Қазіргі уақытта үйдегі тазалықты ғана емес, жеке гигиена талаптарын сақтау да өте маңызды.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Сіздердің назарларыңызға жеке гигиена үшін жасалған заманауи құралдардың ең үздіктерін ұсынамыз.
1. Ақылды сұйық сабын жүйесі
Адам денсаулығын сақтау үшін ұстанылатын алғашқы әрі өте маңызды ережелердің бірі – қолды тазалап жуу. Сондықтан ішінен сұйық сабын бөлінетін мұндай гаджет әр үйге күнделікті қажет болады.
SimpleHuman деп аталатын құрылғы қозғалыс датчигімен жабдықталған. Ол диспансердің астына қолды апарған кезде қандай көлемде сабын бөлу керек екенін анықтап, түтік арқылы қолға құяды. Сондай-ақ, бұл құрылғы кейде сабынмен ойнайтын балалардың «артын» жинап әуре болмау үшін де өте тиімді.
2. Сенсорлық араластырғыш
Соңғы уақытта жуынатын бөлмеге арналған "ақылды" гаджеттер көптеп шығарыла бастады. Мұндай технологиялардың тамаша үлгісі ретінде бүгінгі күні нарықта көптеген сұранысқа ие болған сенсорлы араластырғыштардың тұтас буынын атауға болады.
Ең алдымен, байланыссыз пайдалануды дамытқан мұндай құрылғы гигиена деңгейін айтарлықтай арттырады. Сонымен қатар, сенсорлық араластырғыштың басты функцияларының тізіміне: қажетті су температурасын белгілеу және артық су ағуды болдырмаудың автоматты жүйесі кіреді.
3. Өздігінен тазаланатын «унитаз»
Бұл да тазалық бөлмесінің ыңғайлы болуына септігін тигізетін тағы бір қызықты өнертабыс. Әрине, кез келген үйдегі «унитаз» тазаланады, ал мына жүйе ол қызметті өздігінен атқарады.
Ideal Standard компаниясы өндірген "ақылды әжетхана тазалағыштың" арнайы жабыны бар. Ол лас бөлікті жуып, залалсыздандыру жұмыстарын қоса атқарады, яғни микробтардың көзін жойып отырады.
4. Тіс щеткасын залалсыздандыру
Гигиена деген кезде ауыз қуысының тазалығы міндетті түрде еске түседі. Мамандардың кеңесіне сүйенсек, тіс щеткасын жылына үш-төрт рет ауыстыру қажет. Дегенмен, көптеген адамдар бұл ережені ұмытып кетіп жатады немесе үйреніп қалған щеткасын қолдана бергісі келеді.
Егер сіз тіс щеткасын өте сирек ауыстыратын болсаңыз, дезинфекциялауға арналған арнайы гаджетті қолануға болады. Ол ультракүлгін сәулелерді пайдаланып щеткадағы барлық бактериялар мен микробтарды өлтіреді.
5. Ақылды тіс щеткасы
Ал мына гаджет электрлі тіс щеткасына бұрыннан үйренген немесе қолданғысы келетіндер үшін тамаша құрал. Мұндай щеткалардың түр-түрі бар, мысалы Kolibri деп аталатын щетка смартфонға жүктелетін арнайы қосымша арқылы тісті дұрыс тазалауды үйретіп, пайдалы кеңестер ұсынады.
Бірақ "ақылды тіс щеткасының» ең танымалы – Philips DiamondClean. Бұл гаджет шын мәнінде көптеген қызмет атқарады: құрал тіс тазалаумен қатар, оларды ағартады және қызыл иекті жылтыратады. Көптеген тұтынушылар оның іс-әрекеті стоматологтардың кәсіби тазалауына ұқсас екенін айтқан.
6. Бейімделу функциясы бар электрлі ұстара
Электронды ұстара – қазіргі нарықта жаңалық болып есептелмейді, алайда әлі де мол сұранысқа ие болғандықтан, үнемі оның жаңа үлгілері жарыққа шығуда. Соңғы жылдары өндірілген ұстаралар қажетсіз тетіктерді жоюмен қатар, "бейімделу функциясын" қосқан. Оның көмегімен ұстара тері түрін анықтап, зақымдамауға мүмкіндік жасайды. Ал, тері зақымданса, қандай қауіп тууы мүмкін екенін кез келген адам білетін болар.
7. Ваннаға арналған сандық жүйе
"Ақылды үй" жүйесін ұсынушылардың бірі болған Dornbracht компаниясы адамдарға ыңғайлы жағдай жасау үшін SmartWater атты ваннаға арналған цифрлы жобаны әзірледі.
Бұл технология көптеген функциялар және бағдарламалармен жабдықталған. Оның ішіне судың температурасы мен көлемін реттеудің стандартты жүйесі, пайдаланушының қажеттіліктеріне байланысты су ағынын басқару, сонымен қатар жағымсыз иіс шықпауын қадағалау кіреді.
8. Гаджетке арналған бактерияға қарсы пленка
Біздің әрқайсымыз күнделікті қолданатын заттардың бірі смартфон секілді гаджеттер. Алдыңғы тақырыптардың бірінде айтқанымыздай, олар да тұрақты тазалықты қажет етеді.
Мәселен, жақында iSkin деп аталатын гаджеттерге арналған арнайы антибактериалды құрал әзірленді. Бұл пленканың ерекшелігі – жиі ауыстырып тұруға болатын жабын түрлі бактерияларға қарсы күреседі және оны сумен жуа аласыз.
9. Гигиена мониторингіне арналған гаджет
Негізі гигиена деңгейін қадағалауға арналған білезікке ұқсас құралды американдық ғалымдар жеке тазалыққа ерекше жауапкершілікпен қарауы тиіс дәрігерлер үшін арнайы әзірлеген.
Құрал ластану деңгейін білдіретін арнайы түрлі түсті индикаторлармен жабдықталған: мысалы жасыл түс – "бәрі жақсы", сары – "қолды жуатын кез", қызыл – "қатты ластану" деген сияқты белгілер береді.
Адам денсаулығы – өмірдегі баға жетпес байлық. Сондықтан, гигиена талаптарын қатаң сақтап жүру өзіміз үшін өте маңызды үрдіс.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз: