Тауық еті мен грек жаңғағы қосылған «жап-жаңа» салат (видео)

0
4 843

Тез дайындалатын салатты кез келген уақытта жеуге болады.


Тауық еті мен грек жаңғағы қосылған «жап-жаңа» салат (видео)

фото: lesnik.life

Тауық еті салатқа ерекше дәм беріп, тәбетті аша түседі. Өте қарапайым әрі қолжетімді заттардан жасалатындықтан барлық қыз-келіншектердің дайындап көруге мүмкіндігі бар.

Қажетті өнімдер:

  • 250 гр. тауық еті
  • 150 гр. кептірілген қара өрік
  • 70 гр. қатты ірімшік
  • 50 гр. грек жаңғағы
  • 2 дана жұмыртқа
  • 1 дана алма
  • 70 гр. майонез.

Дайындалу тәсілі:

  1. Ыдысқа су құйып, тауық етін, шамалап тұзды салып, қайнатыңыз. Піскен соң етті сүзіп алып, майдалап турайсыз.
  2. Жұмыртқаны да қайнатыңыз. Суыған соң қабығын аршып, оны да майдалап турау керек.
  3. Кептірілген қара өрікті 10 минут қайнаған суға салып қоясыз. Жұмсарғаннан кейін майдалап турайды. Жаңғақты да майдалаған дұрыс.
  4. Алманың қабығын аршып, дәнінен тазартасыз да үккіштен өткізесіз. Ірімшікті орташа үккішпен үгіңіз.
  5. Барлық қажетті өнімдерді дайындап алған соң, енді салатты былайша қабаттайсыз: тауық еті – қара өрік – жұмыртқа – алма – ірімшік – грек жаңғағы.
  6. Әрбір қабаттың арасына міндетті түрде майонез жағуды ұмытпаңыз.
  7. Дайын салатты 1 сағат тоңазытқышқа салып қойыңыз.

Дайындаған: Қ.Әти,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

Мандариннен жасалған ерекше әрі дәмді тосап

Вупи ПАЙ тортын 30 минутта дайындауға болады!