ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ДАСТАРХАН: асшаянды пеште пісірсе дәмді болады

0
2 679

Жаңа жылға ерекше әрі пайдалы тағам дайындаңыз!


ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ДАСТАРХАН: асшаянды пеште пісірсе дәмді болады

Қажетті қоспалар:

  • 500 гр. асшаян
  • 250 гр. жасыл бұршақ (стручковая фасоль)
  • 3 ас қасық зәйтүн майы
  • 2 тіс сарымсақ
  • 1 дана пияз
  • Кептірілген орегано
  • Ұнтақталған қара бұрыш, тұз
  • 1 дана лимон
  • 3 10 дана зәйтүн
  • 100 гр. тұздалған ірімшік


Дайындалу тәсілі:

  1. Пияз бен сарымсақтың қабығын аршып, жасыл бұршақтың да асқа жарамсыз жерін кесіп алып тастайсыз. Лимонды турап, пияз бен жасыл бұршақпен араластыру керек. Ал, тұздалған ірімшікті қолмен майдалаймыз.
  2. Асшаяндардың сыртқы қабығын алып тастап, басы мен құйрығын жұлып тастаймыз. Сосын қағаз майлықтың үстіне қойып кептіріп аламыз.
  3. Асшаяндарды табаққа салып, зәйтүн немесе басқа өсімдік майын қосып, лимонның жартысын сығып , тұз, бұрыш себелейміз. Осылайша барлығын жақсылап араластырып, 50 минут маринадталғанын күтеміз.
  4. Жасыл бұршаққа қайнаған су құйып, 2-3 минутқа қалдырамыз. Егер жасыл бұршақ қаттылау болса, 1-2 минут қайнатып алуға да болады.
  5. Енді формаға алдымен қайнатылған жасыл бұршақты жайып салыңыз. Оның үстіне маринадталған асшаяндарды саласыз. Ал, оның бетіне қызыл пиязды турап салып жіберуге болады. Асшаян маринадын формаға құйып, 180-200 градусқа қыздырылған пешке салып пісіреміз.
  6. Піскен асшаяндардың бетіне ірімшікті үккіштен өткізіп, туралған аскөкті себелеп дастарханға ұсына беруге болады. Осы уақыт аралығында ірімшік тез еріп, тағамның дәмін кіргізе түседі.
  7. Пеште піскен асшаянды дастарханға ұсынарда бетіне лимонды сығып жіберіп апарсаңыз, тіпті хош иісі мұрынды жара түседі.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Тез дайындалатын тәтті штрудель