Диетаның түрі өте көп. Бірақ нәтижелі болатыны аз. Ал, мына диета сіздің салмақ жоғалтуыңызға әрі сол салмақты өмір бойы сақтап қалуыңызға көмектеседі.
фото: itd1.mycdn.me
Ұйқыдан тұрған бойда екі стақан жылы су ішесіз. Егер асқазанда ешқандай кінәрат болмаса, жылы суға жарты лимонның шырынын сығып ішуге болады. Бұл өте пайдалы сусын болмақ.
Таңғы ас (8-9-дар шамасында)
Екі стақан су ішкеннен кейін 20 минут уақыт өтсін. Содан соң таңғы асты ішуге мүмкіндігіңіз бар. Бірақ та тамақтану кезінде су, шай ішпейсіз. Тек қана тамақтан 20 минут алдын және 2 сағаттан кейін ғана су немесе шай ішіңіз.
фото: i.ytimg.com
Суда дайындалған сұлы ботқасын, ұнтақталған грек жаңғағымен дайындап жеуге болады. (3 дана грек жаңғағы)
Тіскебасар уақыт (10-11 аралығы)
Алдын ала 2 стақан су ішіп аласыз. 20 минуттан соң алма, майсыз сүзбе немесе йогурт жеуге болады.
Тіскебасар уақыттан кейін де 2 сағат бойы ештеңе жемеген дұрыс.
Түскі ас (12-13 аралығы)
фото: rowfood.pro
Екі стақан су ішіп, 20 минут күтесіз. Сосын мына тағамдарды дайындап жейсіз:
- Дәнді-дақылдардан дайындалған паста, томат тұздығымен
- Соя соусы қосылған қарақұмық
- Қайнатылған тауық еті мен қоңыр күріш
- Көкөністерден дайындалған пісірмелер
Осы тағамдардың қайсысын ұнатсаңыз, сол түрін дайындайсыз. Тұз қопаған дұрыс. Тамақтанып болған соң лажы болса ештеңе ішпеуге тырысыңыз. Яғни, екі сағат бойы нәр татпайсыз.
Бесін ас (14-15 аралығы)
Бір-екі стақан су ішіп, 20 минут отырасыз.
Сосын алманы пісіріп, дайындау қажет. Ол үшін көк алмаларды ортасынан бөліп, дәндерінен тазартасыз. Бетіне даршын дәмдеуішін себелеп, алмаларды табаға саласыз да, азырақ су құясыз. 200 градусқа қыздырылған пеште алманы 15 минут ұстайсыз. Дайын болған алмалардың бетіне ұнтақталған грек жаңғағын шашып, бал құясыз. Осылайша пісірілген өте дәмді алманы жейсіз де, екі сағат бойы ештеңе татып алмайсыз.
Кешкі ас (17-18 аралығы)
фото: fan-female.ru
Алдымен әдеттегідей 1-2 стақан су ішіп аласыз.
Кешкі асқа ақуыздардан тұратын тағам әзірлеуге болады. Мысалы, сүзбе немесе жұмыртқаның ақ уызынан дайындалған омлет. Қарныңыз тым аш болса, қайнатылған тауық еті мен көкөністерді жесеңіз де артықтық етпейді.
Кешкі сағат 19:00-де спортпен айналысуға, жаттығулармен шұғылдануға болады. Жаттығып болған соң бір стақан кефир ішіңіз.
Жоғарыда келтірілген аталмыш диетаның құрамына көптеген диетаны кіргізілген. Өте нәтижелі әрі пайдалы. Бір күнде 5 рет тамақтану арқылы қарынның ашқанын мүлде сезбейсіз. Ең маңыздысы, ұйқыға жатарда көп тамақтанбаған дұрыс. Сонымен қатар, әрбір атмақтану арасын берілген уақыт бойынша қабылдаған жөн. Тағамдарды барынша қуырмай, тұзсыз жеген дұрыс.
Алма пісірмесін ұнатпайтындар болса, оның орнына кез келген жемісті жеуіне болады. Ең бастысы, жемістерді кешкі асқа дейін дайындап, сусыз жеу керек.
Міне, осы шарттарды сақтағанда ғана сіз арықтауға да, өз салмағыңызды қиялыңыздағыдай етуге де қол жеткізе аласыз. Іске сәт!
Дайындаған: Қ.Әти,
Тағы да оқыңыз: Арықтау үшін шайды немен ішу керектігін білесіз бе?