Күзгі пирогтар мәзірі

0
2 973


Күзгі пирогтар мәзірі

Күз-қыс айлары жылы үйде отырып, тәтті-жұмсақпен дастарханды жайнататын уақыт. Далада күн суық болғандықтан ыстық тағам мен ыстық шай денені жылытып, босаңсытатыны рас. Мұндайда отбасы мүшелеріне ұнайтындай етіп тәтті пирог пісірген дұрыс.


Асқабақ пен алма пирогы

Қажетті өнімдер:

  • 300 гр. асқабақ
  • 1 дана алма
  • 250 мл айран
  • 1 дана жұмыртқа
  • 100 гр. сары май
  • 250 гр. ұнтақ жармасы (манная крупа)
  • 60 гр. мейіз
  • 5 ас қасық қант
  • 1 ас қасық лимон шырыны
  • 5 ас қасық қант ұнтағы
  • Шым-шым тұз
  • 1 пакет ванилин
  • 10 гр. қамыр қопсытқыш


Дайындалу тәсілі:

  1. Алдымен асқабақтың қабығын аршып, үккіштен өткізіп аламыз. Алманың да қабығын аршып, үккіштен өткіземіз. Сөйтіп табаққа салып, айран, тұз, қант, ванилин мен жұмыртқа, қамыр қопсытқышты қосып, венчикпен араластырамыз. Қамыр біркелкі араласуы керек.
  2. Сары майды ерітіп, ұнтақ жармасымен бірге қамырға қосамыз. Осы араласпадан қамыр илеп, бетін пленкамен жауып, 10-15 минут тындырып қоямыз.
  3. Форманы майлап, қамырды жайып салып, 180 градусқа қыздырылған пеште пісіреміз.
  4. Пирог піскенше бетіне құятын шырынын дайындап алайық. Ол үшін қант ұнтағын табаққа салып, 1 ас қасық лимон шырынын қосамыз.
  5. Пирогты пештен алып, осы шырынды бетіне құямыз. Біраз суығанша күтіп, дастарханға тарту ете беруге болады.


Алма мен зімбір тамыры қосылған пирог


Қажетті өнімдер:

  • 150 гр. ұнтақ жармасы
  • 75 гр. қант
  • 2 дана тәтті алма
  • 25 гр. зімбір тамыры
  • 3 ас қасық бал
  • 75 гр. маргарин
  • 2 дана жұмыртқа
  • 2 шай қасық ұнтақталған зімбір
  • 1 шай қасық қамыр қопсытқыш


Дайындалу тәсілі:

  1. Алмалардың қабығын аршып, ортасынан бөліңіз де дәндерін тазалап тастаңыз.
  2. Форманы майлап, бетіне бал жағып шығасыз.
  3. Алманы турап, формаға салып шығамыз. Үккіштен өткізілген зімбірді салуды да ұмытпаңыз.
  4. Табаққа маргаринді үгітіп салып, қант, ұнтақ жармасы мен жұмыртқаны салып, қамыр қопсытқышты, ұнтақталған зімбір тамырын қосып жақсылап араластырасыз. Осы араласпаны алма салынған формаға құйып, бетін тегістейсіз.
  5. Пешті 180 градусқа дейін қыздырасыз. Сөйтіп форманы салып, беті қызарғанша пеште ұстайсыз. Піскен соң пирогты пештен алып, суытып қойыңыз.
  6. Хош иісті әрі өте дәмді пирог та дайын болды! Осындай әдемі пирогпен балаларыңызды, отбасы мүшелерін барынша қуантып, күз айының соңы мен қыстың басын жақсы көңіл-күймен өткізіңіздер. Егер отбасында осындай қуаныш жиі-жиі боп тұрса, берекесі кетпейтіні сөзсіз.


ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Асқабақ қосылған өте нәзік тәтті орама


Кәдіден дайындалған ИКРА