​БҰЛ жаттығу БЕТ пішінін БІР айда өзгертеді

0
5 865

Әрбір нәзік жанды білуі тиіс жаттығулар.


​БҰЛ жаттығу БЕТ пішінін БІР айда өзгертеді

Жылдар өте келе бет терісінің тонусы өзгере бастайды. Беттің терісі салбырап, әжім меңдейді. Бұл – кәріліктің белгісі. Алайда бет бұлшықеттерінің тонусы жақсы болса қартаю үдерісін баяулатуға болады. Ол үшін дене бұлшықеттері секілді бет бұлшықеттерін де шынықтыру қажет. Сізге бет терісін ұзақ уақыт бойы жас қалыпта ұстап тұруға көмектесетін кешенді жаттығуды ұсынамыз. Жаттығуларды күнделікті орындау арқылы беттің терісін тартып қана қоймай, пішінін де өзгерте аласыз.

Кез келген жаттығуды орындамас бұрын алдымен бұлшықеттерді жұмсартып әрі қыздырып алу қажет. Сонда ғана жаттығу нәтижелі болады.

Еденге спорттық төсеніш төсеп тұрыңыз немесе орындыққа отырыңыз. Денеңізді тік ұстап, дауысыңызды барынша шығарып, мына әріптерді қайталаңыз: «А», «О», «И», «Э». Жаттығуды асығыс орындауға болмайды. Бетіңіз қыза бастағанын сезгенше жаттығуды тоқтатпаңыз.



Бет бұлшықетерін қыздырып әрі жұмсартып алға соң негізгі жаттығуларға кіріссек болады.


№ 1


Орындыққа ыңғайлы отырып алыңыз. Содан соң басыңызды жоғары көтеріп, төбеге қараңыз. Төменгі ерніңізді шамға "тиетіндей" етіп жоғары көтеріңіз. Әрине, бұл мүмкін емес. Бірақ сіз жатығуды көз алдыңызға елестетіп, жасап көріңіз. Қаншалықта жоғары көтерсеңіз, соншалықты әсерлі болмақ. Осылай 5-10 секунд тұрыңыз, кейін бұлшықеттерді босаңсытыңыз. Дәл осылай жаттығуды тағы 2-3 рет қайталау керек.


№ 2


Келесі жаттығуда қолыңызды айқастыра, өзіңізді құшақтаңыз. Осы қалыпта мойныңызды баяу жоғары көтеріңіз. Бел мен арқа тік қалыпта қалуы қажет. Осылай қаншалықты ұзақ тұра алғанша тұрыңыз. Кейін терең тыныс алып, ішіңізден 10-15-ке дейін санаңыз. Ақырын бастапқы қалыпқа келіңіз.


№ 3


Бұл өте қарапайым болғанмен нәтижелі жаттығудың бірі. Ол жақтың салбырауының алдын алады.

Езуіңізді барынша төменге қарай тартыңыз. 5 секунд осылай тұрған соң бастапқы қалыпқа қайта келіңіз. Жаттығуды 5 рет қайталасаңыз жеткілікті. Қаласаңыз 10-15 рет қайталауға да болады. Қимылды бет бұлшықеттерінің шаршағанын сезінген уақытта тоқтатыңыз.


№ 4


Арқаны тік ұстап, орындыққа отырыңыз. Қарындашты тісіңізбен тістеп, ерніңізбен қысуыңыз. Енді басыңызды қозғалтпай қарындашпен ауаға өз есіміңізді (немесе кез келген сөз) жазыңыз. Жаттығуды тоқтаусыз 3 минут қайталау қажет. Кейін демалып, қайта бірнеше рет қайталаңыз.


№ 5


Келесі жаттығу мойын бұлшықеттеріне әсер етіп, беттің пішінін қыса түсуге көмектеседі.

Басыңызды оңға қарай қисайтыңыз. Құлағыңыз иыққа тигенше. Бірақ алақаныңызбен самайдан итеріп, бастың қозғалысына кедергі жасаңыз. Осылай 10 секунд тұрып, жаттығуды сол жақпен қайталаңыз.


№ 6


Терең тыныс алып, ауызға ауа толтырыңыз. Қолыңызбен бетіңізді ұстаңыз, саусақтарыңыз құлағыңызға тиі тұрсін. Кейін жаймен бетіңізді қыса түсіңіз, ал бет бұлшықеттері бұған барынша қарсы тұруы қажет. Осылай 5-6 секунд тұрасыз да, кейін бетті босаңсытасыз. Аздап үзіліс жасап, жаттығуды тағы 5–6 рет қаталайсыз.


№ 7


Аузыңызды ашып, үстіңгі және астыңғы ерінмен тісті "іліп" аласыз. Енді төменгі жақты аздап алға қарай шығарып, сұқ саусағыңызды иегіңізге тигізесіз. Саусақ пен иек бір-бірімен қарсыласу керек. Саусақпен иікті итергенде бет бұлшықетерін бірде босаңсытып, бірде қатайтыңыз. Осылай 10 рет қайталайсыз.


№ 8



Ең соңғы әрі ең қиын жаттығу: жақ бұлшықеттерін нығайтады.

Жұдырығыңызды түйіп, иекке тірейсіз. Ал тіл астыңғы тіске тіреліп тұрсын. Жұдырықпен иекті жоғары қарай итеріп, тілмен төменге қарай қарсы қысым түсіру керек. Дәл осы қалыпта 30 секунд бұлшықетттерді тырыстырып, кейін 5 секунд босаңсытасыз. Қимыл 10 рет қайталанады.

Дереккөз: adme.ru

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ОМЫРТҚА ЖАРЫҒЫ барларға жасауға БОЛМАЙТЫН 5 жаттығу


ДОП бір минутта АРҚАНЫҢ АУЫРҒАНЫН басады