Мұндай тортты кез келген мереке қарсаңында немесе туған күн кештерінде дайындауға болады.
Тортқа ерекше ештеңе қосылмайды. Барлығы үйде бар заттар. Тортты жасау үшін көп уақыт кетпейді. Оңай әрі тез дайындалатын жұмсақ торттың мәзіріне тоқталайық.
Қажетті қоспалар:
- Қамырына: 3 ас қасық бал
- 1 шай қасық ас содасы
- 3 дана жұмыртқа
- 100 гр. қант
- 50 мл сары май
- 150 гр. ұн
- Крем үшін:
- 250 гр. сары май
- 300 гр. қойылтылған сүт
- Әсемдеуге:
- 3 ас қасық қайнатылып қоюланған сүт (вареная сгущенка)
- 50 мл ыстық сүт немесе кілегей
- Шербетін дайындау үшін:
- 50 гр. шоколад
- 20 гр. сары май қажет.
Дайындалу тәсілі:
- Ең алдымен бисквитті дайындап алу керек. Ол үшін табаққа бал мен ас содасын салып, жай отқа қойып қайнатамыз.
- Жұмыртқа мен қантты бөлек ыдысқа салып, миксерлейміз. Осы араласпаға ерітілген сары май мен балды қосып миксерлеу керек.
- Ұнды салып, жақсылап араластырамыз. Сонда қамырдың қоюлығы қаймақ сияқты болуы керек.
- Қамырды формаға құйып, 40-45 минут қызып тұрған пешке салып пісіреміз. Пешті 160 градусқа қойыңыз.
- іскен бисквитті суытып қоямыз. Содан соң үш бірдей бөлікке бөлеміз.
6. Кремін дайындау үшін ерітілген сары майды миксерлеп, қойылтылған сүтті құямыз да, біркелкі массаға айналғанша араластырамыз.
7. Енді тортты жинау ғана қалды. Бірінші коржды кольцоға салып, бетіне крем жағамыз. Осы крем жағылған корждың үстіне екіншісін, кейіннен үшінші коржды қойып, әрқайсысының арасына крем жағып, 4 сағатқа тоңазытқышқа саламыз.
8. Осы уақыт аралығында шербетті дайындап алсақ болады. Ыстық сүт пен қайнатылып қоюланған сүтті араластырып, торттың бетіне құямыз. Сондай-ақ, шоколад пен сары майды ерітіп құюға да болады.
Өте әдемі әрі дәмді тортымыз да дайын болды. Міндетті түрде жасап көріңіздер!
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Қызылордалық фуд-блогер «ХОЖЕЛІ манты» мәзірін ұсынады (видео)