Ғарышкерлер қолданған ҚАРУЛАРДЫ білесіз бе?

0
2 519

Білмесеңіз, осы мақалада таныса аласыз.


Ғарышкерлер қолданған ҚАРУЛАРДЫ білесіз бе?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Ғарышқа саяхат жасау – күрделі әрі өте қауіпті. Сондықтан кез келген күтпеген жағдайға дайын болу үшін космонавтар өзімен бірге көптеген қару-жарақ алып жүрген. Олар қандай қару екені қызық болса, назарыңызға ұсынамыз.


1. Қалта пышағы – Camillus

Ғарышқа алғашқы адамдар ұшқанда ол жақ әлі толық зерттелмегендіктен барлық қажетті жабдықтар дайын болмаған. Бірақ, уақыт өте келе ғарышкерлер қауіптен сақтану үшін түрлі құралдармен жабдықтай бастайды.

Ғарышкерлер қолданған алғашқы қарудың бірі 1959 жылғы Camillus қалта пышағы болды. Атап айтқанда, оны 1961 жылғы 5 мамырда Mercury Freedom капсуласының ғарыш кемесінің бортында болған американдық астронавт Алан Шепар қолданған.


2. Швейцариялық әскери пышақ – Victorinox

Әскери қару тиімділігі және шыдамдылығымен ерекшеленеді. Сондықтан ғарышкерлер осы қорғаныс құралын таңдаған екен. Оны халықаралық ғарыш станциясының астронавтары жарты ғасыр бойы пайдаланып келеді.


3. Алғашқы орбиталық пышақ

Ғарышқа саяхат көбейе бастағасын өндірушілер арнайы құралдар жасаған. Оның алғашқысы Mercury ғарыш кемесінде пайдаланылған Model 17 "Astro" пышағы болды. Ұзындығы 5,5 дюйм болатын пышақтың күші люктерді ашуға жететін болған.


4. «Астронавт case M-1» пышағы

Бұл пышақты алғаш болып "Джемини" және "Аполлон" операциясына қатысқан ғарышкерлер қолданған екен. Ұзындығы 17 дюйм болатын, артқы жағында тістері бар құралды көп қызметте пайдалануға болады. Пышақтың салмағы жеңіл болғанымен, өте берік жасалған.



5. Ресейлік қару

КСРО-ның және кейінгі ресейлік ғарышкерлер де қажетті қару жиынтығымен қамтамасыз етілген. Оның бірі осы пышақ. Құралмен қорғануға және түрлі қызметтерді орындауға болады.


6. Ет турағыш

Ғарышкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті қару жиынтығы, оның ішінде суық қарумен жабдықтайтынын айттық. Алайда, тұрмыстық қажеттіліктерді де ұмытуға болмайды. Сондықтан ресейлік ғарышкерлер 1997 жылы шұжықты кесетін ас үй гаджетін пайдаланған. Дегенмен, бұл ет турауға ғана емес, қару ретінде де қоданылған екен.



7. Emerson

NASA астронавтар үшін әрдайым арнайы жабдықтарға тапсырыс беріп келеді. Мысалы, 1999 жылы Emerson компаниясымен келісім-шарт жасап, арнайы осындай жиналмалы пышақтарды жасатқан.


8. Аншпуг

Американдық ғарыш кемелері әдетте аспаптар жиынтығымен жабдықталатын болған. Олардың арасында аншпуг деп аталатын гаджет бар, оны қол күшімен қозғалуға лом ретінде және қорғаныс құралы ретінде пайдалануға болады.


9. ТП-82 тапаншасы

Кеңестік ғарышкерлер тек пышақпен ғана емес, суық және атыс қаруымен де жабдықталған. "Ғарыштық" қарудың жарқын үлгісі ТП-82 тапаншасы. Ол үш оқпанды болған және әрқайсысы өз қызметін атқарған: біріншісі – оқпанды бөлшектермен, екіншісі – патрондармен, ал үшіншісі – сигналды зымырандармен атқан.


10. Кеңестік лазерлік тапанша

Ғарышкерлерге арналған атыс қаруларының бірегей үлгілері бар. Олар түрлі модификациядағы лазерлік тапаншалар. Пиротехникалық оқ-дәрілермен оқталатын құралдар жаудың ғарыш кемелеріндегі немесе спутниктердегі оптикалық датчиктерді істен шығаруға арналған.

Сондай-ақ, мұндай тапаншаның лазерінің қуаты скафандр дулығасының қалқаншасын бұзуға немесе қарсыласына жиырма метрге дейінгі қашықтықтан шабуылдауға мүмкіндік береді.


11. Электр құралдары

Ғарыш кемесі тек пышақ және тапаншамен ғана жабдықталмаған. Оның ішінен сымсыз электр құралдарын да табуға болады. Алғашқыда оларды белгілі бір мақсатта ғана қолданса, қазір қару ретінде де пайдалануға болады.


12. Асхана құралдары

Негізі ғарышкерлерге арналған арнайы тамақтар мен асхана құралдары да бар. оның арасынан пышақ пен шанышқыны қару ретінде қолдана алады.


13. Қарапайым пенетрометр

Пенетрометр ай топырағының қаттылығы мен нығыздығын өлшеу кезінде қолданылады. Алайда, оны жақын шайқаста шаншып-кесетін қару ретінде қолданыла береді.


14. Айдағы гольф таяғы

1971 жылғы американдық ғарыш кемесіндегі ғарышкер алғаш рет айға екі гольф добын жіберген. Ал допты ұрған гольф таяғын қару ретінде жасап шығарған екен.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН: Гигиена талаптарын сақтауға мыналар КӨМЕКТЕСЕДІ


Жаңа технологиялар: Азық-түлік сақтауға ӨТЕ ТИІМДІ құралдар