​Мандариннен жасалған ерекше әрі дәмді тосап

0
4 289

Мандариннен тосап қайнатып көрдіңіз бе? Дәмі тіл үйірер тосапты қайнататын кез де келді. Өзі арзан әрі қолжетімді мандарин жемісінен қыс мезгілінде тосап жегенге не жетсін?!


​Мандариннен жасалған ерекше әрі дәмді тосап

фото: naget.ru


Қажетті өнімдер:

  • 8 гр. даршын
  • 600 гр. қант
  • 600 гр. мандарин
  • 80 мл су.


Дайындалу тәсілі:

  1. Мандариндердің қабығын аршып, етіне жабысқан ақ түсті қабықшасын алып тастаймыз. Содан соң мандаринді бір-бірінен ажыратамыз.
  2. Үлкен табаққа мандариндерді, даршын мен қантты салып, су құямыз. Барлығын жақсылап араластырып, екі сағатқа қалдырған дұрыс.
  3. Осыдан соң мандарин араласпасын отқа қойып, орташа отта бір қайнатып алу керек. Артынша отты барынша жағып, 3 минуттан соң сөндіреміз. Мандаринді ары қарай қайнатудың қажеті жоқ.
  4. Қоюланған мандарин қайнатпасын банкаларға салып, қалған шырынды тағы да 5 минуттай қайнату керек. Осы қайнатпаны мандарин салынған банкаға құйсаңыз, тосап та дайын!
  5. Тосапты көп етіп қайнатқыңыз келсе, мандариннен бірнеше килограмм алып бірден дайындасаңыз да болады. Дәмді тосапты жасап көріңіздер!

Дайындаған: Құрманкүл Әти,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Вупи ПАЙ тортын 30 минутта дайындауға болады!


15 минутта дайын болатын шелпек