Заманауи смартфонның МҮЛДЕМ ПАЙДАСЫЗ функциялары

0
3 212

Смартфон иелерінің көпшілігі барлық жаңа мүмкіндіктерді пайдаланбайды.


Заманауи смартфонның МҮЛДЕМ ПАЙДАСЫЗ функциялары

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Уақыт өткен сайын өндірушілер смартфондарын күшейте түседі. Тиісінше, құрылғының жұмысы өнімдірек болып, үнемі жаңа мүмкіндіктермен жабдықталады. Дегенмен, шын мәнінде пайдаланушылардың мәселелерін шешеді немесе олардың қажеттіліктерін қанағаттандырады делінген инновациялық жаңалықтардың барлығы бірдей пайдалы емес. Яғни, қазіргі смартфондардың көптеген мүмкіндіктері маркетингтік мақсатқа көбірек қолданылғанымен, пайдаланушылардың нақты сұраныстарына сәйкес келмейді. Әрине, кейбір жаңа функциялардың кейбіреулері экспериментті ұнататын пайдаланушылардың немесе технологиялық энтузиастардың шағын тобына ғана ұнауы мүмкін. Осы орайда біз смартфонның «ешқандай пайдасы жоқ» деп бағаланған функцияларын оқырман назарына ұсынбақпыз.


144 Гц жаңарту жиілігі бар дисплей

Бірер жыл бұрын барлық смартфондарда стандартты 60 Гц кескінді жаңарту жылдамдығы болды. Содан кейін, 2019 жылы Onеeplus 7 Pro нарықта дебют жасап, содан бері мобильді құрылғы дисплейінің жарысы жалғасып келе жатыр. Алдымен 90 Гц жаңарту жиілігі бар экрандар жаңа стандартқа айналып, содан соң жиілік 120 Гц-ке дейін көтерілді. Бір қызығы, 120 герцтік дисплейі бар алғашқы смартфон нарықта 2017 жылы пайда болып қойған екен. Оның атауы Razer Phone болған.

Бастапқыда 120 Гц жаңарту жиілігі бар дисплейлер тек флагмандық сегментте қолжетімді болды. Бірақ біртіндеп басқа нарық нүктелерінде пайда бола бастады. Алайда, соған қарамастан адамның көзі жоғары жаңарту жылдамдығының арасындағы айырмашылықты әрең дегенде байқай алады.

Шындығында, 120 және 144 Гц жиіліктегі экрандар арасындағы айырмашылық көрінбейді. Оған қоса, көптеген заманауи қосымшалар экранның жоғары жиілігін әлі де қолдамайды. Ал, экрандар 90-нан 129 Гц-ке ауысқанда адамдар өзгешелікті оңай бағалай алатын.


Сымсыз қуаттау

Сымсыз қуаттау деген бұрыннан смартфон нарығындағы қарапайым құбылыс. Бастапқыда бұл функция жақсы идея болып көрінгенімен, іс жүзінде пайдаланушылар сымсыз қуаттау жұмысында қиындықтарға тап бола бастады. Мәселен, кейде смартфондар зарядтау платформасында біркелкі орнатылмай қалып, дұрыс қуатталмайды.

Сонымен қатар, сымсыз зарядтауды толығымен сымсыз деп атауға болмайды. Тіпті сымсыз технологияны пайдаланып, смартфонды тоқ көзіне бұрынғыдан да жақын жерде қуаттауға тура келеді. Сонымен қатар, смартфон сымсыз қуаттау платформасында болған кезде оны пайдалану өте қиын. Бұл да кәдімгі сымды қуаттаудан бір айырмашылығы.


Quad HD ажыратымдылығы бар экрандар

Қазір QHD экрандары мобильді индустрияда өте кең таралған. Дегенмен, бірнеше жыл бұрын тек флагмандық смартфондар ғана мұндай ажыратымдылықпен мақтана алатын. Себебі, мұндай экрандар айтарлықтай айқын және full HD+ ажыратымдылығы бар панельдерге қарағанда көбірек мәліметтерді көрсете алады.

Дегенмен, мұндай дисплейлердің кемшілігі де бар. Атап айтсақ, олар көбірек қуат тұтынатындықтан құрылғылардың автономиясына теріс әсер етеді. Бұл күні бойы бір реттік толық қуатпен жұмыс істейтін смартфонды қалайтын пайдаланушылар үшін маңызды фактор.

Сондай-ақ, тағы бір маңызды аспект – бейненің ажыратымдылығы экранның диагоналіне тура пропорционалды болуы керек. Смартфон экранының салыстырмалы түрде кішкентай өлшемі ол ұсынатын максималды ажыратымдылықты толық бағалауға мүмкіндік бермейді. Мысалы, 32 дюймдік теледидар экрандарында Full HD ажыратымдылығы мен Quad HD арасындағы айырмашылық айқын болады.


108 мегапиксельді камералар

Мегапиксельдердің көптігі камераның төмен ажыратымдылықтағы камераға қарағанда жақсы түсіретінін білдірмейді. Дегенмен смартфон өндірушілері дәл осы параметрге назар аударғанды ұнатады. Мәселен, нарықтағы бірнеше рет ең үздік деп танылған Google Pixel және iPhone смартфондарының камералары тіпті, кейбір орта деңгейлі смартфондарға қарағанда төмен.

Камераның жоғары ажыратымдылығы дайын фотосуреттердің ажыратымдылығын арттырады. Бұл сапаны жоғалтпай, кескіннің бөліктерін үлкейтуге және кесуге мүмкіндік береді. Рас, мұндай суреттердің салмағы өте көп. Егер сіз өзіңіздің фотосуреттеріңізді тек әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде бөлісетін болсаңыз, онда фотосуреттер кішірейіп, камераның жоғары ажыратымдылығымен қол жеткізілген максималды мәліметтер жоғалып кететінін есте сақтаңыз.


8K бейне түсіру

Көптен бері 4K-да бейне түсіру мүмкіндігі жақсы баға алып келе жатыр. Алғашқылардың бірі болып Samsung компаниясы бұл мүмкіндікті 2014 жылы Galaxy S5-ке енгізген. Мұндай 4K-мен түсірілген бейнелер көп жадты алады. Бірақ смартфондарға 8K түсірілімін енгізудің мүлдем пайдасы жоқ. Оның үстіне, барлық құрылғылар мұндай ажыратымдылықты қолдай бермейді.

Жалпы, смартфон иелерінің көпшілігі барлық жаңа мүмкіндіктерді пайдаланбайды. Олар хабар алмасу, қоңырау шалу және веб-серфинг сияқты негізгі мүмкіндіктерге көбірек қызығушылық танытады. Сондықтан смартфон өндірушілері өз өнімдерінің ыңғайлылығын арттыру үшін пайдаланушылардың нақты қажеттіліктері мен сұраныстарына сәйкес келетін шешімдерді ұсынуға назар аударғаны жөн.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


Инстаграмда БЛОКҚА ТҮСІП қалудан қалай САҚТАНУ керек?

Смартфон балаға қандай зиян тигізеді? Нақты зерттеу нәтижелері