ОҢАЙ әрі АРЗАН: Балмұздақты үйде жасаудың тәсілдері

0
4 350

Ең арзан балмұздақты қанша теңгеге сатып алуға болады? Қымбатын ше? Ойлап, қарасаңыз, екеуіне де әжептеуір қалтаңыз қағылары сөзсіз. Сондықтан да балмұздақты қолдан жасаған әлдеқайда тиімді әрі пайдалы болады.


ОҢАЙ әрі АРЗАН: Балмұздақты үйде жасаудың тәсілдері

Кілегейден жасалған балмұздақ

Мұндай балмұздақты үйге келген қонаққа өз қолыңызбен дайындап ұсынсаңыз, бір жағынан таңданып, екінші жағынан қуанып қалары сөзсіз. Сол себепті де қонақ келерден бір-екі күн бұрын дәмді балмұздақты жасап қоюға асығыңыз. Ендеше, балмұздақ мәзірін жазып алыңыз.

Қажетті өнімдер:

  • 500 мл. 30 пайыздық кілегей
  • 150 мл сүт
  • 150 гр. қант
  • 3 дана жұмыртқаның сары уызы
  • Дәміне қарай ванильді қант

Дайындалуы:

  1. Кілегейді алдын ала тоңазытқышқа салып мұздатып аламыз.
  2. Ал, жұмыртқаның сары уызын ағынан ажыратамыз. Сосын қантты салып, біркелкі болғанша араластырамыз.
  3. Жұмыртқа дайын болған уақытта тоңазытқыштан кілегейді алып, миксермен жақсылап араластырасыз. Бірақ тым қою болып кетпегені дұрыс. Содан соң кілегей мен жұмыртқаны араластыру керек. Осы уақытта ванильді қантты да қосып жіберуге болады. Енді барлығын қасықпен жайлап араластырасыз.
  4. Табаққа сүтті құйып, жұмыртқа араласпасын салыңыз да, жақсылап араластырыңыз.
  5. Сосын осы араласпаны кастрөлге құйып, отқа қоямыз. Бірақ қайнап кетуіне жол бермеңіз. Әйтпесе жұмыртқа пісіп кетуі мүмкін. Ең дұрысы 80 градусқа дейін қайнатасыз. Үнемі қозғап отыруды ұмытпау керек.
  6. Сонда араласпа біртіндеп қоюлана бастайды. Ысыту барысында жұмыртқаның бактериялары өліп, еш зияны тимейді. Сондықтан да ол жағынан қорқудың қажеті жоқ.
  7. Енді осы қайнатпаны суытамыз. Ол үшін үлкенірек кастрөлді алып, салқын су құйыңыз да оған жұмыртқа қайнатпасын ыдысымен салып қойыңыз. Бірнеше рет қозғап жіберуді де ұмытпаңыз.
  8. Дайын болған балмұздақты мұздатқышқа салып қатырамыз. Бірақ та біраз уақыт өткеннен кейін балмұздақты мұздатқыштан алып, миксермен 2-3 рет араластыруымыз керек. Сонда өте дәмді балмұздақ шығады.
  9. Мұздатқышта бір сағат тұрған соң балмұздақ та дайын болады.


Картоп крахмалынан дайындалатын балмұздақ

Суреттер ашық дереккөздерден алынды.

Қажетті өнімдер:

  • 0,5 л сүт
  • 4 дана жұмыртқаның сары уызы
  • 100 гр. қант
  • 50 гр. сары май
  • 0,5 шай қасық картоп крахмалы

Дайындалуы:

  1. Жұмыртқаның сыртын тазалап жуып, жарамыз да сары уызын ағынан ажыратып аламыз. Сөйтіп жұмыртқаны қантпен араластырамыз.
  2. Крахмалды қосамыз.
  3. Сүтті кастрөлге құйып, отқа қоямыз. Сүтті арасында қозғап отыру керек. Әйтпесе түбіне жабысып қалуы мүмкін. Сүт қайнаған соң, отты жай қойып, сары майды саласыз. Сары май сүтте толықтай ерісін.
  4. Сосын жаймен жұмыртқа араласпасын қосасыз. Бірақ араласпа қайнамауы тиіс. Сөйтіп суытып қоямыз. Дайын араласпаны балмұздаққа арналған ыдыстарға құйып, мұздатқышқа қоямыз. 30 минуттан соң балмұздақты мұздатқыштан алып, миксермен немесе венчикпен бір араластырып жіберіңіз. Әрбір 30 минут сайын дәл осылай араластырып отырыңыз. Сонда балмұздақ біркелкі әрі дәмді болып шығады.

Дайындаған: Қ.Әти,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


ҚАТТАМА нан ЖҰМСАҚ болу үшін ҚАМЫРЫН қалай ИЛЕУ керек?


Газды сусынды үйде де дайындауға болады