​Ұйқыға жатарда жеуге болатын 10 тағам

0
7 664

Неге екені белгісіз, кешкі 18:00-ден кейін тоңазытқыштың есігін ашуға құмартамыз да тұрамыз. Сөйтіп ішінен өзімізге ұнайтын тағамды алып жейміз. Сосын артынан мұндай қылығы да, артық майы да жоқ жандарға қызығып отырамыз. Бірақ сіздерге бір құпияны ашқым келеді. Кешкілік уақытта жеуге болатын тағамдар да бар. Мұндай тағамдар сіздің мүсініңізге ешбір зиянын тигізбейді.


​Ұйқыға жатарда жеуге болатын 10 тағам

фото: tu-baginya.ru

Неге екені белгісіз, кешкі 18:00-ден кейін тоңазытқыштың есігін ашуға құмартамыз да тұрамыз. Сөйтіп ішінен өзімізге ұнайтын тағамды алып жейміз. Сосын артынан мұндай қылығы да, артық майы да жоқ жандарға қызығып отырамыз. Бірақ сіздерге бір құпияны ашқым келеді. Кешкілік уақытта жеуге болатын тағамдар да бар. Мұндай тағамдар сіздің мүсініңізге ешбір зиянын тигізбейді.

Тауықтың төс еті

Тауықтың қайнатылған етінде ақуыз көп мөлшерде болатындықтан, қарынның ашқанын басуға болады. 100 грамм етті жесееңіз жетеді. Сондай-ақ, тауық етінен дайыналған шұжықтар да жарайды. Алайда шұжықты қуырылғанын немесе қақталған түрін жеуге болмайды.

Тунец

Балықтың бұл түрі асқазанда тез қорытылып, аштықты басады. Сымбатыңызды бұзып алмас үшін консервіленген тунецтің бірнеше қасығын жесеңіз артықтық етпейді. Сонымен қатар, балғын балықты пешке пісіріп жеу де ұсынылады.

Кефир немесе йогурт

Диетологтар көбіне жатар орынға 1 стақан кефир ішіп жату керектігін айтады. Сондай-ақ, кефирді майсыз йогуртпен алмастыруға болады.

Қайнатылған көкөністер

Ұйқыға жатарда шикі көкөністерді жемеген абзал. Өйткені олар тез сіңбейді. Ал, қайнатылған көкөністер асқазанда оңай қорытылады екен. Мысалы, сәбіз бен қызылшаны жеу ұсынылады.

Консервіленген жүгері

Аштықты басуға консервіленген жүгері де жақсы көмектеседі. Алайда бір-екі қасық ғана жейге болатынын ескертеміз.

Майсыз сыр

Сыр – өте тойымды тағамдардың бірі. Сол себепті де кешкілік уақытта сырдан бір-екі тілім жесеңіз, қарныңыздың ашқаны басылады.

Кәдіден жасалған икра

Кәдіні біз күнделікті қолданыста бағалай бермейміз. Бұл көкөністің құрамы дәруменге бай, сонымен бірге құнарлылығы төмен. Мұндай икраны нансыз жеу керек.

Сұлы ботқасы

Сұлы ботқасы тек таңғы асқа ғана емес, кешкі мезгілде де жеуге пайдалы тағам саналады. Егер ботқаның тәтті болғанын қаласаңыз, азырақ мейіз қосуыңызға болады.

Жидектер

Дәл қазір сатылымна жидектердің кез келген түрін табуға болады. Әсіресе, құлпынай, таңқурай, қарақат сынды жидектер өте пайдалы. Осындай жидектердің бір уысын жеп алсаңыз, төсекке аш қарынмен жатпайтын боласыз.

Жаңғақтар

Жаңғақтың қай түрі болмасын құнарлы болып келеді. Бірақ та аз мөлшерде қабылданған жаңғақтың мүсініңізге ешбір зияны тимейді. Түні бойы аштықты сезбейтін боласыз.

Құрманкүл Әти,

ERNUR.KZ