​Вупи ПАЙ тортын 30 минутта дайындауға болады!

0
26 074

Вупи пай - өте дәмді торттардың бірі. Оны дайындауға 1,5 сағатын сарп етіп жүрген ханшайымдарға бұл мәзір ұнауы тиіс. Өйткені бүгін біз Вупи пай тортын 30 минутта дайын етуді үйренеміз.


​Вупи ПАЙ тортын 30 минутта дайындауға болады!

фото: i1.photo.2gis.com


Қажетті өнімдер:

  • 3 дана жұмыртқа
  • 80 гр. какао
  • 420 гр. қант
  • 200 гр. сары май
  • 150 гр. сүт
  • 2 шай қасық қамыр қопсытқыш
  • 0,5 шай қасық ас содасы
  • 0,5 шай қасық тұз
  • 1 шай қасық сірке суы
  • 600 гр. қаймақ

фото: avatars.mds.yandex.net


Дайындалу тәсілі:

  1. Қаймақ қосылған вупи пай тортын өте қою етіп дайындау қажет. Сондықтан да қаймақты дәкеден жасалған қалтаға құйып, артық сары суын шығарып алу керек. Осы керекті заттардан 4 дана тәтті нан шығуы тиіс. Болмаса екеу пісіріп, ортасынан дөңгелектеп кесіп, төрт тәтті нан орнына пайдаланасыз.
  2. Ең алдымен құрғақ қоспаларды араластырып аламыз: ұн, ас содасы мен тұзды, 2 шай қасық қамыр қопсытқышты, 80 гр. какаоны араластырамыз.
  3. Бөлек табаққа 3 жұмыртқаны салып, араластырамыз да, қант қосамыз. Осы араласпаға 150 гр сүт пен 1 шай қасық сірке суын құю қажет. Сосын араластыруды тоқтатпаймыз.
  4. Осы сұйық араласпаға енді құрғақ араласпаны жайлап салып, араластырамыз.
  5. Дайын қамырды пергамент қағазы салынған формаға құйып, тәтті нандарды 180 градусқа қыздырылған пеште кезек-кезек пісіріп аламыз. Пісіп шыққан тәтті нандар суығанша кремін дайындау қажет.
  6. 600 гр. қаймаққа 200 гр. қантты салып, блендермен жақсылап араластырамыз. Содан соң дайын кремді кондитерлік қалташаға құйып, тәтті нанның арасына тамшының формасына келтіріп құйып шығамыз. Осылайша айналдыра тамшыларды құйып, ортасына кремді тұтастай жаға салуға болады. Енді тәтті нанның екіншісін кремнің үстіне қойып, оған да дәл осылай тамшылар жасайсыз. Ал, торттың беткі қабатын өз қалауыңызша әсемдесеңіз болады. Ал, жалқауланып тұрған болсаңыз, осы кремді беткі қабатына да тамшылатын құйып шығыңыз. Сонда өте дәмді әрі әдемі Вупи Пай торты да дайын!
  7. Тортты 2-3 сағат тоңазытқышқа салып қойған дұрыс. Сонда крем тәтті нандарға сіңіп, дәмі кіре түседі.

Дайындаған: Құрманкүл Әти,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


15 минутта дайын болатын шелпек


Бұл пицца басқасынан өзгерек: шұжықшамен дайындаудың ерекше тәсілі