​Тез дайындалатын тәтті штрудель

0
2 933

Өте дәмді әрі кептірілген жемістер қосылған ораманы жасап көріңіз!


​Тез дайындалатын тәтті штрудель

Қажетті қоспалар:

  • 300 гр. алма
  • 2 гр. даршын
  • 300 гр. лаваш
  • 30 гр. мейіз
  • 1 ас қасық қант
  • 30 гр. грек жаңғағы

Дайындалу тәсілі:

  1. Алманы майдалап турап аламыз. Содан соң табаға 1 шай қасық сары май салып, алманы қуырамыз. Даршын, ванилин, азырақ қант пен жаңғақты, мейізді саламыз. Мейізді алдын-ала суға салып жібітіп алу керек.
  2. Лавашқа май жағып, салманы саламыз да, жақсылап ораймыз.
  3. Ораманың бетіне де май жағып, 180 градусқа қыздырылған пешке салып пісіреміз. 15 минутта штрудель тәттісі де дайын болады.
  4. Тәтті ораманың бетіне қант ұнтағын себелеп, суыған соң жей беруге болады.


Қатпарлы қамырдан дайындалған штрудель


Қажетті қоспалар:

  • 1 дана қатпарлы қамыр
  • 1 дана алма
  • 80 гр. грек жаңағағы
  • 3 уыс мейіз
  • 2 ас қасық қант
  • 4-5 ас қасық ұнтақталған нан
  • Сары май

1 дана жұмыртқа

Дайындалу тәсілі:

  1. Мейізді суға салып қоямыз. Алманың қабығын аршып, текшелеп немесе, жұқалап тураймыз. Жаңғақты майдалап аламыз.
  2. Дайын қамырды жұқалап жайып, оның бетіне ерітілген сары майды жағып шығамыз.
  3. Салмаға қосылатын қоспалардың барлығын бір ыдысқа салып, жақсылап араластырып алу керек. Сосын осы салманы қамырға жайып саламыз.
  4. Дәміне қарай азырақ даршын қосуға болады.
  5. Салма салынған қамырды жақсылап орап, бетіне жұмыртқаны жағамыз.
  6. Осылайша дайындалған тәтті ораманы 180-200 градусқа қыздырылған пеште 35-40 минуттай ұстаймыз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Ірімшік қосылған бауырсақ-нан