Бойым қысқа деп мойымаңыз, оны жаттығу жасап өсіруге болады

0
1 668

Расында да бой өсіруге арналған жаттығулар жасөспірімдермен қоса, одан ересек жастағыларға да әсерлі.


Бойым қысқа деп мойымаңыз, оны жаттығу жасап өсіруге болады

фото: nydailynews.com

Ұзын бойлы, сұңғақ денелі болу кімге де болсын арман. Әйткенмен, жаратылыс мұндай сыйды бәріне бірдей ұсына бермейді. Алайда, айласы артылмаған адамзат бой өсірудің де құпия тәсілдерін аша білген. Бүгін сол құпияны сіздермен де бөліссек дейміз.

Жалпы, бойдың ұзын немесе қысқа болуы генетикаға байланысты екені белгілі. Сондай-ақ, адам ағзасындағы ғылыми тілде HCG деп белгіленетін гормонның да бойға қосар өз үлесі бар.HCG — дененің, сүйектер мен шеміршектің өсуі мен дамуына қажетті гормон. Бойды жасанды түрде өсіру үшін біз де осы гормонға әсер етуіміз керек. Қалай?


  • Жаттығу жасау арқылы

Қарқынды дене қозғалысы бойдың жақсы өсуіне себеп бола алады. Бойды өсіруге ықпалы бар жаттығулар кешені:

Арнайы қосымша ауырлатқыш немесе кез келген ауыр әрі ыңғайлы затты аяққа байлап, турникте салбырап бірнеше секунд тұрыңыз. Жаттығуды күнделікті қайталау арқылы уақытты ұзартып, 1 минут тұруға дейін жеткізу керек. Шамаңыз келсе, екі аяқты тік күйінде алға көтеру, тізені бүгу сынды қимылдарды қосыңыз.

Тік тұрып, екі аяқтың арасын алшақтатып, иық деңгейіне қою керек. Содан соң алға еңкейіп, екі қолды төмен салбыратыңыз. Қолдардың арасында шамамен 1 метр қашықтықты сақтай отырып, бірдей бағытта 20-40 рет айналдырыңыз.

Екі аяқты қосып тік тұрыңыз. Екі қолды барынша соза көтеріп, саусақтарыңызды айқастыра ұстаңыз. Жаймен өкшені көтеріп, аяқ ұшымен тұрыңыз. Барынша көтеріліп, қолыңызды барынша созуға тырысыңыз. Қайта төмен түсіп, өкшені жерге тигізіңіз. Осы жаттығуды 15 рет қайталау қажет.

Еденге аяқты айқастыра отырыңыз. Қолыңызды кеуде тұсына айқастырып, содан соң айқасқан күйінде жоғары көтеріңіз. Жоғары қарай барынша тартып, денеңізді де көтеруге тырысыңыз. Ең жоғары нүктеге жеткенде бірнеше секунд сол қалыпты ұстап тұрыңыз. Қолыңызды қайта кеуде тұсына түсіріңіз. Осы қалыпта 15 рет қайлаңыз.

Жаттығулар кешеніне әр күні 10-15 минутты арнау жеткілікті.


  • Созылу жаттығулары арқылы

Бір қарағанда керіліп-созылу жаттығуларының денені босаңсытқаннан басқа пайдасы жоқтай көрінуі мүмкін. Бірақ, олай деп ойлайтындар қателеседі. Қарқынды дене жаттығуларын жасасаңыз, керіліп-созылу жаттығуларын да міндетті түрде қосуға тиіссіз. Онсыз дене жаттығулары сіз межелеген нәтижеге жалғыз жеткізе алмасы анық.

Оқи отырыңыз:

Беліңіз ауырса, бір-ақ жаттығумен жазуға болады

  • Сылап-сипау арқылы

Денені уқалап, сылап-сипаудың да бой өсіруге пайдасы бар. Тек оны кәсіби сылаушы жасауға тиіс. Қарапайымдылығына қарамастан, бұл әдіс жасөспірім ағзаға ғана емес, 25 жастан асқан адамдардың ағзасына да елеулі әсер етіп, бойының өсуіне ықпалын тигізе алады.

Аталған жаттығуларға қоса, тамақтану салтыңыз, ағзаның қалыпты жұмыс жасауы, асқорыту мен заталмасу процестерінің дұрыс жүруі де бойдың өсуі не тоқтап қалуына әсер етеді. Бойдың өсуіне қажетті негізгі минералдар — кальций мен темір. Сондықтан, күнделікті ас мәзіріне ірімшік, айран, сүзбе сынды сүт өнімдерін міндетті түрде қосып отыру қажет.

Сүт құрамы бойдың өсуіне қажетті аса маңызды құнарлы заттар мен минералдарға өте бай. Ондағы бір ғана кальцийдің өзі не тұрады! Кальций — адам ағзасындағы сүйек атаулының негізгі тірегі. Одан бөлек, сүт құрамынан А дәрумені мен негізгі ақуыздар да көптеп табылады. Осының бәрі қосыла келе, сүйектердің өсіп, бойдың едәуір ұзаруына айтарлықтай үлес қоса алады.

Сондай-ақ, алманың темірге бай екені белгілі. Әрине, кальций мен темір болса болғаны, осы екеуі жеткілікті деуден аулақпыз. Сүйектердің өсуі үшін фосфор және дәрумендер қатарының да ағзаға сіңірілуі маңызды.

Халық арасында кең тараған сәбіз бен балықты неғұрлым көп жесең, соғұрлым бойың да өсе түседі деген түйінді толықтай дұрыс деуге келмейді. Ағзаның қандай да бір минерал не дәруменді шамадан тыс сіңіруінен зиян шегуіміз де әбден мүмкін. Сондықтан, бәрі өз мөлшерімен болғаны дұрыс.

Бір жақсысы, бұл амалдарды жасау үшін ешқандай құрылғы не арнайы процедураның қажеті жоқ. Сондықтан, оны кез келген адам үй жағдайында орындап, бойына бірнеше сантиметрлер қоса алады.

Ал, бой өсіретін жаттығулар жөнінде кәсіби түрдегі кеңес пен көмек алғым келеді десеңіз, жаттығу залдарына барыңыз. Ондағы жаттықтырушылар қоржынында бой өсіруге арналған арнаулы бағдарламалар болатыны сөзсіз.

Фотолар ашық дереккөздерден алынды

Оқи отырыңыз:

«Құпия шаруада» еркектің қуатын арттыратын құпия жаттығу

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет