Сүзбе салынған тәтті нанды қалай пісіреді?

0
3 652

Бұл бөлішкені күнделікті дүкендерден сатып алып жеп жүрміз. Бірақ, оны өз қолымызбен жасасақ та болады.


Сүзбе салынған тәтті нанды қалай пісіреді?

Пайдалы әрі дәмді бөлішкені үй жағдайында пісіргіңіз келсе, дайындалу тәсіліне мән беріңіз.


Қажетті азық-түліктер

Қамырға:

  • 200 мл сүт
  • 1 дана жұмыртқа
  • 2 ас қасық өсімдік майы + табаны майлауға да май қажет.
  • 550 гр. ұн
  • 7 гр. ашытқы
  • 2 ас қасық қант
  • 1 шай қасық тұз.

  • Салмаға:
  • 400 гр. сүзбе
  • 2 ас қасық қаймақ
  • 1 жұмыртқаның сары уызы
  • 1 пакет ванильді қант
  • Бетіне жағу үшін:
  • 1 дана жұмыртқа
  • 1 шай қасық сүт.


Дайындалу тәсілі:

  • Алдымен сүтті жылытып аламыз. Сосын осы сүтке ашытқыны, қант, тұз, 0,5 стақан ұн салып, араластырамыз. Бетін жауып, жылы жерге қоямыз. 20 минутта ашытқы да дайын болады.
  • Содан соң осы ашытқы көпіршіген кезде жұмыртқа, өсімдік майын салып араластыру керек. Артынша електен өткен ұнды қосамыз.
  • Қамырды алдымен қасықпен араластырып, сосын қолмен қамыр илейміз. Қамыр өте жұмсақ әрі біркелкі болып шығуы тиіс. 10 минуттай қамырдың июін қандырып илеу керек.
  • Табақты майлап, қамырды салыңыз да, бетін пленкамен жауып қойыңыз. Осылайша қамыр 1 сағаттай тұрады.
  • Енді салмасын дайындайық. Ол үшін сүзбені електен өткізіп, әбден еземіз. Оған жұмыртқаның сары уызын, қаймақты, қант пен ванильді қантты салып араластырамыз. Салманы қамыр ашығанша тоңазытқышқа сала тұрамыз.
  • Қамырды 12 бөлікке бөліп, әрқайсысын домалақтаймыз. Содан соң осы домалақ қамырларды пергамент қағазы салынған табаға саламыз. Бетін майлықпен жауып, 10-15 минутқа қою керек.
  • Қамырдың бетіне салманы салу үшін стақанның түбін ұнға бір салып аламыз да, қамырдың ортасынан басамыз. Сөйтіп осы жерге сүзбе араласпасын саламыз. Сүт пен жұмыртқаны араластырып, бөлішкенің бетіне жақсылап жағамыз.
  • Пешті 200 градусқа қыздырып, 20-30 минутта бөлішкелерді пісіріп ала бересіз. Дәмді бөлішкелер де дайын болды!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


ТАНДЫР НАНның мерекелік рецепті - кез келген келіншектің қолынан келеді


Жаңа жылдық дастарханға ерекше дәм дайындағыңыз келе ме?


Сірке суын таңдағанда неге мән беру керек?