​Ет жоқ кезде дайындалатын өте дәмді МАНТЫ

0
3 989

Бұл тағамды өзбек халқы көп дайындайды екен.


​Ет жоқ кезде дайындалатын өте дәмді МАНТЫ

Мантыны тек етпен дайындайды деп жүрсеңіз, қателесесіз. Бұл тағамның дәмді болуына картоп та жетеді екен. Өзбек халқының мәзірімен өте дәмді ханым әзірлеп көріңіз.


Қажетті өнімдер:

  • Қамырға: 450 гр. ұн
  • 250 мл су
  • 1 шай қасық тұз
  • Салмасына: 1 кг картоп
  • 2 дана пияз

Дайындалу тәсілі:

  1. Алдымен мантыға қажетті қамырымызды илеп алайық. Ол үшін табаққа су құйып, тұз саламыз да, ұн қосып қамыр илейміз. Қамырдың июі қанғанша бетін пленкамен жауып, 20 минут қоя тұрамыз.
  2. Енді салмасын дайындауға кірісейік. Ол үшін картопты алдымен дөңгелек қалыпта турап алып, артынша жіңішке әрі ұзынша етіп тураймыз. Кейіннен туралған картопты салқын суға салып қою керек.
  3. Картоп дайын болғанша пиязды аршып, майдалап тураймыз.
  4. Картоп суда біраз тұрғаннан кейін суын төгіп, пиязбен араластырамыз. Тұз қосуды ұмытпаймыз.
  5. Енді қамырды жұқалап жайып, төрт бұрышты етіп кесеміз. Қамырды мантының қамырынан сәл ғана үлкендеу етіп кессеңіз болады.
  6. Арасына дайын салманы салып, екі бүктеп шет-шетін жабыстырып шығамыз да, манты қазанға саламыз. Сөйтіп отқа қойып, 30 минут пісіреміз.
  7. Манты піскенше қажетті тұздығымызды дайындап алайық. Табаға май құйып, майдалап туралған 1 немесе екі пиязды қуырамыз. Пияз қуырылған соң 150 гр. томат, 2 ас қасық қант, дәміне қарай тұз салып, 200 мл су құямыз. Жай отта 10 минуттай қайнатамыз.
  8. Піскен мантының 5-6 данасын асханалық пленка салынған табаққа салып, бетіне тұздықты жағамыз. Тағы бір қабат мантыны салып, тұздықты жағу керек. Осылай манты таусылғанша қабаттап тұздықты жағасыз. Пленкамен бетін жауып, сыртынан матамен орап қоямыз. 15 минуттан соң тұздық әбден сіңген тағамды дастарханға ұсына беруге болады.

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


"Наполеоннан" 2 есе дәмді ТОРТ