Таңғы асты 10 минутта дайындағыңыз келе ме? Ол үшін сізге ең керегі де осы 600 секунд. Олай болса, тез арада таңғы ас әзірлеу әдісін үйреніп алыңыз.
фото: snova-prazdnik.ru
Қажетті өнімдер:
- 1дана лаваш
- 4 дана жұмыртқа
- 80 гр. ірімшік
- Аскөк
- Тұз, бұрыш.
фото: bientasty.ru
Дайындалуы:
- Бізге ең алдымен лавашты табаның көлеміміен бірдей етіп, домалақ пішінге келтіріп кесіп алу керек. Ол үшін үлкендеу тәрелкені алып, лаваштың бетіне қойыңыз да, шет-шетін дөңгелектеп кесіп шығыңыз.
- Ал, ірімшікті ірі үккіштен өткізесіз.
- Табаны отқа қойып, май жағасыз да, лаваштың біреуін саласыз.
- Лаваштың бетіне жұмыртқаны салып, тұз, бұрыш себелеу керек.
- Аскөкті майдалап турап, оны да себелеңіз.
- Содан соң екінші лавашты бетіне саласыз да, табаның қақпағын жауып қоясыз.
- 4 минуттан соң лаваштың екінші бетін аударып, бетіне ірімшік себелеп, тағы да 4 минутқа қалдырасыз.
- 4 минуттан соң таңғы ас та дайын болады.
- Ерекше әрі хош иісті лавашты күнделікті әзірлесеңіз де дәмі аузыңыздан кетпейді.
Астарыңыз дәмді болсын!
Әзірлеген: Құрманкүл Әти,
Дереккөз: www.koolinar.ru
Тағы да оқыңыз:
Ыстық гамбургер пісіріп көрдіңіз бе?
Тауық еті мен грек жаңғағы қосылған «жап-жаңа» салат