​Беліңіз ауырса, бір-ақ жаттығумен жазуға болады

0
14 717

Бұл - бел ауруын жазатын ең оңай әрі ең тиімді жаттығу.


​Беліңіз ауырса, бір-ақ жаттығумен жазуға болады

фото: en.bcdn.biz

Әлем жұртшылығының басым көпшілігі өмірінде бір рет болса да бел ауруымен бетпе-бет келеді. Ол ол ма? Мүгедектікке ұшыраудың негізгі себептерінің бірі де осы белдің бекем болмауы. Біз емес, ресми деректер солай дейді. Сіздің де беліңіз берекеңізді қашыра ма? Ендеше, кеш болмай тұрғанда айығудың жолдарын жасаңыз.

Мына фактті білуші ме едіңіз: бел ауруының алдын алатын әрі одан айықтыратын ең негізгі жаттығу — жату екен.

Иә, кәдімгі ұзыннан түсіп шалқалай жату. Оңай ғой, солай ма? Ендеше, жасаңыз. Тек, беліңіздің астына білектің жуандығындай жұмсақ білікше (матадан) қойсаңыз болғаны. Екі аяқты барынша созып, өкшелерді сәл алшақ қойып, аяқ бастарын бір-біріне қарата қисайтыңыз. Қолды да барынша жоғарыға қарай созып жатыңыз. Міне, күнделікті осы қалыпта біршама уақыт жатуды әдетке айналдырсаңыз, бел сүйектері сыздайтын әдетінен айығады.

Оқи отырыңыз:

«Құпия шаруада» еркектің қуатын арттыратын құпия жаттығу

Бұл — ең негізгі жаттығу дедік. Оған қосымша келесі жаттығуларды да жасай жүріңіз. Пайдасы болмаса, зиянын көрмейтініңіз анық.

Бұл жаттығуды спорттық төсеніш үстінде жасаған әлдеқайда әсерлі болады. Төсенішке төрт аяқтап еңбектеп тұрыңыз. Бас пен арқаны, қолды тік, екі тізені қосып ұстаңыз. Ішке қарай дем тартып, басыңызды жоғары қаратыңыз, қабатында арқаңызды төменге қарай иіңіз. Қайта дем шығарған уақытта басыңызды төменге түсіріп, арқаны керісінше, сыртқа қарай күжірейте доға жасаңыз. Жаттығу баяу ырғақпен жүзеге асуы тиіс. Дәл осылай 8 рет қайталай отырып, 3 айналым жасалады.


Еденге тізерлеп отырыңыз. Екі тізенің арасын барынша алшақ қойыңыз. Ал, аяқ бастары бірге болуы қажет. Қолыңызды алға созып, арқаны тік ұстауға тырысып, жаймен кеудені еңкейтіңіз. Маңдайыңыз кілемшеге тигенше. 10 секунд осы қалыпты ұстаған соң баяу қимылмен бастапқы қалыпқа қайта келіңіз. Осылайша 6 рет қайталасаңыз жеткілікті.


Келесі белге арналған керілу жаттығуында да еденге тізеңізді тірейсіз. Бірақ, отырмай, бел мен денені тік ұстайсыз. Осы қалыпта бір аяғыңызды көтеріп, бір қадам алға қойыңыз. Бел мен арқа тік қалыпта қалуы қажет. 10 секунд осылай тұрған соң бастапқы қалыпқа қайта келіп, кезекті келесі аяққа беріңіз. Осылайша 12 рет қайталасаңыз, бел мен омыртқа сүйектеріне біршама пайда әкелесіз.

Оқи отырыңыз:

2019 жылда неден сақтануыңыз керек?


Екі аяқты алға соза кілемшеге отырыңыз. Сол аяқты бүгіп, оң аяқтың үстінен асыра жіберіңіз. Осылай ұстаған күйі кеудемен солға қарай барынша бұрылыңыз. Арқаны тік ұстауды ұмытпаймыз. Осы қалыпта 20 секунд тұрған соң бастапқы қалыпқа келіп, аяқтарды ауыстырып, енді кеудемен оңға қарай бұрыласыз. Осылайша әр жаққа 6 реттен бұрылыс жасаңыз.

Көрсетілген жаттығуларды жүйелі түрде жасап жүрсеңіз, арқа мен бел бұлшықеттері шынығады. Бел омыртқа тұсындағы ауырсынудан арыласыз. Денсаулықтан асқан байлығыңыз жоқ, болмайды да.Уыста ұстап тұру маңызды. Сондықтан, ерінбеңіз. Ден мен дененің саулығы үшін бәрін жасаңыз.

Суреттер ашық дереккөздерден алынды

Дайындаған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ