балдыркөкті текшелеп турап, блендерге саласыз. Оған ұсақтап туралған алманы, лайм шырынын араластырыңыз.
  2. Оған суды құйып, тағы да араластырыңыз. Дайын болған коктейльге мұз салып ішіңіз.

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Қыс мезгіліне дайынсыз ба: Қиярдан дайындалатын өте оңай "ЛЕЧО"


Иммунитетті көтеретін ҚАРБЫЗ ШЫРЫНЫН дайындап ішіңіз


Дәмді окрошка дайындаудың 5 мәзірі