Ең дәмді фри қалай жасалады?

0
17 460

Картоптан дайындалатын дәмді фри - таңсық тағам. Бүгін сіздерге ең дәмді фри рецептін ұсынып отырмыз. Жасап көріңіздер!


Ең дәмді фри қалай жасалады?

фото: i.artfile.me

фото: rostovmama.ru

Керектілер:

  • 1 келі картоп
  • 3 ас қасық соя соусы
  • 1 ас қасық лимон шырыны
  • 4 тіс сарымсақ
  • Хош иісті бұрыш
  • Қара бұрыш, тұз
  • 1 ас қасық күнжіт
  • Қуыру үшін өсімдік майы.

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен картопты аршып, тазалап жуасыз да, ұзыншалап турайсыз.
  2. Сосын кепкен картоптарды қыздырылған майға салып қуырып алу керек.
  3. Қуырылып жатқанда картопқа сарымсақты турап салып жібересіз.
  4. Соя соусын құйып, дәміне қарай тұз, басқа да дәмдеуіштерді салыңыз.
  5. Барлығын жақсылап араластырып, қақпағын жауып бұқтырасыз. Арасында бір-екі рет қозғап қою керек.
  6. Картоп піскенше күнжітті табаға салып, 2-3 минут қуырып алыңыз.
  7. Соңында пісіп шыққан картопты тәрелкеге саласыз да, дәміне қарай қара бұрыш себелеп, лимон шырынын тамызып, бетіне күнжітті саласыз. Сонда өте дәмді фри де дайын болады. Астарыңыз дәмді болсын!

Әзірлеген: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз: Алтынай Жорабаеваның ойынан шыққан шеф-аспаз (сұхбат)

Лечо салатын жасаудың өз әдісі бар

Өмір бойы салмақ қосуға жол бермейтін диета

Арықтау үшін шайды немен ішу керектігін білесіз бе?