​Маш пен көкөністерден дайындалатын диеталық тағам

0
1 722

Қарапайым қоспалардан өте дәмді әрі диеталық тағамды дайындап көріңіз!


​Маш пен көкөністерден дайындалатын диеталық тағам


Қажетті қоспалар:

  • 1 кесе маш
  • 1 дана сәбіз
  • 1 дана болғар бұрышы
  • 1-2 дана қызанақ
  • 1-2 тіс сарымсақ
  • 1 дана пияз
  • Ақжелкен мен аскөк
  • 1 дана кәді мен балдыркөк


Дайындалу тәсілі:

  1. Көкөністерді текшелеп турап аламыз. Содан соң қазанды отқа қойып қыздырып, 1 ас қасық сары май немесе өсімдік майын құйыңыз. Содан соң қызып тұрған майға текшелеп туралған пиязды қуырып алу керек.
  2. Пияз қызара бастағанда сәбізді саламыз. Көкөністерді 2-3 минуттай қуырып, балдыркөк пен кәдіні салу қажет. Артынша болгар бұрышын, қызанақ пен сарымсақты салып, азырақ қуырамыз. Соңында қуырмаға жуылған машты салып, су құю керек. Қайнаған су құйсаңыз да болады. Бірақ та рагу қоюлау боп шығу үшін суды көп құймаймыз. 1 литрдей су құйсаңыз жеткілікті.
  3. 15-20 минуттан кейін дәміне қарай тұз, бұрыш салып, көкөністер мен маш пісіп шыққанша жай отта қайнатамыз.
  4. Дайын тағамды ыдыстарға құйып, бетіне майдалап туралған аскөк пен ақжелкенді себелеп, дастарханға ұсына беруге болады. Аталмыш тағам дәруменге бай өте пайдалы болғандықтан да диетада жүрген жандар кешкі асқа жасаса да болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Денсаулықты нығайтатын ас мәзірі сымбатыңызды да сымдай етеді