​АРҚАҢЫЗ ауырса БІР ғана жаттығу сауықтырады

0
3 601

Жаттығу жасағаннан кейін арқаңызда жеңілдік пайда болады.


​АРҚАҢЫЗ ауырса БІР ғана жаттығу сауықтырады

Әйелдердің көпшілігінде арқаның ауруы жие кездеседі. Бүгін осындай келеңсіздіктен арылтуға көмектесетін жаттығу түрін ұсынамыз. Ол - гирлянда жаттығуы. Жаттығуды күнделікті оныдау арқылы құрсақ қуысының жұмысын жақсартып, арқаның ауырғаны басылады.

Жаттығудың атауы жаттығуды орындау кезінде қолдың бос ілініп («гирлянда» секілді) тұрғандай көрінуінен шыққан.
«Гирлянда» жаттығуы әсіресе әйелдер қауымы үшін өте пайдалы. Себебі:
  • Арқаның төменгі бөлігінің, сонымен бірге сегізкөз, шап, сан бұлшықеттерін созады.
  • Жамбас буынының ашылуына ықпал етеді.
  • Ас қорыту жүйесін белсенді ете түседі.
  • Ішектердің жұмысын жақсартады.
  • Іш бұлшықетін сергітеді.
  • Арқаны түзейді.
  • Тізе мен тобықтың иілгіштігін жақсартады.
  • Тыныштандырады.

Жаттығуды қалай орындайды?


Жаттығу өте қарапайым. Түзу тұрып, аяқтарыңызды белден кеңірек қою керек. Әрі қарай жүресінен отыру керек. Яғни, отырған кезде екі тізе екі жаққа қарап тұруы тиіс, ал жамбасыңыз еденге тиер-тиместей болып тұруы қажет. Содан кейін алақандарыңызды бір-біріне тигізіп, шынтақтарыңызды тізелеріңізге тіреңіз.
Ең бастысы, ішті ширатып, тіземен шынтақты басу керек, ал басыңызды тік ұстауыңыз қажет. Осы қалыпта 30 секунд отырған абзал. Егер қолыңыздан келсе одан да көбірек отыруға да болады. Сәл демалып алып, қайта жалғастыра аласыз.
Жаттығу жасағаннан кейін арқаңызда жеңілдік пайда болады. Ал, аяғыңыз шаршауы мүмкін. Бұл қалыпты, солай болуы тиіс. Біраз демалған соң ауырсынулар басылады.



Кеңес:
  • Арқаны тік ұстауды естен шығармаңыз!
  • Иықты жақын ұстамаңыз.
  • Табандарыңыз еденге толығымен тиіп тұрсын. Аяқтың ұшымен не өкшемен тұра салуға тіпті болмайды.
  • Егер гирлянда жаттығуын жасау сізге қиындық тудырып жатса, қабырғаға сүйеніп жасауға болады. Яғни, арқаңызды қабырғаға сүйеп, еденге отыру арқылы жасай аласыз.
  • Жаттығуды бөксе астына кірпіш қою арқылы жеңілдетуге болады.
  • Егер арқаңыздан немесе аяғыңыздан қатты ауырсынуларды сезінсеңіз, жаттығуды тоқтатыңыз.


Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Планка: 28 күнде сымбатты болып шыға келесіз



БӨКСЕНІ әдемі ететін болгар ӘДІСІ