​Оп-оңай жасалатын манты (видео)

0
5 027

Бұл мантыны дайындау оп-оңай болғаны сонша, ер-азаматтар да дайындай алады. Әсіресе, осындай мереке қарсаңында аналарыңызға, әпкелеріңізге, жан-жарыңызға сыйлық жасап әуре болмай-ақ, дәмді тағам жасап берсеңіз көңілдері бір көтеріліп қалады. Ендеше, манты мәзірін жазып алыңыз!


​Оп-оңай жасалатын манты (видео)

фото: pimg.mycdn.me


Қамырына қажеттілер:

  • ұн
  • тұз
  • су
  • жұмыртқа
  • қамырдың арасына жағуға өсімдік майы қажет болады.


Салмаға қажеттілер:

  • өсімдік майы
  • ет
  • 1 дана пияз
  • Асқабақ
  • 2 дана тәтті болгар бұрышы
  • 3-4 дана картоп
  • Томат тұздығы
  • Тұз керек.


Дайындалуы:

  1. Алдымен қазанды қыздырып, май құямыз. Содан соң майдалап туралған етті, пиязды саламыз. Біраз қуырылғаннан кейін асқабақты басқа да көкөністерді текшелеп турап саламыз.
  2. Соңында томат тұздығы мен тұзды салып, су құйып, 20-25 минут бұқтырамыз. Содан соң дайын қамырды бетіне салып, бірақ бұқтырып қою керек. 15 минутта тағам дайын болады.
  3. Қамырды илеу үшін табаққа жұмыртқаны, тұз, су, ұн барлығын салып, қамыр илейміз. Июі қанған соң қамырды жұқалап жайып, төртбұрышты етіп кесіп шығу керек.
  4. Енді осы дайын қамырдың арасына өсімдік майын жағып, бұқтырманың бетіне саламыз.
  5. Астарыңыз дәмді болсын!

Видео өрнекілік үшін superpapa_serik инстаграм парақшасынан алынды.

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Тәбетіңізді таңғы аспен ашыңыз!


10 минутта дайын болатын тойымды таңғы ас


Тауық еті мен грек жаңғағы қосылған «жап-жаңа» салат (видео)