​Ораза айт мейрамына үнділердің "Самосасын" дайындаңыз

0
4 124

Ораза айт – мұсылмандардың ұлы мейрамы. Отыз күн ораза біткеннен кейін айт мейрамы басталады. Бұл уақытта әр үйде бауырсақ-шелпек пісіріліп, әдемі дастархан жайылады. Айт мейрамында көрші-қолаң, туған-туыс, дос-бауыр бір-бірінің үйіне айттап, амандық-саулық сұрасады. Міне, осы мейрамда әйелдер қауымы дастарханын жайнатуға тырысатыны белгілі.


​Ораза айт мейрамына үнділердің

Ораза айт мейрамына ерекше тағамдар немесе пісірмелер дайындағыңыз келсе, біз ұсынған ҮНДІ халқының САМОСАСЫН әзірлеп көріңіз. Өте дәмді әрі күтірлек болып пісетін сомаса мәзірі төменде берілген.


Жасыл бұршақ пен картоп езбесі салынған САМОСА

Қажетті өнімдер:

  • Қамырына: 400 гр. ұн
  • 1 шай қасық тұз
  • 50 мл өсімдік майы
  • Керегінше су
  • Салмасына:
  • 3 дана піскен картоп
  • 1 банка консервіленген жасыл бұршақ
  • Ірімшік
  • Ұнтақталған қызыл, қара бұрыш
  • Күнжіт, дәмдеуіштер
  • Паприка, тұз

Дайындалу тәсілі:

  1. Шұңғыл табаққа ұн, тұз салып, өсімдік майын құямыз. Сосын азырақ су құйып, араластырып, қамыр илейміз.
  2. Салмасын дайындау үшін табаға май құйып, піскен картопты саламыз. Картопты езіп, дәмдеуіштер қосамыз. Банкадағы жасыл бұршақты, паприканы салып, жақсылап араластыру керек. Дәміне қарай тұз қосып, тағы бір араластырамыз. Отын өшіріп, үккіштен өткізілген ірімшікті салып, араластырып қоямыз.
  3. Енді июі қанған қамырды кішірек бөліктерге бөліп, әрқайсысын жұқалап жаямыз. Содан соң оратсынан кесіп, суретте көрсетілгендей орап, салманы саламыз да, астыңғы жағын жабыстырамыз. Осылайша түйілген самосаларды қызып тұрған майға қуырып алсаңыз болғаны. Сонда өте дәмді әрі жұп-жұмсақ самосаларымыз да дайын болады.


Жеміс-жидектер қосылған САМОСА



Қажетті өнімдер:

  • 50 гр. қант
  • 2 дана алма
  • 200 гр. ұн
  • 30 гр. сары май
  • 50 гр. мейіз
  • Дәмдеуіштер.

Дайындалу тәсілі:

  1. Ұнды електен өткізіп, тұз қосамыз. Сосын су құйып, қамыр илейміз. Қамырдың июі қануы үшін 30-40 минут бетін жауып қоямыз.
  2. Қазанға сары майды салып, ерітеміз. Кориандр, мен даршынды салып, жақсылап араластырамыз. Сосын өзіңізге ұнайтын кептірілген жемістер мен балғын туралған жемістерді саламыз. 5 минуттай қуырып, суытып қоямыз.
  3. Қамырды бірнеше кішірек бөліктерге бөліп, сол әрбір қамырды жұқалап жаямыз. Жайылған қамырды ортасынан бөліп, екі жағын бір-біріне жабыстырамыз да, ортасына жемістерден дайындалған салманы саламыз. Қамырды жақслыап түйіп, қызып тұрған майға салып қуырамыз.
  4. Піскен самосалардың бетіне қант ұнтағын себелеп, дастарханға қоя беруге болады.


Сүзбе мен апельсиннен дайындалған САМОСА


Қажетті өнімдер:

  • 125 мл қайнаған су
  • 250 гр. күйдірілген май
  • 125 гр. сары май
  • 400 гр. ұн
  • 4 шым-шым тұз
  • Салмасына:
  • 1 шт. апельсин
  • 400 гр. сүзбе
  • 80 гр. қант
  • Тәтті араласпа:
  • 50 мл сүт
  • 250 гр. қант ұнтағы
  • 3 гр. куркума

Дайындалу тәсілі:

  1. Сары майды ерітіп, сумен араластырамыз. Шым-шым тұз қосып, ұн саламыз. Сосын жақсылап қамыр илеп, 10 минут июін қандырамыз.
  2. Осы уақыт аралығында салманы дайындап тастауға болады. Үккішпен апельсиннің қабығын аршып, ақ қабықтарын да алып тастаймыз. Сосын апельсинді майдалап тураймыз.
  3. Егер сіз апельсин қабығының дәмі мен иісінің шығып тұрғанын қаласаңыз, апельсин қабығын толықтай қсоып жіберсеңіз болады.
  4. Сосын бір табаққа апельсин қабығы мен етін, сүзбе мен қантты салып араластыру керек. Сөйтіп салманы бір шетке қоя тұрып, қамырды жаюға кірісеміз.
  5. Қамырды 10-12 бөлікке бөліп дөңгелектейміз. Әрбір домалақ қамырды сопақшалап жайып, арасына салманы саламыз да, пирожки сияқты қамырды бір-біріне жабыстырып шығамыз.
  6. Қамырдың бір-біріне қатты жабысқанын қаласаңыз, қолыңызды сулап жіберсеңіз болады. Сосын қамырдың шетін барынша жабысу үшін өріп шығыңыз.
  7. Табаға молынан май құйып, отқа қойып қыздырамыз. Сосын осы майға самосаларды салып қуырамыз.
  8. Дайын самосалардың бетіне ұнтақталған қантты себелеп қоя салуға болады. Бұл жеткіліксіз десеңіз, мынадай тәтті араласпаны жасауға болады. Ол үшін қант ұнтағын, сүт пен куркуманы араластырамыз. Сонда қою қаймақтай араласпа шығуы тиіс. Осы араласпаны самосалардың бетіне құйып шығу керек. 15 минуттан соң самосаларды жей беруге болады.

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Рамазан айында бәлішке алкоголь қоспаңыз


Қойдың қабырғасынан дайындалған дәмді тағамдар


Таңғы және кешкі асқа өте дәмді ГАЛЕТА дайындап көріңіз