БҮКІРЛІКТІ 10 секундта ТҮЗЕТУГЕ болады

0
6 443

Мамандардың пікірінше, бүкірейіп, еңкіш тартып жүру салмақтың көбеюі, омыртқаның қисаюы, остеохондроз, сколиоз сынды ауруларға алып келеді.


БҮКІРЛІКТІ 10 секундта ТҮЗЕТУГЕ болады

Дұрыс қалыптасқан дене мүсіні денсаулықтың мықты болуына әсер етеді. Сонымен қатар, өз-өзімізге сенімді болып, тіпті бірнеше килограмнан оңай арылуға көмектеседі. Алайда көпшілігіміз, әсіресе компьютер алдында көп отыратын жандар қалай бүкірейіп отырып қалғанын байқамай да қалып жатады. Ал бүкірліктен құтылу үшін қарапайым 10 жаттығуды жасау жеткілікті. Бүгін сіздерге кез келген жастағы адамдарға дұрыс мүсін қалыптастыруға көмектесетін ең нәтижелі жаттығуларды ұсынамыз.


"Сәлемдесу"



Екі қолыңызды арқа жағынан біріктіріп, алақандарыңызды бір-біріне тигізіңіз. Екі қолдың да шынтақтары түзу тұрғанын қадағалаңыз. Жауырындар да бір-біріне жақындап, тиіп тұрғаны жақсы. Осы қалыпта 10 секунд тұру жеткілікті.


"Құлып"



Бір қолыңызды артқа, екіншісін көтеріп, шынтағыңызды бүгіп, иық тұсына әкеліңіз. Алақандарыңызды құлып тәрізді "бекітіңіз". 5 секундтан кейін екінші қолыңызды ауыстырыңыз.


"Айналу"



Қолыңызды басыңыздың артына қойып, дененің төменгі жағын қозғалтпастан, жоғарғы бөлігін солға бұрыңыз. Ал арқаңызды орындықтың артына сүйенбеңіз, екеуінің арасы арасы ашық болсын. Дәл осылай денеңізді 5 секунд ұстап тұрыңыз, содан кейін оңға бұрылыңыз.


"Иілу"



Орындықтың шетіне отырып, қолыңызды бастың артына қойыңыз. Содан кейін арқаңызды бүгіп, төбеге қараңыз. Басыңызды баяу артқа қарай жылжытыңыз да, жоғары қарай қараңыз.


"Тік тұру"



Арқаңызды қабырғаға тіреп, тік тұрыңыз. Жауырын, бөксе мен балтырдың қабырғаға тиіп тұрғанына көз жеткізіңіз. Ішіңізді барынша ішеке тартып, ірнеше рет терең дем алып және деміңізді сыртқа шығарыңыз.


"Құлау"



Бұл жаттығуды алдыңғы жаттығудың жалғасы десе де болады. Қабырғаға тақалып тұрып екі қолды екі жаққа жіберіңіз. Сосын ақырындап тізеңізді бүгіп алға қарай құлап бара жатқандай жасаңыз. Осы қалыпта 10 секунд тұрыңыз.


Пресс жасау



Прессті мықты ете түсеміз. Өйткені дене тек арқа бұлшықеттерімен ғана тік болмайды, оған іштің бұлшықеттері де әсер етеді. Іш пресіне қысым түссе, арқа өзінен-өзі түзу болады. Кең белбеу, жоғары белді белдемше немесе шалбар іш бұлшықеттерін қажетті күйде ұстауға көмектеседі.


Арнайы қалып



Орындықтың шетіне отырыңыз, бір аяғыңызды орындықтың астына қойыңыз (неғұрлым алыс болса, соғұрлым жақсы), екіншісін алға қарай созыңыз. Бұл қалып сіздің арқаңызды түзетуге және оны тік ұстауға көмектееді. Арқаны түзетуге аранлаған жаттығуларды орындағанда негізінен осы қалыпта отыруға кеңес береміз .


Арқаға салмақ салу



Компьютермен жұмыс істеу барысында арқаңызға қандай да бір затты іліп қойыңыз. Мысалы, қарапайым киім ілгішті алсаңыз болады. Ол салмақпен төменге қарай тартып тұрады да, арқы тік бола түседі.


Кеудеге салмақ салу



Үй ішінде кез келген жұмысты жасаған кезде кеуде тұсына рюкзак іліп алыңыз. Оның ішіне бірнеше зат салсаңыз да болады. Себебі дене тепе-теңдікті ұстағысы келеді де, артқа қарай тартына бастайсыз.


Жоғарыдағы жаттығулардың нәтижесі өте жылдам болады әрі ұзаққа дейін сақталады. Егер тұрақты түрде жасап тұрсаңыз және өзге де жаттығулармен қоса орындасаңыз, көп күттірмей-ақ дене мүсініңізде оң өзгерісті байқасыз.


Дереккөз: adme.ru

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


«Айкөне» жаттығуымен омыртқаны 21 күнде емдеуге болады – жаттықтырушы


Мына ТЕСТТЕН ӨТЕ АЛҒАН адам ҰЗАҚ ӨМІР СҮРЕДІ