​Ағзадағы артық судың да зияны көп

0
6 468

Ағзаңызда артық су бар ма? Оны білудің еш қиындығы жоқ. Егер күн сайын денеңіз домбығып, аяқ ісіне берсе, бұл ағзада артық судың бар екендігін білдіреді. Мұндай жағдайда дене ісініп қана қоймай, артық салмақ та жинала бастайды.


​Ағзадағы артық судың да зияны көп

фото: diet-diet.ru

Артық судың жиналуына не себеп болады? Ағзадан мұндай суды қалай шығарады және де алдын алудың жолдары бар ма? Семіздікке бой алдырмас үшін не істеу керек? Міне, бүгінгі тақырыбымыз осы сұрақтар төңірегінде болмақ.

фото: www.doverie-omsk.ru

Ағзаға артық су жиналуының себептері өте көп. Әсіресе мынадай жағдайлар бірден-бір себеп болуы мүмкін:

  • Физикалық белсенділіктің аздығы;
  • Дұрыс тамақтанбау;
  • Гормондық өзгерістер:
  • Суды аз ішу;
  • Тұздалған тағамдарды көп ішіп-жеу;
  • Ағзаға зиянды әдеттер және т.б.

Күнделікті физикалық белсенділіктің төмендігінен ағза артық сұйықтықты сыртқа шығара алмайды. Бір орында отырып жұмыс істеудің бұған әсері мол. Сонымен қатар, жеткілікті су ішпегендіктен де ағза сұйықтықты ұзақ уақыт ұстап тұру үшін әрбір жасушаға жинайды. Міне, сұйықтықтың жетіспеуінен артық салмақ жинау осыдан туындайды. Сондықтан да шөлді басу үшін газдалған, тәтті сусындарды пайдаланбаған дұрыс. Оның орнына тазартылған су ішкен әлдеқайда пайдалы.

фото: cbsnews2.cbsistatic.com

Егер сіз сымбатыңыздың тартымды болғанын қаласаңыз, алдымен ағзадағы артық судан арылыңыз. Мына кеңестерді орындайтын болсаңыз, бұған да қол жеткізесіз.

фото: w-dog.ru

  1. Кофе мен шайды сүйіп ішетіндерге жағымды жаңалық! Бұл сусындардың құрамында табиғи несеп айдайтын кофеин бар. Қант қосылмаған бір шыны шай немесе кофе ағзадағы артық сұйықтықты сыртқа екі есе тез шығарады екен.
  2. Артық сұйықтықты сыртқа шығарудың тағы бір ерекше тәсілі – жуылмаған күрішті пайдалану. Қара немесе қоңырқай түсті күріш ағзаны шлактардан тазартып, сұйықтықты айдайды. Тек күрішті дайындау барысында тұз қоспасаңыз болғаны.
  3. Шөптерден дайындалған тұнбалар да артық сұйықтықты айдайтын қасиетке ие. Мысалы, қайың жапырақтары, аскөк дәні, итбүлдірген, аюқұлақтарды пайдалануға болады.
  4. Ағзадан артық сұйықтықты шығаруға моншаға түсу де жақсы көмектеседі. Ал, үй жағдайында ас содасымен немесе тұзбен ванна қабылдауға болады. Осындай ваннаны 10 минут қабылдағаннан кейін, 40-50 минут көрпеге оранып жатса, артық сұйықтық термен шығып кетеді. Сондай-ақ, мұндай ваннаның әсері ертеңіне таңғы уақытта да, кешкілік мезгілде де байқалып, салмағыңыздың азайып қалғанын сезінесіз.
  5. Бұдан бөлек, ағзаға сұйықтықтың жиналғанын қаламасаңыз, кешкі тағамды, шөлді басар таза суды ұйқыға жатардан 2-3 сағат бұрын ішкен жөн. Ал, ұйықтарда бір стақан майсыз кефир ішіп жатуға болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ