"​Чикен" дайындаудың ең оңай тәсілдері

0
4 774

Тауық етінен дайындалатын тағамдарды ұнатасыз ба? Ал, «чикенді» ше?



Жүгері ұлпасына аунатылған тауық аяқтары

Қажетті қоспалар:

  • 500 гр. тауық аяқтары
  • 100 гр. ұн
  • 2 дана жұмыртқа
  • 100 гр. қантсыз жүгері ұлпасы
  • Дәміне қарай тұз, майонез, дәмдеуіштер қослыады.

Дайындалу әдісі:

  1. Тауық аяқтарын тазалап жуып, терісін алып тастайсыз. Шұңғыл табаққа етті салып, майонез, тұз, бұрышпен араластырыңыз. Сосын асханалық пленкамен бетін жауып, 30-60 минутқа қалдырыңыз.
  2. Енді тауық аяқтарын аунатып алатын соусымыз бен ұнтағымызды дайындаймыз. Табаққа жұмыртқаны жарып салып, ұнды електен өткізіп, жүгеріні ұнтақтап, әрқайсысын бөлек-бөлек ыдыстарға салу керек. Енді тауық аяқтарын алдымен жұмыртқаға, артынша ұнға аунатып, қайтадан жұмыртқаға саласыз да, соңында жүгері ұлпасына аунатып аласыз. Осылай барлық тауық етін аунатып шығасыз.
  3. Жүгері ұлпасына тұз бен дәмдеуіштер қосуды ұмытпаңыз.
  4. Дайын тауық аяқтарын майға қуырып алсаңыз болғаны, тағам да дайын болады. Осылайша дайындалған етті пешке салып пісіріп алуға да мүмкіндігіңіз бар.


Сұлы жармасына аунатылған тауық аяқтары



Қажетті қоспалар:

  • 700 гр. тауық аяқтары
  • 2 дана жұмыртқа
  • 100 гр. ұн
  • 100 гр. сұлы ұлпасы
  • 2-3 тіс сарымсақ
  • 3-4 ас қасық майонез
  • 1-2 шай қасық паприка
  • Дәміне қарай тұз керек.

Дайындалу тәсілі:

  1. Алдымен маринадты дайындап аламыз. Ол үшін майонез, тұз, паприка, үккіштен өткізілген сарымсақты сараластырамыз. Осы араласпаға тауық аяқтарын салып, 1 сағат маринадтаймыз.
  2. Сұлы ұлпасын блендермен ұнтақтап, ұн, паприкамен араластыру керек. Екі жұмыртқаны бөлек ыдысқа жарып саламыз.
  3. Маринадталған тауық аяқтарын алдымен құрғақ араласпаға аунатып, сосын жұмыртқаға саласыз. Артынша қайтадан құрғақ ұнтаққа аунатамыз.
  4. Табаны майлап, тауық аяқтарын саламыз. Сөйтіп пешті 180 градусқа қойып қыздырып, табадағы тауық аяқтарын саламыз. 40 минутта тағаммымыз да дайын болады.

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Микротолқынды пеште аз уақытта пісетін тағамдар


Өте дәмді ШАУРМАНЫ үйде де дайындай аласыз