Картоп салынған пісірме

0
2 689


Картоп салынған пісірме

Қажетті қоспалар:

  • 90 гр. ұн
  • Шым-шым тұз
  • 50 гр. сүт
  • 10 гр. сары май
  • 150 гр. картоп
  • 1 ас қасық майонез
  • 100-200 гр. ірімшік

Дайындалу иәсілі:

  1. Ең алдымен тағамның қамырын дайындап аламыз. Табаққа ұнды салып, оған тұз, жылы сүт пен ерітілген сары май қосып, жұмсақ қамыр илейміз.
  2. Қамырды пленкамен орап, 15 минутқа қалдырамыз.Осы уақыт аралығында салмасын да дайындап үлгереміз.
  3. Картоптың қабығын аршып, тазалап жуамыз да, су құйып қайнатамыз. Азырақ тұз қосуға болады.
  4. Піскен картопты езіп, 1 ас қасық майонезбен араластыру керек.
  5. Қамырды жайып, оның бетіне үккікштен өткізілген ірімшікті жайып салып, картоп езбесін де салып шығамыз. Картоптан соң тағы да ірімшік саламыз.
  6. Енді қамырдың жан-жағын жинап, ортасына жинап жабыстырып, арғы бетін аударамыз. Қамырды домалақтап жайып, құрғақ табаға салып пісіреміз. Жан-жағы қызара бастағанда сары май жағуды ұмытпаймыз.
  7. Екінші бетін аударамыз да, тағы да сары май жағып пісіреміз. Дайын пісірмені дастарханға қойып, ыстықтай жей беруге болады.


Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

Ernur.kz

Тағы да оқыңыз:


ЖЫЛДАМ әрі ДӘМДІ тағам

"Чикен" дайындаудың ең оңай тәсілдері