Кәді күзгі көкөністердің ішіндегі ең пайдалы әрі дәмдісі. Егер дәл осы көкөністен икра дайындайтын болсаңыз, қыста әрбір тағамды рахаттана жейтін боласыз. Кәді икрасын дайындау да қиын емес.
Қажетті қоспалар:
- 2,5 кг кәді
- 600 гр. сәбіз
- 400 гр. пияз
- 300 гр. томат тұздығы
- 200 мл өсімдік майы
- 1 ас қасық тұз
- 4 ас қасық қант
- 9%-дық 1 шай қасық сірке су.
Дайындалу тәсілі:
- Икраны дайындау үшін сізге блендер немесе асханалық комбайн машинасы керек болады. Егер осындай құралыңыз болса, икраны дайындау оңай.
- Алдымен кәдіні жұқалап турап, дәндерін алып тастаймыз. Туралған кәділерді өсімдік майына қуырамыз. Кәділер сарғайғанша қуыру керек.
- Пияздың қабығын аршып, оны да қуырамыз. Сәбізді де ұзыншалап турап, өсімдік майына қуырамыз.
- Содан соң қуырылған көкөністерді блендерге салып, біркелкі массаға айналғанша майдалаймыз. Томат тұздығын блендерге салып, барлығын тағы бір араластырамыз.
- Енді осы қоймалжыңға тұз, қант, сірке суын салып, жай отқа қоямыз. Қазанның қақпағын жауып қоюды ұмытпаңыз. Икраны үнемі қозғап отырып, 30 минут бұқтырамыз.
- Егер мұндай икраны көбірек жауып алғыңыз келсе, қоспаларды екі еселесеңіз болғаны.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Тұмауратқанда қайнатпа сорпа ішкен пайдалы
Кептірілген өрік пен жаңғақ салынған тәтті пирог