​Тез дайындалатын таңғы ас

0
8 566

Француздар нағыз аспаз бірінші кезекте омлет жасай білу керек дейді. Дәмді етіп омлет жасай білген аспазды нағыз аспаз дейді екен. Омлетті француздардың ұлттық асы екен деп ойлап қалмаңыз. Өйткені барлық елдің асханасында омлетке ұқсайтын тағам түрі бар. Олардың салмасы да әрқалай. Ал сіз қайсысын ұнатасыз?


​Тез дайындалатын таңғы ас

Француздар нағыз аспаз бірінші кезекте омлет жасай білу керек дейді. Дәмді етіп омлет жасай білген аспазды нағыз аспаз дейді екен. Омлетті француздардың ұлттық асы екен деп ойлап қалмаңыз. Өйткені барлық елдің асханасында омлетке ұқсайтын тағам түрі бар. Олардың салмасы да әрқалай. Ал сіз қайсысын ұнатасыз?

Брынза қосылған омлет

Қажетті заттар:

* 4 дана жұмыртқа

* 0,5 стақан сүт

* 4 ас қасық өсімдік майы

* 0,5 стақан үккіштен өткен брынза

* 3-4 түйір сарымсақ

* Жарты ас қасықтан майдалап туралған аскөк

* Ақжелкен

¼ шай қасық ащы бұрыш

Дайындау тәсілі:

  • Жұмыртқаны сүтпен араластырып, қыздырылған табаға құямыз.
  • Дайын болғанға дейін қуырылуы тиіс.

2.Жайлап араластырып отырамыз.

3.Қоюланғанда аскөк, ақжелкен, ащы бұрыш, сарымсақ араласқан брынзаны саламыз.


«Көктем» омлеті

Қажетті заттар:

* 2 дана жұмыртқа

* 4 дана картоп

* Орташа пияз

* 1 бума көк пияз

* Шұжық

* Тұз

* Өсімдік майы

Дайындау тәсілі:

  • Картопты қабығымен қайнатамыз. Піскен кезде қабығын аршып, төртбұрыштап тураймыз.
  • Табаның қақпағын жауып, отты азайтамыз. 2-3 минуттан кейін омлет дайын.

2.Өсімдік майында жай отта қуырамыз.

3.Үстіне туралған шұжық саламыз.

4.Оны да қуырып жібереміз.

5.Жұмыртқа, тұз, майдалап туралған пияз, аскөк салып, араластырамыз.

6.Осы қоспаны табадағы қоспаға құямыз.


«Қайырлы таң» омлеті

Қажетті заттар:

* 2 дана жұмыртқа

* 2 ас қасық кілегей немесе сүт

* Қызанақ

* Ірімшік

* Шұжық

* Өсімдік майы

* Тұз және бұрыш

Дайындау тәсілі:

  • Алдымен қалыпты майлаймыз.
  • 220 С ыстықтықта 15-20 минут пісіреміз.

2.Жұмыртқаны кілегеймен, тұзын, бұрышын қосып, араластырып алайық.

3.Енді бұл қоспаны қалыпқа құямыз.

4.Қызынақты, үккіштен өткен ірімшікті, майдалап туралған шұжықты саламыз.

Осымен тез даярланатын тағамдар дайын. Ас дәмді болсын!


Шұжықша мен жұмыртқа

Таңғы асқа көбiне жұмыртқа қолданылады. Өйткенi, ол тойымды әрi жылдам пiседi. Бүгiнгi таңғы асқа жұмыртқаның жалғыз өзiн қуырғанша, оны езiлген еттен жасалған шұжықшамен (сосиска) әрлеңiз.

Қажеттi заттар:

*** Шұжықша – 3-5 дана

*** Кiшiрек көлемдегi жұмыртқа – 3-5 дана

*** Тұздалған қияр – 2 дана

*** Аскөк пен тұз

*** Өсiмдiк майы – қалауыңызға қарай

Дайындау тәсілі:

1.Алдымен шұжықшаны көлденеңiнен теңдей етiп бөлiңiз.

2.Сосын бiр шетiнен ғана бiрнеше бөлiктерге кесiп, гүл пiшiнiне келтiрiп, шұжықшаның басы мен аяғын тiсшұқығыш таяқшамен бiрiктiрiңiз.

3.Табадағы қызып тұрған майға гүл тәрiздес пiшiндегi шұжықшаны орналастырыңыз да ортасына жұмыртқаны жарып салыңыз.

4.Дайын болған «гүлдi» тәрелкеге салып, тұздалған қиярды жалпақтап турап, аскөктi пайдалана отырып көркемдеңiз.