Access Bars: АРТЫҚ ойлардан психологсыз-ақ АРЫЛАСЫЗ

0
10 750

Массаждан соң миыңыздағы артық ойлардан арылып, өміріңізді өзгертесіз.


Access Bars: АРТЫҚ ойлардан психологсыз-ақ АРЫЛАСЫЗ

Күні бойы шаршап, жұмыстан титықтап үйге келгенде салқын душқа бір түсіп алсаңыз, денеңіз әп-сәтте босап, жаныңыз жадырып шыға келеді. Бойыңызды басқан бар ауырлық сумен бірге ағып кеткендей күйге түсесіз. Рас қой? Тек денеміз ғана емес, ойымыз да осылай «тазарғысы» келеді екен. Қалай сонда? Оны біз арнайы маманнан сұрағанды жөн көрдік. Ойды тазартудыңы қыр-сырын Access bars техникасының маманы Әсия Смайылова айтып берсін.



Әсия Самайлова: Access Bars техникасы маманы


Әсия Самайлова, Access Bars (Аксесс барс) деген не және оны кім ойлап тапқан?

Аксесс барс – бұл бастағы 32 нүктеге (барлар) тікелей әсер ету арқылы жасалатын процедура. Бір сағаттық терапиядан соң, ми тета күйге түсіп, босаңсып демалады, стресстен, шаршаудан құтыласыз, энергияңыз көбейеді.

«Access bars»-тың қазақша мағынасы – «рұқсат нүктесі» (точка доступа). Бұл методиканы америкалық жазушы әрі шешен Гэри Дуглас 30 жыл бұрын ойлап тапқан. Ол Access Consciousness энергия техникасы мектебінің негізін қалаушы. Америка мен Еуропада ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бері таныс техника, біздің елге келгеніне көп уақыт бола қойған жоқ.

Ал бұл процедураны орындайтын арнайы маманды фасилилатор деп атайды. Яғни ол бастағы 32 нүктемен жұмыс істеу арқылы сізді тета күйге түсіреді.

Күні бойы біздің миымыз көп ақпарат алады және оны сақтап қалады: адамдардың жүзі, біреудің әңгімесі, ұрысы немесе күлкісі, үйдің түсі, көліктің нөмірі, билбордтағы жарнама т.б. Миымыз осыншама көп ақпараттың қайсысы маңызды, ал қайсысы маңызсыз екенін анықтайды. Біріншісін жедел жадқа, екіншісін ұзақ мерзімді жадқа сақтайды. Сол себепті, егер сіз бір зат туралы ойлана бастасаңыз, қайда барсаңыз да сол зат жан-жағыңыздан шыға береді. Мәселен, қызыл көлік сатып алғыңыз келді делік, ол көлік сіздің қасыңыздан бір күнде үш рет жүріп өтеді. Ал шындығында біз оны күнделікіті өмірде жиі көреміз, дегенмен, біздің миымыз бұған дейін ол ақапаратты маңызды деп қабылдамаған еді.


Тәулік бойы денеміздің терісінде қаншама өлі жасуша жиналады. Мида да дәл солай: көптеген ақпарат жиналып қалады. Өлі жасушалардан суға шомылу арқылы құтылғанымыздай, миымыздағы қажетсіз ақпаратардан да құтылып отыруымыз қажет.


Иә, егер түнде ұйқыңыз тыныш болып, 8 сағат бойы тынығатын болсаңыз, миыңыз қажетсіз ақпараттан арылып отырады. Дегенмен, алып шаһар тұрғындарының бәрі дұрыс ұйықтайды деп айтуға келмейді. Бірі түннің ортасында ұйқыға кетсе, енді бірі телефонға телмірген күйде немесе музыка тыңдап қалғып жатады. Бұл миға артық күш түсіріп, босаңси алуына кедергі келтіреді, толық тынғу да болмайды. Осындай кезде адамдар Аксесс Барстың көмегіне жүгінеді.


Аксесс барс қалай әсер етеді?



Аксесс барс – миға жасалатын массаж. Негізінде, сырттай қарағанда басқа жасалатын массажға ұқсағанымен, онда массаж қимылдары қолданылмайды. Маман белгілі нүктелерге, белгілі бір ретпен саусағын тигізіп отырады. Осы қимылдар арқылы қуат көзі ашылып, ми қайта қалпына келеді.

Егер сіз аптасына бір сеанс қабылдасаңыз сіздің ойыңыз бір ай тыныққандай әсер алады. Денеңіздің жай-күйі, бір нәрсеге көзқарасыңыз, күйзеліске қарсы күресіңіз, ойға алған ісіңіздің шешімі бәрі-бәрі өзгеруі мүмкін.

Массаж тыныштықта жасалынады, үнсіздікте ми тынығып, босаңсиды. Маман белгілі бір саусақтарды нүктелерге қойып, сол нүктелерге әсер етеді.


Сеанстан соң:

  • Мидағы электр заряды таралады. Бұл ми мен денеге түскен барлық энергиялардың босатылуына әкеледі.
  • Көңіл күйіңіз жақсарып, миыңыз демалады, ойыңыз тазарып, жаңа идеялар пайда болады.
  • Жұмысыңыздағы жағдайлар жақсарып, қаржылық мәселелерді шешіледі.
  • Биологиялық жасару, денсаулықтың жақсаруы байқалады, ұйқы реттеледі.
  • Үрей мен қорқыныштан арылып, өзіңді бағалай бастайсыз.
  • Бар терапиясы өміріңіздегі және денеңіздегі барлық негізгі блоктарды ерітеді.


32 нүкте - олар қандай нүктелер?

Мидағы 32 нүктенің әрбірі өміріңіздің белгілі бір қажеттілігене жауап береді: ақша, шығармашылық, қуаныш, қайғы, зейін, үміт, бақылау. Осы нүктелерге әсер ету арқылы адамдар өзінің бойындағы жасырынып жатқан қуатты сезіне алады.

Бастағы 32 нүктені белсендіру арқылы миға түсірілген күшті жеңілдетіп, сол арқылы оның қайта қалпынан келуі бірнеше есе жылдамдайды. Ми қаншалықты босаңсыса, сіздің өміріңіз соншалықты қуанышты әрі жеңіл болады.





Қанша күнде нәтижесі байқалады?

Кейбір адамдар бір сеанстан соң нәтижесін байқағаннын айтады. Кейде сеансты бірнеше рет қабылдауға тура келеді. Негізінде, массаждың нәтижесі 3 апта аралығында байқала бастады. Нәтижесінің ерте не кеш болуы адамның өзіне байланысты дер едім. Аксесс барс адамның мина сұрау салады. Ал ми өзі қойған шектеулерді өзгертіп, жаңа жолды таңдайды. Сана оянып, адам бойында жақсы өмір сүруге құлшыныс пайда болады.

Гэри Дуглас ойлап тапқан техниканың әлем бойынша танымалдығы артқан кезде америкалық невролог Аксесс барсты ғылыми түрде тексеріп көрмекші болады. Ол массаж қабылдаған адамдарға ЭЭГ (электроэнцефалография — мидың белсенділігін зерттеу) арқылы тексереді. Нәтижесінде бір сағат бойы сеанс алған адамдардың миы босаңсығанын анық байқайды.

Сұхбаттасқан: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Жаттығуды ҮНСІЗ орындап, күніне 1 кг АРЫҚТАЙСЫЗ


Көзіңіз НАШАР көре бастаса, МЫНА жаттығуды жасаңыз