​Күнжіт сүті арықтауға көмектеседі

0
4 117

Күнжіттің пайдасы мол. Оны ет орнына жеуге болады дейді вегетарианшылдар.


​Күнжіт сүті арықтауға көмектеседі

фото: mtdata.ru

Вегетарианшылдар еттен мүлдем бас тарту дағдысын ұстанады. Олар құрамында жануарлардан алынған компоненттер мүлдем болмайтын, тек өсімдікті азық-түліктермен тамақтанады. Ас мәзірлерінен тіпті, жұмыртқа, сүт, бал және осыларға ұқсас өзге де азық-түліктерді алып тастаған. Вегандар былғарыдан, ішіктен, жүннен, жібектен жасалған киім-кешектерді кимейді.


1 қараша - Вегетарианшылдардың халықаралық күні саналады.

Веган сөзін Дональд Уотсон «vegetarian» («вегетарианшыл», «вегетариандық») сөзінің алғашқы үш және соңғы екі әрпінен құрады.

Оксфорд сөздігіне сүйене отырып vegetarian (вегетарианшыл) термині ағылш. vegetable өсімдік, көкөніс деген сөздерден шыққанын көре аламыз. Сөздікте бұл сөз 1847 жылы вегетариандық қоғам құрылғаннан кейін танымал болып кетті деп белгіленген, алайда бұл сөздің одан да бұрын пайдаланған кездер де бар екені дәлелденген (wikipedia).


Осы орайда біз вегетариншылдарға көмегі тиер деген оймен күнжіттен жасалған сүтпен арықтауды ұсынбақпыз. Себебі қазіргі таңда семіздік – Қазақстан үшін де басты мәселелердің біріне айналып келеді. Жалпы семіздіктен арылуға көмектесетін сүтті барлық адамдардың қолдануына болады.

фото: uznat.pro

Күнжіт сүті кальцийге өте бай. Ағзаға жеңіл сіңіп, тәттіге деген құмарлықты басады. Бір стақан күнжіт сүті кальций жетіспеушілігін төмендетіп, сүйек жүйесін нығайтады әрі тісті, шашты қатайтып, артық тамақтанудың алдын алатын қасиетке ие екен. Сондықтан да мұндай сүтті күнделікті ішкеннің пайдасы зор. Таңертең ашқарынға бір стақан күнжіт сүтін ішуді әдетке айналдырған артықтық етпейді. Сонда тез арықтап, мүсініңіздің сымдай тартыла бастағанына көзіңіз жетеді.

Күжіт сүтін дайындау өте оңай. Пайдалы сүтті таңертеңгілік асқа дайындап ішкен дұрыс. Күнжіт сүтімен ботқа әзірлеуге, түрлі коктейльдерді дайындауға болады.


Қажетті өнімдер:

1/3 стақан ақ түсті күнжіт дәні

¾ шай қасық ваниль ұнтағы

½ ас қасық тазартылмаған (нерафинированный) кокос майы

¼ шай қасық теңіз тұзы

2 стақан су.


Дайындалу тәсілі:

Ең алдымен күнжітті суға салып, 1 сағаттай жібітеміз. Сосын блендер ыдысына екі стақан су құйып, күнжітті салып, ең жоғарғы жылдамдықпен айналдырасыз. 40 секунд ішінде күнжіт сүті дайын болады. Көпіршіген сүтке кокос майын, ваниль ұнтағын, тұзды салып тағы бір рет араластырып жіберу керек. Блендерді сүт біркелкі болғанша айналдырып, сүзгіден өткізесіз де, іше бересіз. Бұл сүт артық майлардан арылтып, тәбетті тыюға өз септігін тигізері сөзсіз.

Дайындаған: Қ.Әти,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз: Тауық етінен дайындалған дәмді салаттар

«Спартак» торты