Беттегі ӘЖІМДІ КЕТІРЕТІН жаттығулар: 25, 35, 45 және 55 жастағы ӘЙЕЛДЕР үшін

0
11 618

Әр жастың өзіне лайықты жаттығуы бар.


Беттегі ӘЖІМДІ КЕТІРЕТІН жаттығулар: 25, 35, 45 және 55 жастағы ӘЙЕЛДЕР үшін

Жасымыз ұлғайған сайын бетіміздегі әжімдер де анық көріне бастайды. Оған қоса біздің күнделікті әдеттеріміз бен зиянды тағамдар да беттің өңінің қуаруына себеп болады. Егер, бетіңіз жас қалпында ұзағырақ сақталсын десеңіз, күнделікті 10 минутыңызды фейсфитнеске арнаңыз.

Бар-жоғы күніне 10 минут


+25...

25 жастан бастап беттің формасы аздап өзгеріске ұшырай бастайды. Шамадан тыс белсенді мимика бетте әжімдердің пайда болуына ықпал етеді. Көздің алды қарайып, ісінулер болуы мүмкін. Дәл осы кезең сіздің фейсфитнесті қолға алатын шағыңыз. Ол үшін әжімдерді қашан пайда болады деп күтіп жүрудің қажеті жоқ.

Бетті алақаныңызбен ақырын уқалаңыз, жақтың төменгі сызығынан төмен және одан жоғары аймақты сипаңыз. Алақаныңызды иектен құлаққа дейін ақырын жылжытып отырыңыз. Қолыңызды көтермей, мойынның екі жағын жоғарыдан төменге қарай уқалауды жалғастырыңыз. Күніне 10 рет жасаңыз.


+35...

30 жастан кейін адам ағзасында оттегі жетіспеушілігі орын алады. Бұған зат алмасу, ас қорыту, қан айналымы процестеріндегі өзгерістер себеп болады дейді мамандар. Сондықтан бет терісінде пигментті дақтар пайда болатын көрінеді. Тері сарғылт тарта бастайды. Беттегі тесіктердің ұлғайғанын аңғару қиын емес. Осы ретте бас терісін уқалау массажы қан айналымын реттеуге көмектеседі.

Екі қолдың саусақтарымен басты ортасына дейін басын ақырын уқалаңыз. Бастың артқы жағын тараңыз. Күн сайын 30-60 секунд орындап отырсаңыз жеткілікті.


«Ұшу» жаттығуы

Аяқтың ұшымен тұрып жоғарыға қарай тартылыңыз. Екі қолды сәл артқа жіберіп, құстың қанаты секілді жасаңыз. Иықты аздап артқа тастап, 30 секунд аяқтың ұшымен тұрып көріңіз. Бел, арқа тұсы түзу болу керек. Содан кейін табандарыңызды жерге тигізіп, 5-10 секунд алға қарай еңкейіңіз. Қайтадан денені тіктеп, жалғастырыңыз. Денеде жылылық пайда болғанын байқайсыз. Демек, қан айналымы өз жұмысын мүлтіксіз жасап жатыр деген сөз.


+45...

45 жастан кейін дене тым сезімтал бола бастайды. Ағзадағы судың мөлшері азайып кетсе де, бетте өзгерістер орын алуы мүмкін. Мәселен, қас пен көздің айналасындағы әжімдер, ісінулер, еріндегі өзгерістер т.б.

Ол үшін мынадай жаттығуларды жасап жүрсеңіз болғаны.


«Қақпақ»

Кішкене дәрі бөтелкесінен немесе оған ұқсас заттан таза қақпақты алыңыз. Тістерді жабыңыз (бірақ тартпаңыз). Босаңсыған еріндеріңізге қақпақты салыңыз, олардың үстінен және астынан ешқандай қатпарлар түспейтініне көз жеткізіңіз. Қақпақты 20-30 секунд ұстаңыз. Ерніңізді босаңсытыңыз.


«Күнге күлімсіреу»

Қолдарыңызды алақандарыңыз ысқылау арқылы қыздырыңыз. Бет терісіне ақырын қол тигізіп, еріннің бұрыштарынан қарай бұрыңыз. Қимылдарды орындауда теріні созбаңыз. Жаттығуды 20-100 рет қайталауға болады. Сіз бетіңіздің іштей жымиып, бұлшық еттеріңіздің босаңсығанын сезінесіз.


+55...

Бұл жаста бет өз контурын жоғалтады, әжімдер айқын көріне бастайды. Фейсфитнесті жасау арқылы 20 жастағы қыздың бетін қайтарамын деу артық болар. Дегенмен, ажарыңызды келтіріп, әдемілене түсуге болатынына сеніңіз.


Қабақтың сыртқы бұрыштарын көтеру. Ол үшін алақаныңызды қабаққа қойып, жоғары қарай тартыңыз. Көздеріңізді ақырындап ашып-жабыңыз. Күніне 20 рет жасасаңыз жеткілікті.


Шайнау бұлшықеттерін жаттықтыру

Аузыңызды 5 рет ашып, жабыңыз. Бет жағындағы шайнау бұлшықеттерін саусақтарыңызбен сезіп, тістеріңізді бірнеше рет жауып қойыңыз, қолдарыңызда бұлшықеттердің қатаң түйнектері пайда болады. Бұлшықеттерді саусақтарыңызды мықтап басқанда, төменгі жақты жайлап төмендетіңіз. Теріңізді жылжытпай, саусақтарыңызбен бұлшық еттеріңізді аздап итеріңіз. Осы қалыпта 5 секунд ұстаңыз. 5 рет қайталаңыз.

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ

ERNUR.KZ.

Тағы да оқыңыз:

Жігіттерді СЫМБАТТЫ ететін жаттығудың 7 ТҮРІ

ІШ ҚАТУ мен БАС АУРУЫН дәрі ішпей-ақ ЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ

Фото: marieclaire.ru