​Жаңғақ қосылған сорпа – дәмді әрі шипалы ас

0
3 357

Ұлы дәрігер Гиппократ «Дәрі – тамақ, ал тамақ – дәрі болуы керек» деген екен. Тамақты қалай дәріге айналдыруға болады? Қазан айының соңында пісетін грек жаңғағының бір түйірін қазандағы сорпаға қоссаңыз, тамақ дәріге айналады. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» дегенге сенесіз бе? Ендеше, бір түйір жаңғақтың бір қазан сорпаны дәріге айналдыратынына неге сенбеске?!


​Жаңғақ қосылған сорпа – дәмді әрі шипалы ас

Ұлы дәрігер Гиппократ «Дәрі – тамақ, ал тамақ – дәрі болуы керек» деген екен. Тамақты қалай дәріге айналдыруға болады? Қазан айының соңында пісетін грек жаңғағының бір түйірін қазандағы сорпаға қоссаңыз, тамақ дәріге айналады.

«Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» дегенге сенесіз бе? Ендеше, бір түйір жаңғақтың бір қазан сорпаны дәріге айналдыратынына неге сенбеске?!

Жаңғақ қосылған сорпалар гипертония, анемия, атеросклероз, бауыр, бүйрек, асқазан, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады. Қан құрамындағы холестерин мен қант мөлшерін кемітіп, темірді көбейтеді.

Нәрлі әрі дәрі сорпаны ішіп көрмейінше сенбессіз. Бірге дайындайық.


ҚҰРАМЫ:

- 400 грамм сиыр еті жентегі

- 3 ас қасық өсімдік майы

- 1 дана пияз

- 1 дана сәбіз

- 3 стакан сиыр еті бульоны

- ½ стакан қаймақ

- 1 ас қасық крахмал

- 1 бума ақжелкен

- 100 грамм ірімшік

- 2 дана грек жаңғағы

- бұрыш пен ас тұзы қалауыңызға қарай.


ДАЙЫНДАЛУЫ: Қазанға өсiмдiк майын құйып, ет жентегiн салып, тұз сеуiп қуырыңыз. Ет жентегiн қызартып қуырып, тарелкаға салып уақытша шетке қоя тұрыңыз.

Сәбiз, пияз және картопты бiркелкi етiп төртбұрыштап тураңыз. Картоптан басқа көкөнiстердi қазанға салып баяу отта 5-7 минут қуырыңыз. Содан соң картопты салып, бiрнеше минут қуырып, оған қуырылған ет жентегiн қосыңыз. Бульонды құйып, картоп пiскенше қайнатыңыз. (Бульонды алдын ала дайындау керек)

Отты баяулатып, сорпаға үккiштен өткiзiлген iрiмшiк салып, араластырыңыз. Iрiмшiк түгелдей балқып еруi қажет.

Азырақ суға крахмал ұнтағын салып әбден араластырып алыңыз да оны да сорпаға құйыңыз. Бiрнеше минут қайнатып, отты өшiрiңiз.

Қатты қабығынан тазартылған грек жаңғағын ұнтақтап, ыстық табада бiрер минут қуырып алыңыз. (Жаңғақты ұсақ бөліктерге бөліп те пайдалануға болады)

Сорпаны жеке кеселерге құйып, қуырылған грек жаңғағын салыңыз. Қаймақ қосып, туралған ақжелкенмен көркемдеңіз.

Жаңғақты кез келген сорпаға қосуға болады.