​Аяғыңызды КӨТЕРІП жатсаңыз НЕ болатынын білесіз бе?

0
10 552

Бұл жаттығуды кез келген уақытта жасауға болады.


​Аяғыңызды КӨТЕРІП жатсаңыз НЕ болатынын білесіз бе?

фото: muzoktcrb.ru

Ұйқыға жатар алдында 5-10 минут аяғыңызды жоғары көтеріп жатуды әдетке айналдырыңыз. Бұл әдеттің арқасында ағзаңыз айтарлықтай жаңарып, көптеген аурулардан арылуға болады екен. Йога әуесқойлары жылдар бойы осы әдісті қолданады. Дегенмен, жаттығуды жасау үшін арнайы сабақ алудың немесе артық шығынның қажеті жоқ. Тек қана уақыт бөліп, табандылық танытсаңыз болды. Нәтижесінде сіз таңғаларлық өзгерістерді байқайсыз.


Бұл жаттығуды кез келген уақытта жасауға болады. Жаттығуды орындау үшін:

  • Қабырғаға жақын жатып, аяғыңызды жоғары көтересіз. Тізеңіз бүгілмеуі тиіс, ал басыңызды көтермейсіз. Еденде төсеніш болғаны дұрыс. Сонда өзіңізді жайлы сезінесіз.
  • Иығыңыз бен саныңыз бір деңгейде болуы тиіс. Иығыңызды босатыңыз, екі қолыңызды екі жаққа созыңыз.
  • Егер мойныңыз талса, онда басыңыздың астына орамал немесе кішкентай жастық қойыңыз. Ыңғайлы болса беліңізге немесе бөксеңіздің астына да жастық қоюға болады.
  • Еркін жатып, терең дем алыңыз, дем алуды да, дем шығаруды да созыңыз. Денеңіздің тырысып тұрмағанына көз жеткізіңіз. Егер күш салынғанын сезсеңіз, дереу босатыңыз. Сонда аяғыңыздан барлық салмақтың түскенін сезесіз.

Жаттығуды 5 минуттан 20 минутқа дейін жалғастыруға болады. Ал жаттығуды аяқтау үшін тізеңізді кеудеге тартыңыз, оң жағыңызға қисайып, бірнеше рет терең дем аласыз. Сонан соң орныңыздан тұруға болады.

фото: builderbody.ru


Аяқты көтеріп жатудың денсаулыққа қандай пайдасы бар?

Ас қорытуды реттейді

Аяқты жоғары көтерген кезде ас қорыту жүйесі белсенді түрде жұмысқа кіріседі екен. Бұл күйде болған кезде ішкі ағзаларда қан айналымы жақсарып, жиырылу дұрыс жұмыс істейді, тамақ ас қорыту жолынан оңай өтеді. Нәтижесінде үлкен дәреттың шығуы реттеліп, іш қату қаупін азайтады. Сонымен қатар, қоректік заттар ағзаға жақсы сіңеді және ас қорытудың тиімдірек және жылдамырақ болуына байланысты тәбет жақсарады.


Ісінуді жеңілдетеді

Аяқтардың ісінуі денеміздің тіндерінде сұйықтықтың жиналуына байланысты пайда болады. Жай ғана аяғыңызды жоғарыға көтеріп жату арқылы аяқтың ісініп, ауырғанын емдей аласыз.

Жалпы аяқтың ісуіне аз қозғалыс, бір орында ұзақ отыру, бүйрек немесе жүрек саулығының өзгерісі, артық салмақ, кейбір препараттардың жанама әсері, дұрыс тамақтанбау себеп болады.

Гарвард медициналық мектебінің зерттеушілері аяқты көтеру жинақталған сұйықтықты бүкіл денеге таратуға көмектесетінін, аяқтардағы қан айналымын жақсартатынын және осылайша ісінуді азайтатынын анықтады.


Аяқтың шаршауын басады

Аяқты жоғары көтеру – аяқтағы, өкшедегі, жамбастағы кернеуді жеңілдетудің ең жақсы тәсілі. Күн ұзақ аяғымыздан тік жүру осы үш аймаққа салмақ салады. Бұл жаттығуды орындау арқылы сіз аяқтың шаршауын баса аласыз.


Қан айналым жақсарады

Жүрек бұлшықеті денемізге қан айдау үшін күнделікті жұмысты атқаратын үлкен күшке ие. Көп жағдайда ол бұл тапсырманы тамаша орындайды. Дегенмен, белгілі бір аурудың немесе өмір сүру салтының әсерінен дененің белгілі бір бөліктеріндегі қан айналым төмендеуі мүмкін.

Қан айналым көбінесе ұзақ уақыт бір орында отыру немесе тұру, артық салмақ, жүктілік кезінде нашарлайды. Ал мұны реттеу үшін аяғыңызды жоғары көтеруді әдетке айналдырыңыз. Ол дененің жоғарғы бөлігіне қан ағымын арттырады, оны оттегімен байытады және оны бүкіл денеге біркелкі таратады.

Мұндай жаттығу қан қысымын реттеуге, варикозды тамырларды жақсартуға да пайдалы.


Жүйке жүйесін тыныштандырады

Аяқ көтерілгенде, біз көбірек ауа жұтамыз. Ал баяу және ырғақты тыныс алу дененің толық босаңсуына ықпал етеді. Бұл күйде сіздің денеңізде қалпына келтіру және емдеу процестері жақсы жүреді, іштегі, мойындағы және самайдағы кернеу жеңілдейді.

Ұйықтар алдында бұл жаттығуды жүйелі түрде орындай отырып, сіз өзіңізді тыныштандырып, стресстік жағдайларға төзе алатыныңызды сезінесіз.


Арқадағы ауырсынуды азайтады

Арқадағы ауырсыну көптеген қиындықтар мен ыңғайсыздықтарды тудырады, күнделікті әрекеттерге кедергі келтіреді. Арқаның ауруына:

  • Саусақ нервінің қабынуы;
  • Артрит;
  • Сіңірлердің созылуы;
  • Сколиоз сияқты қаңқаның дұрыс дамымауы;
  • Омыртқа аралық жарық себеп болады.

Егер арқаңыз қатты ауырса, дереу дәрігермен кеңесу керек. Егер ауырсыну анда-санда мазаласа, онда емдік шара ретінде аяғыңызды қабырғаға тіреп жатыңыз. Аяғыңызды көтергенде омыртқадағы барлық салмақ азаяды.


Стресс пен мазасыздықты жояды

Адам өмірінде болып жатқан жағдайлар тұрақты күйзеліс пен алаңдаушылыққа әкеледі. Салдарынан ми үнемі «күрес немесе қашу» режимінде болады. Одан бөлек, қан қысымы төмендейді, ас қорыту баяулайды, тез шаршаймыз.

Ал аяқты көтеру арқылы жүйені және «демалу және ас қорыту» режимін белсендіресіз. Денені және ақыл-ойды толығымен босаңсыту арқылы сіз медитациялық күйге жетесіз, денедегі барлық маңызды процестер теңгеріледі, стресс пен алаңдаушылық азаяды.


Дереккөз: infoniac.ru

Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


АРҚАҢЫЗ ауырса мына ЖАТТЫҒУДЫ жасаңыз


Мына ФЕЙС-ФИТНЕС сізді 10 жылға ЖАСАРТАДЫ