ҚАН ҚЫСЫМЫ жоғарыласа МЫНА нүктеге массаж жасаңыз

0
11 147

Денедегі ауырсынуды әп-сәтте басатын 9 нүктені білесіз бе?


ҚАН ҚЫСЫМЫ жоғарыласа МЫНА нүктеге массаж жасаңыз

Адам денесіндегі әрбір ағза белгілі бір биологиялық нүктемен тікелей байланысты. Сол нүктелерге массаж жасай отырып, ағзаның жұмысын жақсартуға, тіпті ауырсынуды әп-сәтте басуға болады. Қытай медицинасы бұл әдісті ертеден қолданып келеді. Әрине, ауыр сырқатты мұндай массажбен емдей алмайсыз. Дегенмен үйіңізге дәрігер келгенге дейін ауруды жеңілдетуге көмектсетіні анық.


Тамақ ауырса


Егер тамағыңыз ауырса, құлағыңызды уқалаңыз. Бұл әдісті күнделікті қайталауға болады.

Құлақққа массаж жасағанда оның ішкі жағында жүйкеге әсер етеді. Бұл бұлшықет құрысуын жазып, шаншып ауырудың басады.


Іштің түйілуі


Іштің жиі ауруы түйілудің себептерінен болады. Ал түйілуді басатын әдіс - бас бармақпен ішті қатты басу.

Қатты күйзеліске түскен кезде ішті жіппен буып қойған сияқты тыныс алуымыз қиындап кетеді. Бас бармақтағы сезімтал жүйке ұштары (рецепторлар) тыныс алуды реттеп әрі жүйкеге әсер етеді. Сол арқылы жүрек соғысын бәсеңдетеді. Осылай іштегі түйілу тоқтайды.


Мұрынның бітеліп қалуы



Мұрын бітеліп қалғанда екі әдісті қолданып көріңіз: тілді таңдайға тигізіп, бірнеше секунд тұру немесе саусақпен қасты басу.

Бұл ауыз қуысында жиналған қақырықтың әсерінен болатын қысымды төмендетеді. Қақырық түсіп, тыныс алу жеңілдейді.


Тіс ауырса



Тіс қақсағанда балалардың ғана емес, үлкендердің де есі кетеді. Ауруды басу үшін дәрі ішетіндер де бар. Аяқ асты сіздің де тісіңіз ауырса, дәрі-дәрмекпен емес, мұзбен емделіңіз. Иә, қарапайым мұз тіс ауруын басады. Ол үшін алақаныңызға мұз салып, бірнеше секунд ұстап тұрыңыз.

Алақанда мимен байланысатын көптеген сезімтал жүйке ұштары (рецепторлар) бар. Егер алақанды мұздатсаңыз, тіс ауруы да біршама уақытқа "мұздап" қалады. Осы уақыт аралығында стоматологиялық ауруханаға жетуге асығыңыз.


Бас ауруы


Бас ауруының емі - бас бармақ. 5 минут бас бармағыңызды қысып тұрсаңыз басыңыздың ауырғаны басылып, жаныңыз жай табады.

Жоғарыда жазылғандай, бас бармақ мимен байлансты. Сондықтан да біраз уақыт бас бармақты қысып ұстағанда, бас ауруы тоқтайды.


Жоғары қан қысымы



Ортаңғы сасақты барынша қысып ұстау арқылы жоғары қан қысымын түсіре аласыз. Сонымен қатар ашуды басуға да осы тәсілді қолдануға болады.


Жүректің жиі соғуы



Аты жоқ саусақты уқаласаңыз жүрек соғуы қалыпқа түсіді.

Ең алдымен мұрынмен терең тыныс алып, кейін ауаны ауызбен шығарыңыз. Содан соң аты жоқ саусағыңызды 5 минут бойы уқалауға кірісіңіз. Уқалау барысында баяу тыныс алыңыз. Осылай сіздің жүрек соғысыңыз да баяулай бастайды.


Лоқсу



Күтпеген жағдайда жүрегіңіз айнып, лоқси бастасаңыз бірден алақаныңызға массаж жасаңыз. Себебі алақан - адам бойындағы барлық эмоцияның орталығы. Ал сол эмоцияларды бір қалыпқа түсіру үшін саусақпен алақанға шеңбер сызып, айналдыру керек. Мұндай массажды бірқалыпты тыныс алу арқылы орындау ұсынылады.


Үрей, қорқыныш




Егер бойыңызды қорқыныш билесе, алақаныңызды бір-біріне тигізіп, бірнеше минут отырыңыз. Қолыңызды қатты қысудың қажеті жоқ, бір-бірне ақырын тигізудің өзі жеткілікті.

Бойыңыздан үрей біртіндеп шыға бастайды. Көңіл-күйіңізді қалыпқа түсіп, ағзадағы қан айналымы реттеледі.


Дереккөз: adme.ru

Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


«Айкөне» жаттығуымен омыртқаны 21 күнде емдеуге болады – жаттықтырушы


Мына ТЕСТТЕН ӨТЕ АЛҒАН адам ҰЗАҚ ӨМІР СҮРЕДІ