Жеті күнге арналған қарбыз диетасы

0
4 603

Жаз мезгілі қауын-қарбыз жейтін уақыт. Хош иісі аңқыған бақша өнімдерімен тез-ақ арықтауға болады. Әсіресе қарбыз ішкі ағзаны тазалап, қалаған салмаққа қол жеткізуге көмектеседі.


Жеті күнге арналған қарбыз диетасы

суреттер ашық дереккөзден алынды

Жаз мезгілі қауын-қарбыз жейтін уақыт. Хош иісі аңқыған бақша өнімдерімен тез-ақ арықтауға болады. Әсіресе қарбыз ішкі ағзаны тазалап, қалаған салмаққа қол жеткізуге көмектеседі. Бұл емдәм 7 күнге арналған. Бір апта ішінде 5 келі артық салмақтан арылуға болады. Бірақ, берілген ас мәзірі бойынша тамақтанып, тағамның құнарлылығын арттырмаған дұрыс.

Дүйсенбі

  • Таңғы ас: 100 гр. суға піскен күріш, 200 гр. қарбыз бен көк шай.
  • Түскі ас: 200 гр. қайнатылған ет, 200 гр. қарбыз.
  • Бесін ас: 100 гр. майсыз сүзбе.
  • Кешкі ас: 700 гр. қарбыз.

Сейсенбі

  • Таңғы ас: 100 гр. суға піскен сұлы жармасы, 200 гр. қарбыз, көк шай.
  • Түскі ас: 200 гр. буға піскен майсыз балық, көкөніс салаты.
  • Бесін ас: Бір-екі тілім сыр мен 1 дана қайнатылған жұмыртқа.
  • Кешкі ас: 700 гр. қарбыз.

Сәрсенбі

  • Таңғы ас: 300 гр. қарбыз, көк шай.
  • Түскі ас: 100 гр. сұлы жармасынан дайындалған ботқа, зәйтүн майы немесе лимон шырыны қосылған көкөніс салаты.
  • Бесін ас: 100 гр. майсыз йогурт.
  • Кешкі ас: 700 қарбыз.

Бейсенбі

  • Таңғы ас: 100 гр. қарақұмық ботқасы, 200 гр. қарбыз, көк шай.
  • Түскі ас: 200 гр. тауық етінен дайындалған пісірме, көкөніс салаты.
  • Бесін ас: Бір-екі тілім сыр мен 1 дана қайнатылған жұмыртқа.
  • Кешкі ас: 600 гр. қарбыз.

Жұма

  • Таңғы ас: 100 гр. күріш ботқасы, бір тілім нан, көк шай.
  • Түскі ас: 200 гр. қайнатылған балық, 100 гр. қарақұмық ботқасы.
  • Бесін ас: 100 гр. құнарлылығы төмен сүзбе.
  • Кешкі ас: 700 гр. қарбыз.

Сенбі

  • Таңғы ас: 100 гр. сұлы жармасынан дайындалған ботқа, көк шай.
  • Түскі ас: 200 гр. қайнатылған майсыз ет, көкөніс салаты.
  • Бесін ас: 200 гр. құнарлылығы төмен йогурт.
  • Кешкі ас: 700 гр. қарбыз.

Жексенбі

  • Таңғы ас: 300 гр. қарбыз, бір тілім қара нан, көк шай.
  • Түскі ас: 200 гр. қайнатылған майсыз балық, 100 гр. сұлы ботқасы.
  • Бесін ас: 200 мл майсыз кефир.
  • Кешкі ас: 500 гр. қарбыз.

Есте ұстаңыз! Қарбыздың несеп айдайтын қасиеті болғандықтан да оны ұйқыға жатардан 2-3 сағат бұрын жеген дұрыс. Ұйықтар алдында немесе жарты сағат бұрын жейтін болсаңыз, түні бойы ұйықтай алмауыңыз ғажап емес. Сондықтан да бұл кеңеске аса мұқият болуды ұсынамыз.

Емдәмнен кейін не істеу керек?

Қарбыз диетасын апта бойы ұстағаннан кейін бірден қалағаныңызды жеп кете алмайсыз. Бұл сіздің ағзаңызға зиянды. Тамақтану мәзірінен қақталған, қуырылған, ұннан жасалған және майлы тағамдарды алып тастаңыз. Дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылданыңыз. Сонда сіз тастаған салмақты қайта жинап алмайтын боласыз. Ендеше, іске сәт!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ