Фитнес жасқа қарамайды: 60-тан асқан МІНСІЗ МҮСІНДІ қариялар

0
4 409

Олар өз үлгілері арқылы мүмкін емес дүние жоқ дейді. Олар сымбатты, әдемі, бақытты, барлығы да 60-тан асқан қариялар.


Фитнес жасқа қарамайды: 60-тан асқан МІНСІЗ МҮСІНДІ қариялар

Адамдар арасында "махаббат жасқа қарамайды" деген қағида бар. Бірақ жасқа да, жасамысқа да ортақ дүние тек махаббат емес. Спортты серік еткендердің арасында да түрлі буын өкілдері бар. Тіпті сексеннің сеңгіріне шыққандардың арасында да жаттығу жасап, сымбатын сақтанғандар көп. Жас болмаса да, өмірлерін түбегейлі өзгертіп, әдемі мүсінге ие болған қариялар үлгі алуға лайықты. Егер сіз фитнес залға баруға әлі де сылтау іздеп жүрсеңіз, онда мына сұлуларға қараңыз!


Венди Ида – 65 жаста, @wendyidafitness

Қызметі: фитнес жаттықтырушысы, тележүргізуші.
Венди спортпен жас кезінде айналыспаған. Оның фитнеспен шұғылдана бастағанына 20 жылдан енді ғана асты. Бір қызығы, оның бұған бет бұруына сүйіктісімен ажырасуы себеп болған екен. Сүйген адамымен айырылысқаннан кейінгі күйзелісті жеңуге оған жаттығу көмектесіпті.

«Мен өз жасымды айтсам, жан-жағымдағылар маған сенбейді. Тіпті, менің жүргізуші куәлігімді сұрап жатады. Олар мені 30 жаста деп ойлайды. Мен 22 жастағыларды жаттықтырған кезде олар мені құрдасы деп ойлаған көрінеді. Мені қызыммен бірге көргендер бізді апалы-сіңілілі деп жатады», - дейді ол.



20 жыл ішінде ол жаттыға отырып, 35 кг салмақтан арылған. Қазір өзі де жаттықтырушы болып қызмет атқара. Өзіне сенімді, жетістікке жеткен әйелден кеңес сұрайтындардың да қарасы көп. Күнделікті жаттығуға (кардио және күш жұмсайтын) кем дегенде екі сағатын арнайтын Венди спортпен айналысу үшін жас ерекшелігінің еш кедергісі жоқ екенін айтады. Дегенмен, денемізді басқара алу үшін спортпен жас кезден дос болған пайдалы екенін де ескертеді.





Элен Эктор – 65 жаста, @ellenectorfit
Қызметі: фитнес жаттықтырушысы, смузи өндіретін компанияның негізін қалаушы.
Элен 2009 жылға дейін әлеуметтік қызметкер болып қызмет етті. Алайда сол жылы ол өз өмірін түбегейлі өзгертуді жөн санайды. Бес баланың анасы, төрт немеренің әжесі атанған Элен жұмыстан шығып, спортпен айналысып, фитнес жаттықтырушысы болады. Қазір сымбаты келіскен әйел бірнеше фитнес клубтарының желісін басқарады. Онда Элен әйелдерге фитнестің қыр-сырын үйретеді, сонымен қатар пайдалы сусындар мен смузилер шығарумен де айналысады. Эленнен дәріс алу үшін АҚШ-қа ұшудың қажеті жоқ. Ол инстаграм желісі арқылы үй жағдайында орындалатын жаттығуларды ұсынып жүр.


Пегги Гилбери – 70 жаста, @rockandrollpeggy
Қызметі: аэробика бойынша инструктор және жеке жаттықтырушы.
Пегги фитнеспен шұғылдануға 50 жасынан бастап шындап кіріскен. Ол жай ғана айналысып қоймай, бодибилдинг бойынша жарыстардан жүлделі орындарға ие болған. Төрт жыл бұрын жолдасы қайтыс болып, қиын жағдайға тап болса да, ол жаттығуды тоқтатқан жоқ. Қазірде ол жеке тренермен жаттығып, күнделікті екі мезгіл ғана тамақ ішіп, екі рет протеинді коктейль тұтынады екен. "Жасың ұлғайған сайын денсаулығыңа мән беріп, жаттығу жасау керек. Сонда қартайған шағыңда да өзіңді бақтты сезінесің", дейді Пегги әже.



Эрнестина Шепард – 81 жаста, @ernestine.sheperd
Қызметі: фитнес-жаттықтырушы.
2010 жылы Эрнестина Шепард бодибилдингпен шұғылданатын әлемдегі ең кәрі әйел ретінде Гиннес рекордтар кітабына енді. Эрнестина бұл спорт түрімен ол қартайған шағында кездейсоқ айналыса бастадығанын еске алады. Ол киім дүкеніне сіңілісімен бірге суда жүзуге арналған киім алуға барған сәтінде өзінің денесін айнадан көріп қатты ыңғайсызданған екен. Кейін аэробика, серуендеу сияқты қозғалыстарды жасап, спорт залдарға барады. Тіпті, он шақты жүгіру марафондарына да қатысқан. Оған үлкен әпкесі Милдред те қолдау білдіріп, бірге спортпен шұғылданады. Сөйтіп әпкесі екеуі бодибилдингпен айналысуды қолға алады.
Эрнестина фитнеске күнделікті 1 сағатын арнауды дағдыға айналдырған. Ол режимге аса қатты мән береді. Күнделікті ұйқыға түнгі 10-да жатып, таңертең 3-те тұрып медитация жасайды. Жеміс-жидек пен көкөністі көп тұтынады және тамақты буға немесе пешке пісіреді, қуырылған тамақтан бас тартқан.Тынымсыз әже фитнес-жаттықтырушы болып та жұмыс істейді.


Тао Порчон-Линч – 99 жаста, @taoporchonlynch
Қызметі: йога ұстазы.
Тао – әлем бойынша йогадан дәріс беретін ең кәрі әйел. Ғасыр жасаған әже йогамен ұзақ жылдар бойы айналысып келеді. Бала күнінде ол жағажайда йогамен шұғылданып отырған адамдарды көреді. Бұл көрініс оған ұнағаны соншалықты Тао көп өтпей йогамен айналыса бастайды. Оған қоса бимен де шұғылданған.

«Мені өз жасымнан ешқашан ұялған емеспін. 87 жасымда мен бал билерімен шұғылдануды қолға алдым. Биден жетістіктерім де көп. Менімен бірге билейтін жұбымның 25 жылдық тәжірибесі бар. Мен үнемі ернімді қанық түске бояймын, әрдайым биік өкшелі аяқ киім киемін», - дейді Тао Порчон-Линч.

1982 жылы ол Нью-Йоркте йога институтының негізін қалады. Сол жерде әлі күнге дейін тынымсыз жұмыс істеп жатыр. 2012 жылы Тао әлемдегі йога үйрететін кәрі әйел ретінде Гиннес рекордтар кітабына енді. Оның йога үйретудегі тәжірибесі 70 жыл.


Ван Дешунь – 80 жаста

Жасы 80-нен асқан қытайлық қарияның әлі де күш-қуатым тасып тұр. «Егер сіз жасыңыз туралы ойлана беретін болсаңыз, ол әрине кедергі болып көрінуі мүмкін. Адам баласының биологиялық жасы болады, сонымен бірге ақылын айқындап тұратын тағы бір жасы бар», - дейді Ван Дешунь.

14 жасында Ван Дешунь мектепті тастап, автобус кондукторы болып жұмыс істейді. Одан кейін әскери фабрикада жұмысшы болыпты. Бірақ актер болсам дегена рманмен 20 жасында жергілікті мәдениет сарайындағы тегін курсты оқиды. Осылайша оның 20 жылға созылған актерлік өмірі басталды.

24 жасымда мен театрда актер болдым.

*44 жасымда ағылшын тілін оқи бастадым.

*49 жаста өзімнің пантомима (ымменкөрсететінойын) труппасын құрып, Пекинге жол тарттым. Ол жақт амені ешкім танымайды, сондықтан барлығын басынан бастау керек болды.

*50 жасымда мен алғашрет гимнастика залына кіріп, өз-өзіммен жұмыс істей бастадым.

*57 жасымда сахнаға қайта оралып, тірі скульптура деп аталатын ерекше өнер түрін ойлап шығардым.

*70 жаста денеммен жұмыс жасау бойынша жүктемені арттырдым.

*79 жасымда бірінші рет подиумғ ашықтым, - дейді танымалдықтың ұзақ жолын жүріп өткен Ван Дешунь.

50 жасында ол Пекиндегі спорт залдарына бара бастады. «Мәселе сенің жақсы көрінуің мен саламатты өмірсалтын ұстануда емес. Мен спортпен пантомимоға әдемі дене керек болғаныдығы үшін айналыстым», - дейді Ван.

50 жасынан бастап Ван Дешунь күн сайын төрт сағаттан тренажер залында шынығып келеді. 81 жасында да ол жаттығуынт тоқтқанемес, күніне екі сағатын спортқа арнайды. Оның сымбатты мүсінінің ерекшелігі де сол күнделікті жаттығу мен дұрыс тамақтануда. Жазда ол күніне 2 сағат жүзумен айналысып, атқа мінеді. Ал қысқыу ақытқа коньки тебеді. 65 жасында ол «Аспан мен жер жауынгерлері» атты фильмнің түсірілімінде атпен шабуды үйренді. Ал 78 жасында мотоцикл айдауды игерген.

Ван фитнеспен түбегейлі 70 жасынан бастап айналыса бастаған. Оның көпке көрсеткен үлгісі тек Қытайдың ғана емес, әлемнің кәрілік туралы түсінігін бұзды.


(Суреттер spletnik.ru сайтынан алынған)

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


БӨКСЕ әдемі болуы үшін АЯҒЫҢЫЗДЫ жоғары көтеріңіз


СІЗ НЕГЕ АРЫҚТАМАЙСЫЗ - 10 түрлі себеп