Ас мәзірін түрлендіргіңіз келсе...
Етсіз тағам дәмсіз болары сөзсіз. Ал, тағамға қойдың қабырғасын қосып дайындайтын болсаңыз, оның дәмі тіл үйіретін болады. Мұны етті сүйіп жейтіндер жақсы білуі тиіс.
Фольгаға оралған қойдың қабырғасы
Қажетті өнімдер:
- 2,7 кг қабырға
- 7 тіс сарымсақ
- 8 гр. прованс дәмдеуіші
- 5 гр. карри
- 280 мл майонез
- Тұз.
Дайындалу тәсілі:
- Сарымсақты арнайы құралмен езіп, карри және прованс дәмдеуішімен, майонезбен араластырамыз. Тұз қосып, осы араласпаны қойдың қабырғаларына жағып шығамыз.
- Сосын қойдың қабырғаларын фольга қағазына салып, жан-жағын қайырамыз да, ауа кірмейтіндей етіп бекітеміз. Содан соң фольганың тағы бір бөлігін алып, сыртынан тағы бір ораймыз. Осылайша оралған қабырғаларды 10 сағат бойы тоңазытқышқа салып қою керек.
- Әбден маринадталған қабырғаларды 180 градусқа қыздырылған пеште 1,5 сағат бойы пісіреміз. Өте дәмді қабырғалардан дайындалған тағамымыз да дайын болды. Осылай жасап, сіз де дәмін татып көріңіз.
Көкөністер мен қойдың қабырғасынан дайындалған дәмді тағам
Қажетті өнімдер:
- 1,7 кг қойдың қабырғасы
- 3 тіс сарымсақ
- 650 гр. тәтті болгар бұрышы
- 100 мл майонез
- 750 гр. картоп
- 350 гр. кәді
- Зәйтүн майы
- Тұз, бұрыш
- 160 гр. пияз
- 160 гр. сәбіз.
Дайындалу тәсілі:
- Алдымен тұздығымызды дайындап алайық. Ол үшін сарымсақты езіп, майонезбен араластыру қажет. Тұз, бұрыш қосып, жақсылап араластырып аламыз да, қабырғаларға жағып шығамыз. 4 сағат маринадталғанын күтеміз.
- Пиязды турап, сәбізді ірі үккіштен өткіземіз. Сосын табаға зәйтүн майын құйып, пияз бен сәбізді қуырамыз.
- Картоптың қабығын аршып, дөңгелектеп тураймыз. Болгар бұрышы мен кәдіні текшелеп турау керек. Осы көкөністерді бір табаққа салып, тұз себелейміз де, жақсылап араластырамыз. Содан соң пісірмеге арналған қалтаға жайып саламыз. Оның бетіне бірнеше бөлікке бөлінген қабырғаларды, қуырылған көкөністерді жайғастырамыз. Егер тұздық қалған болса оны да құйып жіберуге болады.
- Пакеттің аузын байлап, тіз тазалағышпен бірнеше жерінен тесіп қоюға болады.
- Осылайша дайындалған қойдың қабырғасы 30-40 минутта пісіп шығады.
Қойдың қабырғасы қосылған ащы тағам
Қажетті өнімдер:
- 1,3 кг қойдың қабырғасы
- 1,2 кг картоп
- Тұз, бұрыш
- 1 дана чили бұрышы
- 650 гр. цуккини
- 4 гр. кептірілген насыбайгүл.
Дайындалу тәсілі:
- Чили бұрышын үккіштен өткізіп, қабырғаларға жағамыз. Жарты сағатқа қалдырып, артынша тұздауға болады.
- Картоптың қабығын аршып, ортасынан бөлеміз. Сосын формаға салып, бетіне тұз себелеуге болады. Цуккини жемісін де турап, картоптың бетіне қойып шығу керек. Тағы да тұз, насыбайгүлді себелеп, ең бетіне қабырғаларды қоямыз.
- Пешті 150 градусқа қойып қыздырып, 2 сағат бойы пісіреміз. Кейіннен пештің градусын 250-ге көтеріп, тағы да 8 мирнуттай ұстаймыз. Сонда тағамымыз да дайын болады.
Қыша қосып маринадталған қабырға
Қажетті өнімдер:
- 230 гр. ұнтақталған нан
- 2,5 кг. қойдың қабырғасы
- Дәміне қарай тұз, бұрыш
- 80 мл қыша
- 50 мл бал.
Дайындалу тәсілі:
- Егер бал қою болса, оны отқа қойып, кішкене қыздырып аламыз. Сосын бал мен қышаны араластырып, туралған қабырғаларға жағып шығу керек. Балға тұз, бұрыш қосұмытпаймыз.
- Табаға фольга қағазын салып, қабырғаларды қойып шығамыз.
- Сосын 180 градусқа дейін қыздырылған пеште 40 минуттай пісіреміз. Тағамымыз дайын.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Таңғы және кешкі асқа өте дәмді ГАЛЕТА дайындап көріңіз