IPhone 15 ҚАНДАЙ БОЛАДЫ? Жаңа дизайнның ЕРЕКШЕЛІГІ КӨП ПЕ?

0
4 039

Шығатын күні, модельдері және жаңартулар туралы не білгіңіз келе ме?


IPhone 15 ҚАНДАЙ БОЛАДЫ? Жаңа дизайнның ЕРЕКШЕЛІГІ КӨП ПЕ?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Біз сенімді дереккөздерден ең сенімді деректерді жинадық.

Жыл сайын қыркүйек айында Apple компаниясы жаңа iPhone-ының тұсаукесерін өткізеді. Бұл электроника индустриясындағы адамдар асыға күтетін оқиғалардың бірі болып саналады. Бірақ, жаңа құрылғылар туралы ақпараттар әлдеқайда ертерек пайда болады. Олардың арасында сенімсіз дереккөздердің қиялдары да, расталатын хабарламалар да бар. Әдетте танымал инсайдерлер сенімді ақпарат береді. Себебі, олар Қытайдағы зауыттарда жұмыс істейді немесе Apple қызметкерлерімен тікелей байланыста болады. Осы ретте біз ресми хабарландырудан бұрын iPhone 15 туралы белгілі болған ақпараттың бәрін жинадық. Дегенмен, олардың ішіндегі кейбірі ертеңгі күні біз күткендей болмай қалуы да ықтимал.


2023 жылы iPhone 15-тің қандай модельдері шығады?

Ғаламтордағы деректер бойынша, iPhone 15 былтырғыдай төрт түрлі болып шығады деп болжанып отыр. Бірақ модельдердің атаулары өзгеруі мүмкін:

  • iPhone 15 – негізгі модель.
  • iPhone 15 Plus немесе Max — iPhone 14 Plus-тің мұрагері болып саналатын кеңейтілген негізгі iPhone.
  • iPhone 15 Pro – салыстырмалы түрде актам пакеттегі жетілдірілген модель.
  • iPhone 15 Pro Max немесе 15 Ultra — ең қымбат және ең үлкен экранды iPhone.

IPhone ultra деген не?

IPhone 15 Ultra деген атауды алғаш рет 14 Promax моделіне шолу жасаған Bloomberg компаниясының өкілдері айтқан. Бұрын бұл атау тек Watch Ultra сағаттары мен M1 Ultra процессоры үшін қолданылған. Бұл модельдер аталған құрылғылардың ең қуатты, ең қымбат және техникалық жағынан жетілдірілген түрлері болып саналады.

Егер, ең үлкен iPhone шынымен Promax-тан Ultra-ға өзгертілсе, теория бойынша ол қазіргі iPhone 14 Pro Max-тан ғана емес, болашақ iPhone 15 Pro-дан да асып түсуі керек.


IPhone 15, 15 Max, 15 Pro және 15 Ultra қандай болады?

Дөңгелек беттер. Аталған құрылғының сызбасы жайлы деректерге сүйенсек, iPhone 15 құрылғыларының сыртқы түрі өзгеретінін аңғарамыз. Тік қырлы корпустың жалпы контуры өзгеріссіз қалады, бірақ, жақтаудың шеттері дөңгелектенеді. Осылайша телефонды қолда ұстау ыңғайлы болмақ.


Dynamic Island. Сондай-ақ, IPhone 15-тің барлық модельдерінде сопақша кесілген экрандар болады деп айтылып жатыр. Қазір бұл элемент тек 14 Pro және 14 Pro Max модельдерінде қолданылады.

Сенсорлық түймелер. Ірі корпус өндірушісі CAD-тың сызбалары iPhone 15 Pro мен 15 Ultra-ның корпусында сенсорлық пернелер болатынын көрсетеді. Сынуы мүмкін және ауыстыруды қажет ететін физикалық түймелердің орнына дірілге жауап беретін сенсорлық платформалар орналастырылады. Дәл осы принцип бойынша MacBooks сенсорлық тақталары және iPhone SE-дегі Touch ID түймесі жұмыс істейді. Жылжымалы бөлшектері жоқ, бірақ құрылғы басуға қысқа дірілмен жауап береді.

Титан корпусы. Кейбір ақпараттарға сәйкес, iPhone 15 Ultra-ның жақтауы 14 Pro сияқты болаттан емес, Apple Watch Ultra-ның корпусы сияқты титан қорытпасынан жасалады. Осылайша, өндіруші осы модельге көптеген артықшылық енгізбек.

USB Type-C. Практикалық тұрғыдан басты жаңалық – жаңа қуаттау ұясы. Еуропалық Одақтың қысымымен Apple стандартты фирмалық Lightning қуаттау үлгісінен бас тартып, USB-C-ді таңдауға мәжбүр болды. Мұндай қосқыш барлық Android смартфондары мен планшеттерінде, Макбуктарда, көптеген заманауи iPad құрылғыларында және басқа да көптеген гаджеттерде қолданылады. Енді достарыңыздан тек iPhone-ның емес, кез келген қуаттағышты сұрай беруге болады.

Дегенмен, Apple қуаттау кабельдері үшін арнайы made for iPhone сертификатын енгізеді деген қауесет бар. Сертификатталмаған басқа да гаджеттердің сымдары iPhone 15-ті қуаттай алады, бірақ, жылдамдығы төмен болады. Бұл ақпарат расталмаған, яғни жалған болуы да мүмкін.



IPhone 15-тен не күтеміз?

Экран. Экрандардың диагоналы шамалы өзгерген. Кіші нұсқасы 6,2 дюйм, ал үлкені 6,7 дюйм. CAD сызбаларына қарағанда, экранның айналасындағы жақтаулар жұқа болады. Себебі, бұған дейін Apple-дың телефондары ескірген сияқты болып көрінгені үшін бірнеше рет сынға ұшыраған.

Барлық модельдерде энергияны үнемдеуге арналған арнайы чип пайда болады. Ол смартфонның ұзағырақ жұмыс істеуі үшін жарықты, жиілікті және басқа да дисплей параметрлерін басқарады.

Өнімділік. Негізгі iPhone 15 және 15 Plus қазіргі iPhone 14 Pro сияқты Apple A16 Bionic чипімен жабдықталады. Ал, 15 Pro мен 15 Ultra жаңа A17 Bionic чипінде жұмыс істейді. Жаңа чиптің қаншалықты қуатты болатыны әлі белгісіз.

Камера. Барлық iPhone 15 модельдерінде iPhone 14 Pro сияқты 48 Мп жаңа камера болады. Бұған дейін Apple шамамен жеті жыл бойы оптика мен өңдеу алгоритмдерін біртіндеп жетілдіре отырып, 12 Мп модульдерді қолданды. Енді компания бірнеше ұрпақ бойы 48 Мп модульді қолданып, жетілдіретін шығар.

IPhone 15 ultra-да масштабтау камерасы сапалы жабдықпен ауыстырылады. IPhone 15 Pro-да 14 Pro сияқты «3х» режимінде жуықтайтын үшінші камера боласа, iPhone 15 Ultra-ға перископ линзасы бар «6х» жуықтау камерасы орнатылады.


Байланыс. Барлық iPhone 15 модельдері 5G қолдауын және жаңа Wi-Fi 6E модульдерін алады. Бұл стандарт интернетке әуе арқылы жылдам және сенімді қосылуға мүмкіндік береді, бірақ ауқымы шектеулі.

IPhone 15-те не болмайды?


iPhone Max. Алдын ала болжам бойынша Plus атауы Max деп өзгертіледі екен. Дегенмен мұны кейінірек сенімді дереккөздер жоққа шығарды. Негізінде Apple үшін бұл тиімді шешім емес. Сондықтан компания бір жылдан кейін ешқашан атау өзгерткен емес. 2022 жылғы үлкейтілген iPhone 14 Plus те дәл алдыңғыдай аталды.


Саусақпен құлыпты ашу. Қазіргі деректерге сәйкес, компания қуат түймесіне енгізілген Touch ID саусақ ізі сканерін қоспайды. Дегенмен, ең мықты модельдерде діріл беретін сенсорлық түймелер болуы мүмкін.


Экран астындағы камера. Жыл сайын iPhone-ның алдыңғы камерасы экранның астына жасырылатыны айтылады. Әрине, бұл әдемі көрінуі мүмкін. Алайда, өндіруші биыл мұны қолданбайды.


Порттары мен тесіктері жоқ дизайн. Желіде бірнеше жылдан бері қуаттау ұясы, SIM карта ұясы және микрофондардан басқа тесіктері жоқ iPhone тұжырымдамасы талқыланып келеді. IPhone 14-тен бастап iPhone-ның американдық нұсқасында SIM ұясы жоқ, ал Phone 15 ultra-да жылжымалы түймелер болмауы мүмкін. Бірақ, iPhone-ның 15-ші буынында қуаттау порты сөзсіз болады.


50 Вт жылдам қуаттау. Көптеген Android смартфондары 60, 80 немесе тіпті 240 Вт ультра жылдам қуаттағышпен жабдықталған. Олар батареяны 15-30 минут ішінде толтыра алса, iPhone-ға шамамен бір сағат немесе одан да көп уақыт қажет. Бірақ Apple бұл мүмкіндікті смартфондарына қосуы екіталай. Егер дұрыс қолданылмаса, бұл құрылғының қызып кетуіне және батареяның тез тозуына соқтырады. Ал, Apple дәстүрлі түрде мұндай тәуекелдерге бармайды.


IPhone 15 қанша тұрады?

Әзірге баға туралы нақты ақпарат жоқ. Бірақ phonearena.com iPhone 15 және 15 Max-тың құны қазіргі буынмен бірдей болады деп болжайды. Сәйкесінше, 128 Гбайт жады бар нұсқасы 800-900 доллар шамасында болады.

Ал, IPhone 15 Pro-ның құны 1100 доллардан басталса, IPhone 15 Pro Max немесе Ultra-ның бағасы 1200-1300 долларды құрайды.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Заманауи смартфонның МҮЛДЕМ ПАЙДАСЫЗ функциялары

Электрондық кітаптың ҚАНДАЙ ЗИЯНЫ БАР? Білмейтініміз ӨТЕ КӨП!