Бұл гаджеттер технологияны ЖАҚСЫ КӨРМЕЙТІНДЕРГЕ де ұнайды

0
556

Өміріңзді жеңілдеткіңіз келе ме?


Бұл гаджеттер технологияны ЖАҚСЫ КӨРМЕЙТІНДЕРГЕ де ұнайды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазір әлемде көптеген құрылғылар жасалуда. Бірақ, олардың барлығы бірдей күнделікті өмірде пайдалы болмайды. Осы ретте, оқырман үшін бір пайдасы тиеді ау деген құрылғыларды сұрыптап, назарға ұсынамыз.


«Ақылды» құлып

Бұл қоғамда «ақылды» құлыптан жақсы не болуы мүмкін? Ойланыңыз, егер сіз барлық есікке осындай құлып орнатсаңыз, үйді ойлап алаңдамайтын боласыз. Смартфонды алып, құлыптың жай-күйін тексерудің өзі жеткілікті шығар. Жетілдірілген үлгілер тіпті есікті қашықтан басқаруға да мүмкіндік береді.


Дәретханаға арналған «ақылды» орындық

Сіз осы уақытқа дейін нарықта осындай құрылғы бар екенін білдіңіз бе? Xiaomi Smart Toilet Cover гаджеті әр адамның өмірін өзгерте алады екен. Құрылғының қақпағы мен орындығы бірқалыпты көтеріледі және түседі. Сондай-ақ, Xiaomi Smart Toilet Cover тұтынушыларға жарықдиодты жарықтандыруды ұсынады.


«Ақылды розетка»

«Ақылды» префиксі бар розеткалар, шамдар мен термостаттар үй ішінде қозғалу әрекетін едәуір азайтуға қабілетті. Себебі, олар дауыспен қосылып, өшеді, жарықтандыруды автоматты түрде реттейді және ең бастысы – әр қадам сайын электр желісіне қосылу мүмкіндігі болады. Үйдегі жайлылықты арттыру үшін тағы не қажет?


Керемет саптыаяқ

Сусын саптыаяғын кездейсоқ құлатып көрдіңіз бе? Ия, әрине, кез келген адам мұндай жағдайға бірнеше рет кездескен деп ойлаймыз. Ал, жақында Xiaomi компаниясы бұл мәселенің шешімін тауып, өздерінің аударылмайтын ыдысын таныстырды. Нағыз ғажайып, таптырмас құрылғы.


Хромкаст

Теледидарды алыстан басқарғыңыз келсе, онда осындай гизмоны сатып алу туралы ойлануыңыз керек. Теледидарға HDMI кабелі арқылы қосылатын бұл құрылғы көгілдір жәшікті дауыспен басқаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, экрандағы суреттер мен видеоны смартфонға, планшетке немесе ноутбукке жіберуге болады. Гаджеттің анағұрлым жетілдірілген аналогтары бар. Бірақ, қызмет сапасында айтарлықтай ерекшелік болмайды.


«Ақылды» қоқыс жәшігі

ХХІ ғасырда қоқыс жәшігі сияқты ұсақ-түйек нәрсе де жасанды интеллектпен жабдықталып, адам күшін «өлтіріп» жатыр. Дегенмен, бұл «ақылды» қоқыс жәшіктері күнді жағымды өткізуге көмектесе алады. Нақтырақ айтсақ, шелектің өзі қалдықтарды орап, тығыздайды, себетті ауыстырады, тіпті жағымсыз иісті азайтады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Біздің ӨМІРІМІЗДІ ӨЗГЕРТІП ЖІБЕРЕТІН жаңа гаджеттер пайда болды


Күзде ЖАНҒА "ЖЫЛУ" СЫЙЛАЙТЫН гаджеттер