Бір орында ЖҮРУ арқылы АРТЫҚ салмақтан оңай арыласыз

0
4 450

Бұл - ең оңай жаттығу.


Бір орында ЖҮРУ арқылы АРТЫҚ салмақтан оңай арыласыз

Бір орында жүру – ешқандай спорттық жаттығу түрімен айналыспай-ақ, үй жағдайында артық салмақтан арылуға болатын жаттығу. Ол үшін тренердің нұсқаулығы да қажет емес. Бір орында тұрып жүру арқылы артық салмақтан арылып қана қоймай, дене бітімін сымбатты ете түсесіз. Бұл жаттығуды барлық адам жасауға болады.

Арықтауды қолға алған адамдар алдымен дұрыс тамақтануды қолға алады. Әлбетте, ол дұрыс. Дегенмен, денедегі артық майлардың қозғалыс арқылы кететінін естен шығармау керек. Салмақ тастауға арналған жаттығулардың түрі де көп. Бірақ, ең оңайы бір орында тұрып жасалған жүріс екенін еске саламыз.

Қандай пайдасы бар?

Бұлшықеттерді толыққанды жұмыс істетеді.

Қан айналымын жақсартады.

Жүрек-қан тамыры жүйесінің жұмысын қалыпты етеді. Инфаркт, тромбоздың алдын алады. Ағза токсиндерден жылдам тазарады.

Жаттығуды тұрақты түрде жасап тұру қандағы қант пен артық холестеринді азайтады.

Ағзаның жұмысы жақсарады, ентігу болмайды.

Жүріс негативті ойлардан арылтады, депрессиялық жағдайлардан, стресстен құтылуға көмектеседі.

Маңызды! Басқан қадамыңызды есептегіш құрал (шагомер) сатып алыңыз. Өйткені, ол сіздің қанша қадам жүргеніңізді нақты есептеп береді.

Қалай және қанша жүру керек?


Жаттығуды бастағанда өзіңізге ауырлық салмаңыз. Жаттығуды еден үстінде, ыңғайлы аяқ киіммен жасаған жөн. Қосымша тренажерлық құралдың қажеті жоқ. Бастапқыда ақырындап минутына 70 қадам жүріп көріңіз. Осылай 10 минут жасаңыз. Егер шаршамасаңыз, кешкі жаттығуда тағы 10 минут қосыңыз.

Күнделікті жаттығуға 4 минуттан қосып отырыңыз. Екінші аптада жаттығудың ұзақтығын 35-40 минутқа жеткізуге тырысыңыз. Минутына 90 қадамға дейін жеткізсеңіз артық салмақтың кетуі тез болады.

Салмақтың азаюы күніне 10 мың қадам жүргенде ғана жүзеге асады. Ол үшін тұрақты жаттығудың үшінші айында минутына жасалатын қадам 120-130 болуы керек. Лифтінің орнына баспалдақты қолдану, кешкі серуендеу де артық салмақтан арылуға әсер етеді.

Қанша калория азаяды?

Бір сағаттық баяу қарқынмен жаттығу шамамен 200 ккал азайтады. Сондай ұзақтықпен, бірақ орташа қарқындылықпен жаттығу 350-370 ккал кетіреді. Бір сағат қарқынды жүру 500 ккал-дан арылуға көмектеседі. Ал, 10 минуттық жаттығу 35-тен 80 ккал-ға дейін азайтады.

Бір орында жүру және тамақтану

Әр жаттығудан бұрын бір стақан таза су ішіңіз. Жаттығу кезінде бірнеше рет жұтып тұру үшін жаныңызға бөтелке немесе басқа стақан алыңыз. Жаттығуды тамақтанудың алдында жасау керек. Немесе тамақтанып болғаннан кейін 2-2,5 сағаттан соң жаттыққан абзал.

Сіз білесіз бе? Ғаламшардың орташа тұрғыны өмір бойы 400 мың км-ден астам қашықтықты жүріп өтеді. Салыстыру үшін: Жерден оның жалғыз спутнигі - Айға дейінгі қашықтық 20 мың км аз.


Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Абай болыңыз! АРЫҚТАТУдың орнына "ЖУАНДАТЫП" жіберетін 5 жаттығу


ӘЙЕЛДЕРГЕ арналған ең ҚАЖЕТТІ жаттығу