САТЫЛЫМ БАСТАЛДЫ: Қазақстанда iPhone 15 қанша тұрады?

0
3 465

Елімізде көптен күткен смартфон сатыла бастады.


САТЫЛЫМ БАСТАЛДЫ: Қазақстанда iPhone 15 қанша тұрады?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Apple брендінің жанкүйерлері үшін күздің басты оқиғасы – компания өнімдерінің жаңа модельдерінің тұсаукесері болды. Тиісінше, бүкіл әлем iPhone және Apple Watch-тың жаңа модельдерін күтті. Осы ретте біз Қазақстанда су жаңа iPhone 15-ті қанша теңгеге сатып алуға болатынын зерттеп көрдік.


Мәселен, «Dynamic Island-пен» жабдықталған iPhone 15-тің сары, жасыл, көк, қара және қызғылт түстері мен 6,7 дюймдік iPhone 15 Plus бір жарым миллион теңгеп шамасында саудаланып жатыр, Ал, корпусы титанан жасалған, Action түймесі және революциялық A17 Pro процессоры бар iPhone 15 Pro мен iPhone 15 ProMax алдыңғы екеуінен ары кетсе 100 мың теңге арзанырақ.


Барлық модельдерге USB-C коннекторы орналастырылып, көптеген жаңартулар мен керемет мүмкіндіктерге ие болған.


Әзірге Apple компаниясының Қазақстандағы Apple Premium Partner мәртебесі бар ресми серіктесі брендтің жаңа маркаларын сатылымға шығарған жоқ. Дегенмен, интернет-дүкендерде жаңа iPhone 15 пайда болып қойған.

Ол дүкендерде жады 1 терабайтты құрайтын iPhone 15 Pro құны 1 млн. 480 мың теңге; жады 256 гегабайттық iPhone 15 Pro құны 1 млн. 390 мың теңге; жады 512 гегабайттық iPhone 15 ProMax 1 млн 470 мың теңге деп тұр.


Сондай-ақ, кейбір онлайн-дүкендерде жаңа iPhone 15-тің бірнеше ғана түрі бар. Мысалы, 256 геабайттық iPhone 15 Pro-ны 999 900 теңгеге сатып алуға болады. Одан бөлек, интернеттегі кейбір дүкендерде iPhone-ның жаңа брендтері әлі сатылмаса да, алдын ала бағалары көрсетілген.


Мысалы, 128 гегабайттық Apple iPhone 15 Pro смартфоны 792 018 теңге, 128 гегабайттық Apple iPhone 15 смартфонының көк түсі 628 141 теңге, 128 гегабайттық Apple iPhone 15 смартфонының қызғылт түсі 540 794 теңге, 128 гегабайттық Apple iPhone 15 Plus смартфоны 546 256 теңге тұрады.


Ал, АҚШ-тағы iPhone 15 бағасына тоқталар болсақ, базалық модель 799 (374 731 теңге) және Plus моделі 899 (421 631 теңге) Доллардан басталады. Яғни, бұл елде жаңа іPhone-ның бағасы еселеп қымбаттаған жоқ.


Осы ретте, Apple компаниясының мамандары жаңа смартфондар камерасында неге 10 есе масштабтау жоқ екенін түсіндіргенін айта кету керек. Компания өкілдері Джон Маккормак пен Максим Веронның айтуынша, жетілдірілген масштабтау көптеген флагмандық үлгілерде қолданылады. Мәселен, Samsung Galaxy S23 ultra-да. Өз кезегінде, корпорация өкілдері «жаңа құрылғыдағы оптикалық масштабтау бірнеше себептерге байланысты бес-ақ есе ұлғайтумен шектелген» деп жауап берді.


Сарапшылар сөзіне сүйенсек, 10 есе масштабтаумен сапалы фотосуреттер түсіру өте қиын екен. Фотосуреттер тұрақтандырудың болмауына байланысты бұлыңғыр болады. «Егер сіздің қолыңыз дірілдейтін болса немесе әлемдегі ең керемет штатив болмаса, оларды пайдалану өте қиын", — деп түсіндіреді компания.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Күзде ЖАНҒА "ЖЫЛУ" СЫЙЛАЙТЫН гаджеттер


Бұл гаджеттер технологияны ЖАҚСЫ КӨРМЕЙТІНДЕРГЕ де ұнайды Бұл гаджеттер технологияны ЖАҚСЫ КӨРМЕЙТІНДЕРГЕ де ұнайды