АЗ ҚИМЫЛДАЙТЫНДАРҒА АРНАЛҒАН: Диетасыз арықтаудың 5 құпиясы

0
3 383

Кеңседе отырып аз қимыл жасайтындар да ешқандай диетасыз және спортсыз жұмыста отырып-ақ арықтай алады.


АЗ ҚИМЫЛДАЙТЫНДАРҒА АРНАЛҒАН: Диетасыз арықтаудың 5 құпиясы

Қазіргі таңда САЛМАҚ ҚОСУ – ғасыр дертіне айналып бара жатыр дейді мамандар. Алайда техниканың дамыған заманында бұдан арылу қиын секілді. Компьютердің, ноутбуктың алдында, кеңседе уақытын өткізетін жандар қатары көбейіп келеді. Көпшілігінің жұмысы ұзаққа созылатын болғандықтан жаттығу залдарына баруға уақыты жоқ, әсіресе қыз-келіншектердің. Алайда кеңседе отырып аз қимыл жасайтындар да ешқандай диетасыз және спортсыз жұмыста отырып-ақ арықтай алады.


Отырып жұмыс жасағанда артық салмақ жинаудың себептері

Артық салмақ жинауға бейім жандар аз қозғалыстағы өмір салтында тез салмақ қоса бастайды. Мұның бірнеше себебі бар:

  • Тұтынған калорияның саны күш-қуатты жұмсаудан асып түседі
  • Күндіз аз және дұрыс тамақтанбау, кешкі мезгілде тойып тамақтануға алып келеді
  • Айран, балық немесе көкөністер – кешкі ас үшін

Негізінен бір орында отырып жұмыс істейтін жандардың қанайналымы бұзылады. Ал бұл барлық ішкі ағза жұмысыың қызметін баяулатады.

Артық салмақтан құтылу үшін осы жазылған себептерді жою керек. Және мұны ешқандай диетасыз, спорт, фитнес залдарға күш пен уақыт жоғалтпай-ақ істеуге болады. Ол үшін төмендегі құпияларды білген жөн.


Тамақтануды теңдестіру

Отырып жұмыс жасайтын жандар көп ретте жиі жеңіл желпі тамақтанады. Ал жеңіл тамақтана салу негізінен шоколадты күлшелер, бәліш немесе пицца, суши секілді тағамдардан тұрады.

Аз қимыл жасайтын жандардың көбіне миы белсенді жұмыс істейді. Ал ол өзіне көмірсуларды қажет етеді. Ал май мен ақуыздар өте аз жұмсалатын болғандықтан, олар ағзаға түскен соң «мәселелі» аймақтарға (тез толысатын жерлер) ойысады. Мидың жұмысын қамтамасыз етіп отыру үшін күрделі түрдегікөмірсуды таңдау керек. Ал жеңіл желпі тәтті тамақтану кезінде қанға глюкозаның бірден мол мөлшері түседі. Нәтижесінде ағза оны игере алмай майлы жасушалардың түзілуіне алып келеді.

Аз қимылдайтын жандардың иммунды жүйесі де зардап шегеді.Ал ақуыз иммунды жүйенің жұмысы үшін қажет. Сондықтан да аз жұмыс жасайтын жандар кез-келген көкөніс диетасын 10 күннен артық ұстанбауы керек. Мұны есте сақтаған жөн. Яғни ақуызды пайдаланбай қоюға болмайды, бірақ оның көлемін азайту керек.

Отырып жұмыс жасайтын жандардың тамақтану жүйесі мынандай болғаны дұрыс:

  • Таңғы асқа ботқа
  • жеміс-жидектер мен бірнеше тамшы май қосылған көкөніс салаты – жеңіл-желпі тамақтану үшін
  • Ет және көкөністер – түскі асқа


Тамақтану ережесін сақтау

Көбіне толық адам тек диетамен салмақ тастауы керек деген ой қалыптасып қалған. Бірақ тамақтану ережесін сақтау арқылы да салмақтан арылуға болады.

Жиі, бірақ аз-аздан тамақтану зат алмасуды жылдамдатады, ішкі ағзаны жұмыс істетеді, іш қатудан арылтады. Бұл үшін әр екі-үш сағат сайын тамақтанып тұру керек. Жеңіл тамақтану үшін алма, қияр, қызанақ, балық немесе жаңғақ қажет.

Бөліп тамақтану ешқандай диетасыз-ақ ағзаға түсетін калория мөлшерін азайтады.


Су артық келіні шайып кетеді

Тағы бір әсері мол амалдың бірі – ол су ішу ережесі. Су ішу ережесін ұстану бір орнында отырып жұмыс жасайтындарға ешқандай қиындық туғызбайтыны анық. Ішкен су мөлшерін қадағалау үшін, таңертең ыдысқа 1,5л су құйып алып күні бойы соны ішу қажет.


Дененің серпімділігі үшін дұрыс тамақтану рационы

Целлюлиттен құтылу өте қиын. Ол тіпті артық салмағы жоқ жандарда да болуы мүмкін. Мұның шешімі оның алдын алу, яғни дұрыс тамақтану, кейбір азықтарды рационнан алып тастау. Кей азықтар жақсы қанайналымы болмай, ағзадан шыға қоймайды. Егер сізде қанайналымы дұрыс жұмыс жасамаса, онда ол азықтар ағзадан шықпай іште қалып май түзеді. Ондай тағамдарға:

  • Кофе
  • Ысталған азық-түліктер
  • Майлы ет
  • Пісірмелер мен тәттілер
  • Спиртті сусындар
  • Банан жатады.


Көбірек калория жұмсау

Калорияның шығынын бірнеше жаттығудың көмегімен арттыруға болады. Отырып жұмыс істейтін жандарда мұны қалай жасауға болады деген сұрақ туындауы мүмкін. Жауабы қарапайым:

Жұмыс үстелінің басында отырып біраз жаттығу жасауға болады:

- Қолды барынша жоғары көтеріп созылу керек. Қолды көтеріп тұрған күйі екі жаққа кезек кезек иілу қажет.

- Тек өкшені ғана 5 минут көтеріп отырыңыз.

- Аяқты иықпен теңестіре ашып, оң қолды сол тізеге, ал сол қолды оң тізеге қою керек. Алақанмен тізелерді бір біріне жақындатуға тырысыңыз. Ал аяқтың өзімен оған қарсылық білдіріңіз.

- Баспалдақты пайдалану. Жеделсатымен емес, мейлінше баспалдақпен көбірек жүру қажет. Ол біраз артық салмақты ешқандай диета ұстамай-ақ жояды.

- Басыңызды ақырын артқа, алға, оң мен солға қаттырақ созып, ию керек. Бұл мойындағы бұлшықеттерді созады.

- Жұмыс үстелінің алдында отырып аяқты кезекпен жоғары көтеріңіз.


Мұндай жаттығулар үздіксіз қайталанып отыруының арқасында тиімді болады. Бір жаттығуды бір күндік жұмыс ішінде 10-15 реттен қайталаған жөн. Ол қанайналымды жақсартады, бұлшықеттерді шынықтыра түседі.

Бұдан өзге көбірек күліңіз, отырған жерңізде де билеп біраз артық салмақты «лақтыру» қажет.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ