УАҚЫТ ТЕЗ ӨТІП ЖАТҚАНДАЙ: Смартфон адам өмірін ҚАЛАЙ БҰЗАДЫ?

0
4 728

Осыған дейін телефонның зияны жайлы ойланып көрдіңіз бе?


УАҚЫТ ТЕЗ ӨТІП ЖАТҚАНДАЙ: Смартфон адам өмірін ҚАЛАЙ БҰЗАДЫ?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүгінгі таңда әрбір ересек адамда, тіпті балалардың өзінде смартфон бар. Көптеген адам бұл құрылғыларсыз өмір сүре алмайтындай жағдайға жеткен. Бірақ, барлығы бірдей бұл гаджеттің зиянды тұстарын біле бермейді.


1. Бұзылған ұйқы

Біздің көпшілігіміз қазір ұйықтар алдында телефонды алып, жаңалықтарды, электрондық поштаны, әлеуметтік желілерді бір шолып шығамыз. Бұл қосымшалардың барлығы біздің ұйқымызды ұрлайды. Таңертең оянғанда да осы әдеттен арыла алмаймыз. Себебі, қазір кей адамдар өздеріне пайдасыз ақпараттарға, ойын-сауыққа уақыт құртқанды жөн көретіндей. Бірақ бұл смартфон ұйқыға ғана зиянын тиігізіп қоймайды. Яғни экраннан шыққан көгілдір жарық мелатонинді тежеп, миды ынталандыруы мүмкін. Бұл адамның шаршамауына және ұйықтар алдында смартфонды одан да көп уақыт бойы пайдалануына әкеледі. Телефонды бір жаққа қойған кезде де, барлық жинақталған адреналин немесе стресс мидың жұмысының жоғарылауына соқтырып, нәтижесінде ұйқы келмей қалады. Ақыр соңында, жай ғана жату іш пыстырып, телефонға тәуелділікті одан сайын арттыра бересіз.


2. Жақын адамдар назар аударғысы келмейді

Бұл құбылыс фаббинг деп аталды. Жақындарымызбен романтикалық қарым-қатынас орнатудың орнына үнемі смартфонға назар аударуды әдетке айналдыру – үлкен мәселе. Негізі смартфондар адамдарды біріктіріп, әлемді байланыстыруы керек еді. Бірақ кейде олар адамдардың арасын суытып жатады. Сізге жаныңыздағы жақын адамыңызға мүлдем назар аудармай, әлемнің арғы жағындағы әріптестеріңізбен немесе достарыңызбен қарым-қатынас жасау ұнай ма? Олай болса, жаныңыздағы адамдарға мұның ұнамайтыны анық. Егер сіз қарым-қатынастағы адамдарға лайықты уақыт пен көңіл бөлмесеңіз, олар әділетті түрде бұған қанағаттанбайды. Ақыр соңында смартфонға жақын адамдарды сол құрылғысымен қалдырып, байланысын үзе бастайды.


3. Адамдар сөйлесуді ұмытып кетті

Бір кездері барлық адам бір-бірін бетпе-бет көріп араласқан. Олар осылай-ақ өзара тығыз қарым-қатынас орната алған. Уақыт өте келе технология, электрондық пошта, мәтіндік хабарламалар немесе әлеуметтік желілер сөйлесудің делдалына айналды. Сондықтан қазір көптеген жағдайларда адамдар бір-бірімен тікелей байланыспайды. Ал бұл мақсатта тексмартфондарды пайдалану жалғыздық пен ұялшақтықтың қалыптасуына әкелді. Қытайлық студенттерінің зерттеуі көрсеткендей, адам қаншалықты жалғыз және ұялшақ болса, соғұрлым оның смартфонға тәуелді болу ықтималдығы жоғары болады екен.


4. Жоғалған пайда синдромы

Бүгінде «жоғалған пайда синдромы» сияқты фобия дамыды. Негізінен, бұл біреудің адамдардың жаңа, қызықты нәрсе істеп жатқанын немесе алғанын көргенде пайда болады. Бұл адамды қоздырады және ол да солай болғанын қалайды. Дәл қазір осылай жасамаса, бұл мүмкіндік жоғалады деп қорқады. Мұндай алаңдаушылық пайдасы жоқ нәрсенің өзін сатып алу үшін қарызға кіруге итермелеуі мүмкін.

Қазіргі уақытта цифрлық технологиялар смартфондар арқылы адамдарға үнемі жаңа «жылтыр заттарды» жарнамалайды. Тиісінше сол заттарды шығаратын компаниялар да өз тауарларын сату үшін «жоғалған пайда синдромын» тудырудың барлық тәсілдерін игеруде. Түптің түбінде мұның бәрі қажетсіз заттарға шығындалуға әкелуі мүмкін. Содан кейін де адам келесі керемет нәрсені көргенде депрессияны сезінеді, бірақ оны сатып алу үшін жеткілікті ақша таба алмайтынын түсінеді.


5. Үйдегі ең қымбат нәрсе

Адамдар бастапқыда ұялы телефонды тек қоңырау шалу үшін сатып алып, оны жылдар бойы пайдаланып келді. Ал қазір жаңа гаджеттер бір-бірімен жарысып, көптеген функцияларды ұсынып жатыр. Сәйкесінше телефонның бағасы да шарықтап бара жатыр. Мәселен, Солтүстік Америкада бір смартфонның орташа бағасы 567 долларды құрайды. Сондай-ақ, телефонды қорғау үшін сақтандыру, қуаттағыштар және ақылы қосымшалар қажет екенін ұмытпаңыз. Телефонның бағасы жылына шамамен 12 пайызға өседі. 2008 жылы iPhone 499 долларға, ал 2018 жылдың соңында XS Max 1099 долларға сатылды. Егер бағалар осылай өсе берсе, 20 жылдан кейін iPhone 5000 доллардан асады.


6. Адамдар деректерді есте сақтауды тоқтатты

Мәселен, қазір бір сұраққа жауап бере алмасаңыз, интернеттен іздей саласыз. Ал ол сұрақ өтіп кеткесін жаңағы дерек ойдан мүлдем өшіп қалады. Ал бұрын кез-келген сұраққа жауап табу үшін күш салу керек болатын: маман табу, кітапханаға бару және кітап оқу немесе эксперимент арқылы білу. Демек, оңай келген ақпарат ойдан да оңай шығып кетеді деген сөз.


7. Телефон қолдана алмаудан қорқу

Қазір жаңадан пайда болған жағдайлардың тағы бірі – номофобия. Ол телефон қуатының таусылуы, байланыстың болмауы немесе телефонды таппай қалу жағдайларында туындайды. Яғни, телефонды қолдана алмаудан қорқу. Себебі, қазіргі смартфондар көптеген мүмкіндік сылап, біршама кедергілерді жояды. Негізі бұл үлкен проблемаға айналады. Мәселен, сауалнамаға қатысқан американдық жасөспірімдердің отыз сегіз пайызы смартфонсыз бір күн де өмір сүре алмайтынын айтқан екен.


8. Уақыт жетіспеушілігі

Қазір әр адам кем дегенде, уақыт жетіспейтінін сезетін шығар. Әлем мен уақыт тез өтіп жатқан сияқты болады. Енді әркім өзінің смартфонын күніне қанша рет қолданатынын есептесін. Әрине, нәтижесі таң қалдырады. Бүгінде адамдардың асым бөлігі смартфондарына тәуелді бола бастаған. Соның салдарынан адамдар миында пайда болатын допаминнің микродозаларын алады. Бұл адамды қуантады және телефонға қайта-қайта оралуға мәжбүр етеді. Допаминнің осы дозаларын іздеу барысында адамдар телефонға өзі ойлағаннан әлдеқайда көп уақыт жұмсайды. Сосын телефоннан басқасының бәріне уақыт жетпей қалады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Қандай смартфон аларыңызды БІЛМЕЙ ЖҮРСІЗ БЕ?


Бұл гаджеттер ҮЙДІ ТАЗАЛАУҒА көмектеседі