ҚАТТАМА нан ЖҰМСАҚ болу үшін ҚАМЫРЫН қалай ИЛЕУ керек?

0
35 025

Қаттама нанды ұнатасыз ба? Отбасы мүшелерін Ораза айт мерекесінде қуантқыңыз келсе, қаттама нанды жасап көріңіз.


ҚАТТАМА нан  ЖҰМСАҚ болу үшін ҚАМЫРЫН қалай ИЛЕУ керек?

Қазақ «ас атасы - нан» дейді. Әсіресе Ораза айт мерекесінде апаларымыз нанның түр-түрін пісіріп, дастарханды жайнатып тастайды. Қолдан пісірілген нанның қай-қайсысы болмасын өте дәмді әрі тәбет ашар иісі ерекше.

Осындай мереке қарсаңында аяулы қыз-келіншектерімізге ерекше әрі дәмді, сүтке иленген қаттама нанның құрамы мен жасалу жолдарын ұсынамыз.


Қажетті өнімдер

  • 1 стақан сүт
  • 1 шай қасық тұз
  • 1-2 шым-шым ас содасы
  • Өсімдік майы
  • Ұн қажет

Суреттер ашық дереккөздерден алынды.


Қамырын дайындау үшін

  1. Ең алдымен қамырымызды илеп аламыз. Ол үшін сүтке тұзды салып, отқа қойып, жылытамыз. Жылыған сүтке ас содасы мен ұнды салып, жұмсақ етіп қамыр илейміз. Қамыр жұмсақ болып иленсе, қаттама да жұмсақ болып піседі.
  2. Содан соң қамырды орап, 30 минуттай тоңазытқышқа салып қою керек. Осы уақыт өткеннен кейін қамырды алып, 5-6 бөлікке бөлеміз. Әрбір қамырды айналдыра отырып, үстінен басып домалақ пішінге келтіреміз.
  3. Домалақ қамырларды ұнға аунатып алып, жұқалап жаямыз.


Пісіру әдісі

  1. Дайындалған қамырды пісіріп алуымыз қажет. Табаға жарты ас қасық майды құйып, жағамыз да қамырды салып пісіреміз. Екінші бетін аударып, қамырдың екі жағын бірдей қызарта пісіріп аламыз. Сонда дәмді әрі жұмсақ қаттама да дайын болады.
  2. Қаттаманың дәмді болуы қамырдың арасына жаққан майға да байланысты. Қамырына іш майды ерітіп жағуға немесе кәдімгі сары майды ерітіп құюға да болады. Сонда қаттама өте дәмді шығады.
  3. Қатама қамырының бетіне пісірер уақытта жұмыртқа жағып жіберсе, сап-сары болып піседі.
  4. Ал, нанның күтірлек болғанын қаласаңыз, қамыр илерде 2-3 дана жұмыртқа қосыңыз.

Қаттама нанды сүт қоспай дайындауға да болады. Егер сүт болмай қалған жағдайда оның орнына қарапайым суды қосып, тұз салып қамыр илейсіз. Сосын жоғарыда айтылған тәсілмен дайындай бересіз.


Жылына бір рет келетін мұсылмандар мерекесі - Ораза айты құтты болсын!

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Сәресі асы - қандай тағамдарға рұқсат етілген?


Ауызашарға шөл қандыратын дәмді квасты үйде дайындай аласыз