Мандариннен тосап қайнатып көрдіңіз бе? Дәмі тіл үйірер тосапты қайнататын кез де келді. Өзі арзан әрі қолжетімді мандарин жемісінен қыс мезгілінде тосап жегенге не жетсін?!
фото: naget.ru
Қажетті өнімдер:
- 8 гр. даршын
- 600 гр. қант
- 600 гр. мандарин
- 80 мл су.
Дайындалу тәсілі:
- Мандариндердің қабығын аршып, етіне жабысқан ақ түсті қабықшасын алып тастаймыз. Содан соң мандаринді бір-бірінен ажыратамыз.
- Үлкен табаққа мандариндерді, даршын мен қантты салып, су құямыз. Барлығын жақсылап араластырып, екі сағатқа қалдырған дұрыс.
- Осыдан соң мандарин араласпасын отқа қойып, орташа отта бір қайнатып алу керек. Артынша отты барынша жағып, 3 минуттан соң сөндіреміз. Мандаринді ары қарай қайнатудың қажеті жоқ.
- Қоюланған мандарин қайнатпасын банкаларға салып, қалған шырынды тағы да 5 минуттай қайнату керек. Осы қайнатпаны мандарин салынған банкаға құйсаңыз, тосап та дайын!
- Тосапты көп етіп қайнатқыңыз келсе, мандариннен бірнеше килограмм алып бірден дайындасаңыз да болады. Дәмді тосапты жасап көріңіздер!
Дайындаған: Құрманкүл Әти,
Тағы да оқыңыз:
Вупи ПАЙ тортын 30 минутта дайындауға болады!